ТІЛІН ҚОРҒАҒАН РУЗА БЕЙСЕНБАЙТЕГІНІҢ ОРНЫНА МЕНІ СОТТАҢЫЗДАР – Өмірзақ Ақжігіт

1876
14
Бөлісу:

 

ҚР Жоғары Сот Төрағасы  Қайрат МӘМИ  мырзаға

 

 

АШЫҚ ХАТ

…Ертеде Әзірейіл бүгінгідей емес, адам жанын аларда алдымен ескертеді екен. Сол әдетімен ол он үш жасар бір балаға да келіп: «Ертең осы уақытта жаныңды аламын» депті. Бала әке-шешесімен, бірге туған бауырларымен, достарымен тегіс қоштасыпты. Ертесіне Әзірейіл келгенде баланың бір досы Әзірейілге:»Бұл бала менің досым. Мен одан бір жас үлкенмін. Мен өмірдің қызығын бір жыл болса да одан көбірек көрдім. Досымның орнына менің жанымды ал» депті. Оған дейін бір де бір адам Әзірейілге ондай өтініш айтпаған екен. Не істерін білмеген ол ұшып Аллаға барыпты. Алла-Таағала екеуінің де жанын өздеріне қалдыр депті…

Ресми хатта аңызды неге жазып отыр демеңіздер. Біздің биліктегі мырзалардан бәрін күтуге болатынын бәріміз білеміз. Алысқа бармай-ақ, қазақтың жерін шетелдіктерге сатудан қорғаған атыраулық екі патриот азаматтың ешқандай қисынға келмейтін айыптар негізінде сотталып кеткенін еске алсақ та жетеді. Ал, бүгін дәл сол секілді қазақтың тағы бір патриоты павлодарлық Руза Бейсенбайтегін қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай болуын талап еткені үшін соттауға дайындық қатты жүріп жатыр. Мен Рузадан біраз жас үлкенмін. Егер Рузаны соттай қалса, оның орнына мені апарып жатқызуларын алдын-ала өтінемін. Ол өтінішім іске асуы үшін сіздерден заң түрінде немесе жарлық түрінде болса да еліміздің кез келген азаматы өзге бір азаматтың кінәсіздігіне сенген жағдайда өз еркімен әлгі адамның айыбын мойнын алуға болатынын жеделдете заңдастырып берулеріңізді сұраймын.

Жемқорларды да қазынадан жымқырғанын қайтарса соттамайтын етіп қойған жоқпыз ба? Сондықтан менің әділетсіздіктің алдын-алуға бағытталған бұл өтінішімді орындау аса бір үлкен қиындық тудыра қояды деп ойлаймын. Есесіне кінәсіз адал жандарды жазықсыз зардап шегуден құтқару әдісі табылады.

Өмірзақ Ақжігіт,

Қазақ үні

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 14 пікір жазылған

  1. Дүр 20 Қазан, 2017 19:03 Жауап

    Масқараның үлкені осы!қоғамда адамдарды өз ұлтының заңды тараптарын сұрағаны үшін яғни талап еткені үшін сотқа тарту не сұмдық?

  2. Асик 20 Қазан, 2017 21:14 Жауап

    Барiн занга тартса не болады.Оданда УКIМЕТТIН Акшасын жеп отырган шенеулiктердi неге соттамайды.

  3. Руза 20 Қазан, 2017 21:25 Жауап

    Алла жарылқығыр, қосағыңызбен қоса ағарғыр асыл азамат Өмеке! Ризашылығымды білдіруге сөзім де жетпей отыр! Ойланбастан, порталға қойған, тілі десе өре тұра келетін Қазеке бауырымның өзіне тартқан текті ұжымы!

  4. Ғаббас Қабышұлы 20 Қазан, 2017 23:51 Жауап

    Ай, Өмке-ай… ой-өтінішіңіз, хат-талабыңыз өте орынды, құптаймын, бірақ біздің сот, өзіңіз мысал келтіріп отырғандай, жазықсызды түрмеге қамай салуға үкімін алдын ала дайындап отырады ғой, әрине, жоғарыдағы қожайындарының нұсқауымен. Өз басым «тәуелсіз» сотымызға 2002-жылы-ақ сенуді қойғанмын, өкінішке қарай, қателеспедім. Премьер-министр Қ.Тоқаев: «Или- Я! Или – они!» деумен «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысын талқандап (талқандаттырған соң), сот бір басшысы Ғалымжан Жақияновты «мемлекетке 2 миллион теңге зиян келтіргені үшін» (сот үкімінде «ішіп-жеп қойды» дегендей 1 сөз жоқ) 7 жылға түрмеге кескенде, ал Теміржол министрі А.Мырзахметовке, үкімде айтылғанғай, «3,2 миллиард теңгені талан-таражға салғаны үшін» 5 жыл шартты жаза беріп, сот залында бостандыққа шығарғанда-ақ бізге әділеттіліктің ауылы тым алыс екені анық болған. Биліктің қолбаласындай сот сол «дәстүрімен» Рузаны неше жылға соттауға тиіс екендеріне нұсқау күтіп отырған шығар. Жас демократиясы жөргегінде тұншықтырылған елде әділеттілік болуы мүмкін емес!

