Атамбаевтың Пішкекті шапқан жігіттерден айырмасы шамалы - Жамбыл Артықбаев

Ұлт және Ұлыс

Өзінің билікке деген амбициясы үшін өзіне қамқор елге тиісіп отырған Атамбаевтың да осы Пішкекті шапқан жігіттерден айырмасы шамалы сияқты...

 

«Чоң кеңешибизди Кенеханга салып, анын айтканынан чыкпайлы»

Осы дау-шарға араласпай-ақ қояйын деп едім. Атамбаевтың сөзі сайлау алдындағы жанталас, өз адамын өткізу саясаты болар деп едім. Енді келіп Кенесарыға тиіскені жанға батып кетті. Қырғыз ешқашан жеке мемлекет құрмаған ел. В.Бартольд «киргизское великодержавие» деп бөстіретін 820-840 жылдары қырғыз тайпалары Үшінші Түрік қағанатын шауып, Қарабалғасын атты астана қаласын тас-талқан қылғаны бар. Бірақ Орталық Азияға үлгі шашқан үлкен өркениет ошағын құртқанымен, оның орнына қайтадан мемлекет тұрғыза алмады. Бұл жаугершілік Орталық Азияда «қырғыз қырғыны» деген атпен есте қалды. Саха халқы "кыргыс уйэтэ" атайды (век бойни, резни). "Кыргыс уйэтэ" заманында кыргыздың өзі тоз-тоз болып бірі Алатау барды, бірі Сібірде қалды, бірі Оралтау естегін паналады. Сібірдегі қырғыздар Ресеймен қарсыласып, ақыры Жоңғария құрамына еніп кетті. Сібрде қалғандары қырғызға қоңсы болған, «қыштым» деп атайды, хакастар ғана. Алатауға келгендері Қазақ хандығы құрылғанда біздің құрамымызға енді. Қырғыздың атақты тарихшысы Белек Солтоноев "Қызыл қырғыз тарихы" атты кітабында: «Тарых боюнча 1510-жылы Касымхандын кыргызды каратпаса да калканч болгону көрүнөт. 1526-жылы анын Тайыр деген баласына кыргыздын карап турганын көрдүк» деп осыны айтады. Хақназар хан тұсында қазақтың әкімшілік-территориялық басқару жүйесі құрылған уақытта қырғыз Ұлы жүздің құрамында жүргені осы кітаптан белгілі: «Тарыхка караганда XVI кылымдын аягында казактан Акназар деген кан чыгып, бир мамлекеттин сайасы жана жеринин ыңгайына карата кичи жүз, орто жүз, улуу жүз деп үч бөлгөн. Жүз термини арап сөзүндө болук деген сөз болуп, жүзи сөз жүз дегенге айланып кеткен. Демек улуу жүз — улуу жүз, орто жүз-орто жүз, кичи жүз-кичи жүз делип кетти. Ал заман да кыргыз (улуу жүз) улуу жүзгө кирген». Қырғыз биі Көкемнің Есімханның қызметінде жүргенін Ш.Уәлиханов, Қоқым бидің Әз Тәуке хан заманында «Жеті жарғы» кеңесінде отырғанын М.Тынышпаев жазады. Бұдан шығатын қорытынды біреу- қырғыздар Қазақ хандығының құрамында, қамқорлығында болған. Оның бір дәйегі Салқам Жәңгірдің қырғызды қорғап қаза табуы, қалмақ дерегі тапжылтпайды: «Зимою года усун лу (1652г.) Цецен –хан возратился в свои кочевья из похода на бурутов; в этом походе 17-летний Галдама лично заколол Янгир-Хана, повелевавшего бурутами и киргиз-кайсаками». Бурут деп қалмақ қырғызды айтады, яғни Салқам Жәңгір қырғызды қорғаймын деп шағын қолмен аттанып кеткен болып отыр. Қырғыз қазақ қарамағынан «қазақ қайың сауып, қырғыз Гиссар асқан» «Ақтабан шұбырындыда» шығып кетті. ХУІІІ ғасырдың ортасына қарай Орталық Азиядағы жағдай орнықты. Қырғын соғыстардың нәтижесінде Жоңғария «Барса келмеске» кетті, жаңа көрші Қытаймен шекараны белгіледік. Осы тұста Бадахшаннан бері құлаған қырғыз Іле мен Шу арасына таласып қазаққа маза бермеуге айналды. Көкжал Барақ жанына ерген батырларымен 1767 жылы қырғыз қолынан қаза тауып, олардың бастарынан «кәлла мұнара» (шекараны анықтайтын) тұрғызылған соң Абылай 1770 жылы Алатауға аттанды. «Жәйіл қырғыны» көп жазылған тарих, сол себепті біз М.