Ноғаев: Мен ешкімді алдаған жоқпын

1866
16
Бөлісу:

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап бере отырып, жер мәселесі бойынша өткен жылы Атырауда митингке шыққан халықты алдамағанын, өз сөзінде тұрғанын айтты.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазады.

“Cіз жер митингісіне қатысқандардың алдына шыққан кезде белсенділер қудаланбайды деп айтқан едіңіз. Бірақ біз білетіндей, екеуі Макс Боқаев пен Талғат Аян сотталды. Сіз саналы түрде оларды алдадыңыз ба, әлде шын мәнінде белсенділерді жазалауға болмайды деп санайсыз ба?”, — деп сұрақ қойды журналистердің бірі Атырау облысы әкімінің баспасөз мәслихатында.

“Мен ешкімді алдаған жоқпын деп есептеймін. Мен митинг қорытындысы бойынша ешкім қудаланбайды деп айттым. Солай болды. Оларды (Макс Боқаев пен Талғат Аян – ред.) өзге істер бойынша жауапқа тартты. Тоқтар Төлешовқа қатысты іс бойынша, мұның барлығы бұқаралық ақпарат құралдарында айтылып, жазылды. Атырауда 24 сәуірде болған митинг қорытындысы бойынша ешқандай санкциялар қолданылған жоқ”, — деп жауап берді Ноғаев.

Ол қазіргі уақытта өңірде бәрі тыныш екенін айтты.

“Жер мәселесі ылғи өткір тұрады. Өйткені қазақтар өз болашағын жермен байланыстырады, жер негізгі қор болып табылады. Елімізде, облыста жер ауыл шаруашылығы өнімдерін алуға пайдаланылады. Мен өз баяндамамда өзге облыстармен салыстырғанда біздің жер аса құнарлы болмаса да, атыраулықтар жерді өңдейді, алдағы уақытта егін салатын жерлерді кеңейтуге мүмкіндік бар екенін айттым”, — деп қосты облыс басшысы.

Еске сала кетсек, былтыр елімізде жер дауы туындап, халық біраз дүрліккен болатын. Ел азаматтары жер кодексіне енгізілген бірнеше өзгеріске, атап айтқанда ауылшаруашылығы мақсатындағы жерді қазақстандықтарға сату және шетелдіктерге жалға беру мерзімін ұзартуға қарсылық танытып, бірнеше өңірде шеру де өтті. Осыдан кейін президент жер кодексіндегі бұл өзгерістердің күшіне енуіне мораторий жариялап, жер реформасы жөніндегі комиссия құруды тапсырды. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев, кейін оның орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов төрағалық еткен, құрамына жетпістен астам адам кірген комиссия жаз бойы жұмыс істеді. Оның жұмысының қорытындысы бойынша маңызды ұсыныстар әзірленіп, заң жобасы әзірленді.

Комиссияның ұсынысы бойынша Қазақстан президенті қолданыстағы мораторийдің мерзімін 5 жылға, яғни 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартты.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 16 пікір жазылған