  5. Түңілген 20 Қазан, 2017 23:52 Жауап

    Әділдік үшін күрескендерді айдалада, тіпті өз үйлерінде иттерді атқандай атып тастаған, ақадал еңбегін сүрағандарды ашықтан-ашық автоматпен қырған, жерін қорғағандарды ұзақ жылдарға түрмеге тыққан, тілін қорғағандарды соттаған Назарбаев қазақ тарихында ең білімсіз, ең әділетсіз, ең қорқақ, ең қандықол, ең озбыр, өз елін сатқан, тонаған, ең жебір және қазақ ұлтының №1-ші жауы болған президент ретінде тарихта қалатыны анық.

  6. маңғыстаулық 21 Қазан, 2017 00:51 Жауап

    мақаланың тақырыбын оқымадым ағайындар өмеке соталылып не қыласың оданда руза апаны тіл үшін сотап жатқан судияның үиін жаып жіберген жақсы ал пікір қылмыс болса оғанда разы мын

  7. Қолқоюсыз 21 Қазан, 2017 07:48 Жауап

    павлдардың орыстары құтырып қуанатын болды ау сорлылар біздер үшін біздің жəйіміз үшін өз халқын соттады деп мəз мəйрам болар ау.дұшпанға таба қылған сот қой бұ.

  8. Аиболат 22 Қазан, 2017 13:09 Жауап

    Негизи солтустикке казактарды коширу керек ,онтустикте негизинен шолейтти жерлер шуйгин жерлерде орыс диаспорасы отыр ,2-ши маселе алдагы 5 жылда калалардын атын озгерту керек 3 маселе орыс импершил халык ызаландырып алмай алдап- сулап iстеу керек ,украйнаны, грузияны не истегенин корип отырмыз,ресеймен созып ойнауымыз керек (игра вдолгую)негизи Накеннин солтустикке бирден тииспеуи стратегиялык жагынанда,табигат заныменде дурыс,орыстар жайлап кетип жатыр ,тумайтын халык,сосын казак барып жатыр жай болсада,тагы айта кететин жайт орыс азия жагында оте оз территориясын арен устап отыр !тилдин маселеси шешиледи ,тек миграция керек !

  9. Шаяхмет Бұрқанұлы. 22 Қазан, 2017 17:43 Жауап

    ҚР-да паспорт,жеке куәліктегі аты жөніңізге қараңыз.Сіз қазақсызба? Әкеңіздің атына (-ұлы):(-қызы)-н қосыппа? Жоқ. Сіз қазақсызба? Онда орыстың «фамилиясы» неге тұр? Ол аруақ қой.Қазақ атасының атын,аруақты атамақ тұрғой сыйлаған.Сізді біреу боқтаса-сізді емес аруақты-сіз екен-деп боқтайды ғой.Сіз өз атыңызбен жүрсізбе? Онда ойланып, орыстану дұрыспа-теріспе? Өзіңізге өзіңіз жауап беріңіз. Бұл орыстану сауатсыздық,надандық. Ол И.Сталиннің Указы бойынша қазаққа пайда болған.Бұрын қазақ фамилияны білмеген.Ол біздің дәстүр,салт,мәдениетімізге қайшы келеді.Ол дінсіздерге тән екенін түсініп,білесізбе? Ойланыңыз. Сіз қазақсызба? Фамилиядан бас тартуға тиіссіз!

  10. Үміт 22 Қазан, 2017 22:26 Жауап

    Рузаны не үшін соттамақшы бүкіл қалық болып араша түсейік соттатуға жол бермейік білікті адвокат қазақ тың азаматтары бар емеспе

  11. Аиболат 23 Қазан, 2017 16:54 Жауап

    Солустик уакытша орыстанган жерго шырактарым ,казакыланады корыкпаныздар,Актобени калай казакыландырдык ,бала кунимде калада орыс коп болды ,биринши апам келди ,сосын биз келдик,артынша иним карындасым келди ,жер алдык ,уй салдык жумыска кирдик ,сойтип уйлендик казалынын кызына уйлендим балалы болдык казакы тарбие коргенбиз арине оз анамнын тилинде сойлеймиз, сойтип каланын ар жерине шашырап коныстандык ,мындаган казак осылай орналасуда.ал орекендер коз алдымда азайып орынборга,маскеуге кошип жатыр,калгандары казакша сойлесембе деп ойлай бастады ,мине осылай курттайда болса орыстанган солтустигимизди казакылануына улес косып жатырмыз ,оган путин де жириновскии де кедерги бола алмайды, бул Алланын колдауы бауырларым !

  12. Ca-Sak 24 Қазан, 2017 20:21 Жауап

    Тусінбедім. Руза ханымга қазақ мемлекеттегі қызметкерлер не істемек? Сонымен не болды? Кімге қолын көтерейын деді? Кім ол?

Пікір немесе жауап жазу

4 + 5 =