Қазақстанның сыртқы қарызы 7 ай қатарынан тоқтаусыз өсіп келеді

2961
6
Бөлісу:

Қазақстанның сыртқы қарызы 2017 жылдың шілде айының 1-і күнгі мәліметі бойынша 167,8903 миллиард долларға жеткен. Бұл деректі ҚР Ұлттық Банкі келтіріп отыр, – деп жазады stan.kz.

Осы қаражаттағы мемлекетік және мемлекет кепілдік берген сыртқы қарыз 13,9576 миллиард долларды құрайды. Яғни, еліміздің сыртқы қарызының 8,3 пайызы. Осы соманың мемлекеттің сыртқы қарызы – 13,241 миллиард доллар.

Бір айта кетерлігі, 2017 жылдың сәуір айындағы көрсеткішпен салыстырғанда мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген сыртқы қарыз біршама кеміген. Аталған уақытта бұл қарыз көрсеткіші 14,1139 миллиард доллар болатын.

Ал 2017 жылдың қаңтар айының 1-і күнгі мәлімет бойынша Қазақстанның сыртқы қарызы 163,715 миллиард доллар болатын.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 6 пікір жазылған

  1. нурик 14 Қазан, 2017 14:09 Жауап

    осы сырткы карыздеп жар саласындар мысалы голландиядан 40милярдтка шамалас карыз екенбиз ал енди каран бир созинде посолы осы кезге деин голландия 5млрд доллар инвестиция куидык деди казахстанга сонда 35миллярд кимдики деген сорак туады.интернет казбалап казбалап сол голландиядан фирма ашып алган осы 35милярдттын хозаиндери озимиздин алигархтарма деген тужырымга келдим .сиздер не аитасыздар.

  2. Қолқоюсыз 15 Қазан, 2017 22:11 Жауап

    билік қалай тонады солай қайтарсын қарызды, бизнес пен ұрлық арқылы жасанды байлықтарын қайтарсын халыққа

  3. Шолпан 17 Қазан, 2017 11:11 Жауап

    Осыдан кейін болашақ ұрпақтың баянды өмір сүретініне күмәнданамын. Жан-жақтан шетелдер «қарызымды қайтар» деп жағадан алғанда қайтер екен, қайран болашақ ұрпақ! Сендерді аяймын!
    Айтпақшы, сол ақшалардың бәрі қайда жұмсалуда? 99 пайызы «әлдекімдердің» қалтасына кетіп жатыр-ау… Әлде мен «әлдекімдерге» жала жауып отырмын ба?

Пікір немесе жауап жазу

1 + жеті =