  1. Ресми хабар 20 Қазан, 2017 22:40 Жауап

    Мырза Ноғаевтың сөзінде, шынын айтсақ, заңды түрде шындық жоқ болып тұр. Мәселе Төлешовта емес. Сот үкімінде Төлешевтің аты да жоқ. Төлешев деген фигурант сот басында ғана сот жағдайын үдіктіру үшін ғана керек болған. Сот ортасына таман Төлешев туралы сөз болған жоқ, өйткені оның активистерге спонсорлық көмек ретінде қаражат бергені дәлелденсе де – ол ешқандай қылмыс әрекетіне жатпайтыны белгілі болатын. Бокаев және Аян ісінің сарапшылар сараптамасы (экспертиза) мынау:
    Активистов Макса Бокаева и Талгата Аяна должны были оправдать. Земельный митинг способствал тому, чтобы власть вовремя отступила от опрометчивых шагов. Иначе последствия были бы непредсказуемы. Потом гражданским активистам, вопреки логике и разуму, предъявили странные обвинения. Перечислим их:
    1. По ч. 2 ст. 174 УК РК (возбуждение социальной розни). Если бы активисты провоцировали социальные неурядицы и столкновения, то можно было бы применить эту статью. Но они просто организовывали работу оппозиционеров и вели её. А что бы случилось, если бы не было митинга вообще? Землю продавали бы молчком до тех пор, пока это не стало бы известно народу. И тогда народ поднялся бы и без организаторов. И что бы тогда случилось? Начались бы массовые беспорядки, потому что власть, влезшая к китайцам в долги, отступать не захотела бы. Надо бы быть благодарными гражданским активистам за то, что они остановили Акорду от дальнейших опрометчивых шагов. За такое не судят, а почести воздают на государственном уровне. Применение данной статьи Уголовного кодекса неправомерно. В возбуждении социальной розни была виновата сама власть.
    2. По ч.4 ст. 274 (распространение заведомо ложной информации). Сведения, о которых говорили гражданские активисты в Сети, подтвердились. Землю в действительности собирались предоставлять в долгосрочную аренду китайцам. Распространения заведомо ложной информации и лжи не было. Состав преступления по данной статье Уголовного кодекса тут тоже отсутствует. Лгала и обманывала народ сама власть.
    3. По ст. 400 (нарушение порядка организации и проведения собраний, митингов, пикетов…). Митинг был мирный. На нём эксцессов не наблюдалось. А то, что он был несанкционированный – это не уголовноое правонарушение. Дело вот в чем. Митинги разрешены Коституцией и законами страны. Но власть в одно время решениями администраций городов запретила проведение митингов без разрешения властей. Соответственно, нарушение данного положения – это не уголовное, а административное правонарушение. Следовательно, дело несанкционированного митинга Бокаева и Аяна должно было рассматриваться судом по гражданским делам и ограничиться штрафом, всего лишь.
    Господин Ногаев, где тут Тулешов? Его тут нет, и быть не могло.
    Все обвинения по статьям Уголовного кодекса лишены правовой основы.
    Но на городском суде в Атырау все обставили так, что Бокаев и Аян во всех грехах властей оказались виноваты. Их осудили так, словно они сидели наверху и управляли страной.
    Следовательно, адвокатская защита и сам аким Ногаев должны добиться пересмотра дела Бокаева и Аяна и вынесения по отношению к ним оправдательного приговора.
    Иначе суд этот останется пятном в истории молодого Казахстана.

  2. санат 20 Қазан, 2017 23:28 Жауап

    ноғаевтар қалай сөз айта алады ұры көкесі халық көтерілсе тақтан құлайды сол үшін қорықан бұрын жұдырықтайды деп оларды жазалауда. бірақ кейін ұрыны емес осы екі азамат халық батыры болады.

  3. Қолқоюсыз 21 Қазан, 2017 00:19 Жауап

    бұлар келешекте Қазақ тарихына билікте болып, Қазақ Елінде 2016 жылдың сәуір мен мамыр айларындағы халықтың ұрылар мен сатқындардан Қазақ жерін сатудан және талан-таражға салудан азат ету үшін көтерілісі кезінде жерді қорғай алмағандар тізіміне кіріп, бейбіт кезде 2016 жылдың ұлттық азаттық күресінің байрағымен көш бастай алмағандар ретінде жауларға теңеледі

  4. Қолқоюсыз 21 Қазан, 2017 00:33 Жауап

    Макс пен Талгат Қазақтың 100 Жаңа Есімдер қатарына кіру керек, 16 желтоқсанда оларға қазақ батырлары деген атақ берілу керек

  5. Қолқоюсыз 21 Қазан, 2017 00:37 Жауап

    2016 жылдың 24 сәуірі – Азаттық күн болып саналуы керек. Айналайын, Атыраудан, сондықтан осы күнді мәңгілік тарихқа енгізу үшін Атырауда 2016 жыл Қазақ Жерінің Азаттық күні деген монумент немесе стелла орнату керек, биліктегілер жарылып өлсін осындай ақиқаттан

  6. Түңілген 21 Қазан, 2017 01:49 Жауап

    Жалғыз Ногаев мемлекеттік машинаның маховигін тоқтатуға еш қауһары жетпеді ғой. Егер, ол авторитарлық жүйеге әсер етуге тырысса оның өзі қазір түрмеде отырған болар еді. Оның пайдасы түрмеде отырғаннан гөрі әкім болып жүргенде көбірек болады. Бірақ, ол ешкімнен қорықпастан алаңға жиналғандардың ортасына биліктің ресми өкілі ретінде барып, митингтің жариялығы мен мәнінің үлкейуіне себеп болды. Демократиялық ел болғанда Ноғаев жақсы, мықты басшылырдың бірі болар еді.