Ж.Көпейұлының жазбасынан қысқаша ғана үзінді келтіреміз: «Сонда қырғыздың басшысы Садыр бала мақтанған екен: Қазы Мәмекті алдым, Әлібек Шолақты алдым, Көкжал Барақты алдым, Арқада Абылай деген кәрі сарты бар дейді. Ол маған не қылады ?!" деп... Абылай бұл сөзді естіген соң, үш жүзге жар шақырып, Алаш ұранды қазақтан жан қалдырмай «Қыл құйрық» деп аттанып... қырғыз бықпырт, топалаң тиген қойдай ұйлығып қаша беріпті, қазақ артынан  қуып, Қарабалта, Соқылықтың асуына жеткізбей, көбін қырыпты... Абылай Қарабалта, Соқылықтан асып шаппақшы болғанда, мұны естіген Садырбала елші жіберіп «біз бір тайпа елді ақ үйліге берейік» деп ант берген. Қос басына бір үй қырғыздан батырлар үлес, сыбаға алған...» (9 том, 121-122 беттер). Осы «ақ үйлінің аманаты» Кенесары заманына дейін өз күшінде келді. Ант бұзылған жағдайда аманатқа берілген адам болса да, рулы ел болса да қырып тастайды. Кенесары орыспен он жыл соғысып соңына ерген елмен қырғыз шекарасына жақындаған уақытта бұл оқиғалар мөрі бар қағаз сияқты еді. Б.Солтоноев та «Кыргыз менен элдешип турууга киши жиберели, эгерде болбосо күч менен караталы деп, 1846-жылы эрте көктөмдө Кенесары көчүп келип Жангарач, Жантай, Тыналы, Төрөгелдиге элчи жиберген» дейді. Қырғыз басшылары «чаар атка жолборстун терисин жаап, тартуу кыла» елшілік жіберген күні «бөлөкбай кыргызы төкөлдөш уругунан Илип деген барып, Кенен хандын тогуз кысыр ак чаар байталдарын уурдап келип, семизин союп, арыктарын өткөрүп жиберген». Кене ханның кісісі сұрап келгенде «мында казактын жылкычысы жок» деп, күлүшүп жооп бербеген». Кенесары елшілікке көнбесек жаушылыққа көнерсің деп қырғызды жазалауды бастаған соң Жантай манап «Калыгулду элчиликке жиберген». «Калыгул өз сөзүндө бул сапарда берген убадасы аныгы мындай болгон: казак, кыргыздын жоосу болсо биргелешип жоолайлы, өзүбүз эл болуп туралы, чоң кеңешибизди Кенеханга салып, анын айтканынан чыкпайлы» -деген. Осыдан кейін қырғыздың бөлекбайлары Саурық батырды өлтірді де жаугершілік қайта жалғасып кетті. Қалығұлдың қазақпен келісімі туралы әңгімені Белек Солтоноев оның өз аузынан естідім дейді: «Бул сөздүн баарын 1895-жылында Калыгулдун үйүндө олтуруп, элге айтып берип жатканда оозмо-ооз жаздым... Кенесарынын башын алып барганда алган алтын медалдары бар экен. Түштөнүп олтурган элдин өтүнүчү боюнча көрсөттү». Міне, біздің бетімізге салық қылып Кененсары қырғызды шапты деп жүрген әңгіменің түпнұсқасы. Қырғыздың «екінші революциясынан» кейін тележәшіктен бір ерсі сюжетті көріп қалдым. Әлі күнге дейін көз алдымда. Қара жолмен бірнеше арба айылға қарай тартып келеді. Арбаның үстінде компьютер, телевизор, тағы басқа ұсақ-түйек. Қырғыз жігіттері мәз. Пішкекті, өздерінің астана қаласын, шауып келеді. Қырғызда мемлекет әлі қалыптасып болмағынының ащы көрінісі. Өзінің билікке деген амбициясы үшін көрші елге, өзіне қамқор елге тиісіп отырған Атамбаевтың да осы Пішкекті шапқан жігіттерден айырмасы шамалы сияқты. Екі халықтың да азаматтарына мына заманда сабыр сақтап, бір уақыт тарихқа үңіліп, одан сабақ алғаны дұрыс болар еді. Жамбыл АРТЫҚБАЕВ, тарих ғылымының докторы, прфессор Qazaquni.kz