Жақсалиев: Бензин бағасы 165 теңге деңгейінде болады

875
1
Бөлісу:

Картинки по запросу бензин қымбаттады

Қазақстанның энергетика министрінің орынбасары Бақытжан Жақсалиев АИ-92 бензині бағасына болжам жасады. Бұл туралы sputniknews.kz хабарлады.

«Қазіргі таңда «ҚазМұнайГаз»нарыққа бензиннің жеткізілуін тұрақтандыру мақсатында РФ нарығынан қажетті мөлшерді сатып алды. Әлбетте, ондағы баға ҚР салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Сол себепті «ҚазМұнайГаз» үлкен шығынға ұшырайды. Бұл шығындар толығымен өтелмесе де, бензин бағасы біраз артатынын айта кеткеніміз жөн. 165 теңге деңгейінде болады деп ойлаймыз. Дағдарыс төмендеп, кейін мүлдем жойылған кезде, ұсыныс көбейіп, нәтижесінде баға түседі», — деді Жақсалиев бейсенбі күні сенатта.

Оның айтуынша, халық пен ел экономикасын мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуге министрлік «үнемі басын қатырады».

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

1 пікір жазылған

  1. Қалеке 20 Қазан, 2017 22:38 Жауап

    Мұнай өңдеу өнеркәсібін құру туралы мемлекеттік кешенді жоспар жасалуы тиіс,орынбасарларды орнынаналғанмен іс бітпейді…

Пікір немесе жауап жазу

9 − жеті =