ДЕПУТАТ ОҚУШЫЛАР МӘСЕЛЕСІН КӨТЕРДІ

2438
0
Бөлісу:

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова ҚР Үкімет басшысы орынбасарының атына жолдаған сауалында оқушыларды мектепке автобуспен тасымалдау мәселесін көтерді.

«ҚР Конституциясы­ның 30-бабында Қазақстан азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында ақысыз орта білімге кепілдік берілген. Орта білім баршасына міндеттелген. Сонымен бірге, еліміздегі 1523 ауылда өздерінің орта білім беру мектебі болмағандықтан, балалар көршілес елді мекендерге барып оқуға мәжбүр. Бүгінде 30 000 мыңнан астам бала осылай білім алып жүр. Олардың еш кедергісіз мектепке баруын ауыл әкімдіктері қамтамасыз етуі тиіс. Атап айтқанда, көліктер талаптарға сай болып, қауіпсіздік тұрғысында автобуспен тасымалданатын балалардың саны отыратын орындардан аспауы қажет», – деді депутат. Смирнова кейбір ауылдарда мектепке жету үшін балалар бірқатар қиындықтарға тап болып отырғанын сөз етті. Мәселен, Алматы облысындағы Іргелі ауылының балалары тұрақты автобус бағда­рының жоқтығынан, Ке­мертоған елді мекеніндегі жаңа мектепке қатынауы қиындаған. Сонымен қатар Ақмола облысы Қосшы ауылының балаларын тасымалдауда да проблема бар, яғни оқушылар үйлерінен мектепке дейін 6 шақырым жаяу жүруге мәжбүр. Ал Астананың маңындағы Целиноград ауданы Қоянды елді мекені­нің тұрғындары жолдың нашарлығы мен автобустың жетіспейтіндігіне шағым­данып отыр. Оңтүстік Қазақстан облысы Шұ­қырсай ауылында 264 отбасы тұрады. Он жылдан астам уақыттан бері тұрғындар мектеп салып беруді сұрауда. 500-ге жуық бала көрші ауылда білім алып жүр, сондай-ақ оқушыларды тасымалдауда қиындықтар бар екенін атап айтты халық қалаулысы.

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

2 × 2 =