ҚАЗАҚСТАН ҚЫТАЙҒА ГАЗ ЭКСПОРТЫН БАСТАДЫ

846
3
Бөлісу:

Қазақстандық көгілдір отынды «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырынан «Орталық Азия-Қытай» трансұлттық газ құбырына жіберу салтанатты рәсімі Астанадағы газ операторының бірыңғай диспетчерлік орталығында болып өтті.

Рәсімге ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ вице-президенті Қайрат Шәріпбаев, «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры Рустам Сулейманов қатысты. Шымкент қаласы маңында орналасқан «Ақбұлақ» газ өлшеу стансасымен онлайн байланыс арқылы өткен рәсім кезінде қазақстандық газды экспортқа жіберу жүзеге асырылды. Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының арасында 5 млрд. текше метр қазақстандық газды экспорттау туралы тарихи келісімшартқа қол қойылған-ды. Қазақстан аумағындағы табиғи газды экспорттау маршруты 3 мың шақырымды құрайды, тасымалдау процессіне 10-нан астам компрессорлық станса жұмылдырылған. Қытайға газ экспорттаудан қазақстандық компаниялар 1 млрд. долларға жуық пайда табады.

Сая ЕРМЕКОВА,
Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 2-курс студенті

qazaquni.kz

 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 3 пікір жазылған

  1. Қолқоюсыз 20 Қазан, 2017 16:38 Жауап

    Мунаиды 28жыл сорып келеди,бирак паидасын халык корген жок! Енди газды сорганнан Кытаи гана ырза болып жаткан шыгар,биздин белгили Топтарды коспаганда! О Танирим! Каидасын?

  2. Қолқоюсыз 21 Қазан, 2017 18:50 Жауап

    комирмен омирсурген Астананын куны-бир тиын! Халыкты сорып,букил региондарды сорып,ози ушин салган кытаи,туриктер ,мал мен тен индустар салган кала каргыс атсын!

Пікір немесе жауап жазу

17 − он бес =