"Аманаттықтар" академиялық концерт өткізді

15-қазан Сәуле Жанпейісова жетекшілік ететін "Аманат" өнер орталығының ашылған күні! Бүгін Алматы мен Астана қалаларында орталығымыздың құрылғанына 1 жыл толуына орай шәкірттеріміздің академиялық концертті өтті. Бұл алда 1-4 қараша күндері Алматыда өтетін I Халықаралық "AMANAT music" конкурс-фестиваліне дайындық болатын. Дәстүрлі ән, жыр-терме номинациясы бойынша Абайқызы Малика, Аңсаған Ақниет, Ештай Айдана,  Дарханқызы Дария, Файзулла Елдана, Досмағанбетқызы Шұғыла, Бектай Шыңғыс, Бектай Шыңғыс, Шаймардан Перизат, Әділханов Бекарыс, Аманжол Мадина, Аман Мұстафалар өнер көрсетті. Халық аспаптары номинациясы бойынша Тәуекел Зейнеп, Ғалымжан Исатай, Жусупбеков Бейбарыс, Ерғали Аслан,Сақыпжан Аймина, Сәбитбек Әбурахман, Дәулет Мейрам, Ғазиз Нұрмұхамед, Досмұхамедұлы Мирас, Сұлтанбек Нұрәлем, Ғазиз  Дінмұхамед, Айқынбаева Әсем, Ғалымжан Махамбеттер өз өнерлерін ортаға салды. Эстрадалық вокал номинациясы бойынша Шархан Алина, Еркін Зере, Зейнелхан Бақтияр,  Файзолла Елдана, Тохтахунова Гюзаль, Ештай Айдана, Өмірәлі Шыңғыс, Тұрсын Елмұрат, Тауасар Мақсат сынды өнерпаздар ән шырқады. qazaquni.kz