  7. Қолқоюсыз 21 Қазан, 2017 07:36 Жауап

    Артық кетдіңіз ғой ешкімнен қорықпастан деп, бұлар ешқашан мықты да күшті басшы болған жоқ, бола алмайды да, себебі жерді елді қорғай алмағандар, өздерінің тағы мен қара бастарының қамын ойлағандар болып саналады. Халық болмағанда Макс пен Аян болмағанда, бүгін не болар едік, ЖАСАСЫН АТЫРАУ, 5 ЖЫЛҒА БОЛСА ДА ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕРІН ЖАУЛАРДАН ҚОРҒАН ҚАЛҒАН

  8. жәнібек 22 Қазан, 2017 22:20 Жауап

    біздің сорлы осдп-партиясы, сатылған ақжол партиясы қолдарынан түк келмесе де партия болып жүр. қарапайым екі жігіт осылардың 25-жылда бітірмеген іс бірақ күнде тындырып бес жылға сотталып кетті. сонда халыққа бұл партиялардан соқыр тиын пайда жоқ деп тарату керек не нұр отарға қосылсын бәрі-бір солардың сойылын соғып жүр.

  9. Талғат 23 Қазан, 2017 07:25 Жауап

    Ноғаев мырза, халықтың атынан ұсыныс 2016 жылдың 24 сәуірі – Азаттық күн болып саналуы керек және Атыраудың қақ төрінде қазақтың ұлттық азаттық көтерілісіне арналған ескерткіш орнату керек, қалай қарайсыз. Ал Макс пен Аянға Ноғаевтардың заманы өткеннен кейін Атырау, Алматы, Аснанада міндетті түрде ескерткіш орнатылып, Қазақтың Батырлары ретінде Қазақ тарихына кіреді, Ең бастысы олар қазақтың Жерін сақтап қалған азаматтар.

  10. Қолқоюсыз 23 Қазан, 2017 23:22 Жауап

    МАКС ПЕН АЯНДЫ БИЛІК ҚОРЫҚҚАНЫНАН ТҮРМЕГЕ ҚАМАДЫ, СЕБЕБІ БИЛІК БІЛЕДІ ӨЗДЕРІ ҚЫЛМЫС ЖАСАП ОТЫР ҒОЙ, АЛ ЖАУЛАРДАН ҚОРҒАП ҚАЛҒАН ЖЕР КӨТЕРІЛІСІНЕН КЕЙІН МАКС ПЕН АЯН БИЛІКТІ СОТҚА БЕРІП, МАСКАЛАРЫН ШЕШКІЗІП, МАСҚАРАСЫН ШЫҒАРАР ЕДІ, СОНДЫҚТАН ЖІГІТТЕРДІ ТҮРМЕГЕ ҚАМАУ ПАЙДАЛЫ БОЛЫП ТҰР ӨЗДЕРІНЕ.

  11. Қолқоюсыз 27 Қазан, 2017 01:57 Жауап

    мақала авторы кім, не мақсат көздейді. түсініксіз. Н.Ноғаев дұрыс әкім.

  12. еділ қаған 27 Қазан, 2017 02:09 Жауап

    Нұрлан Ноғаев қолынан келгенінше ел үшін абыройлы істер атқарып жатыр. Қиын кезде де халық ортасында болды. Өткен іс үшін оны кінәлаудың қажеті жоқ. Нағыз қазақ жанды, ұлттық кадр. Соңғы кезде батыс өлке әкімдеріне болмашы сылтау, ілік тауып (Б.Сапарбаев, Н.Ноғаев, т.т.) әлеуметтік желіде тиісудің артында кімдер тұрғанын білуіміз керек. Бұл жарасымсыз қылық, олардың атқарып жатқан жақсы істерін неге көрмеске.

Пікір немесе жауап жазу

9 + бес =