Қырғызстанда президенттік сайлау басталды

Картинки по запросу қырғызстан сайлау

Қырғызстанда президент сайлауы басталды. 2 мыңнан астам сайлау бөлімшесі жұмыс істеп тұр. 37-сі шетелде ашылған. Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.

Ресми мәлімет бойынша, дауыс беру құқығына 3 миллион 26 мыңға жуық адам ие. Солардың 22 мыңы кеше мерзімінен бұрын дауыс беріп, өз таңдауын жасап қойыпты. Ал мемлекет басшысы лауазымына 11 үміткер таласып жатыр. Саяси додаға орай елдің ішкі істер министрлігінің жеке құрамы күшейтілген тәртіпке көшті. Ал сайлау бөлімшелері Астана уақытымен кешкі сегізде жабылуы тиіс.

Орталық сайлау комиссиясы басшысының хабарлауынша, осыдан кейін бір жарым сағат ішінде дауыс берудің алдын ала қорытындысы белгілі болмақ.