КӘСІПКЕРЛЕРМЕН ӨТКЕН КЕЛЕЛІ КЕҢЕС

764
0
Бөлісу:

Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді. Жиын барысында аймақтағы шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері талқыланды.

Жиынға қатысушылар мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту үлесін арттыру, Шымкент қала­сында халықаралық әуежайдың жаңа жолау­шылар терминалын жаңғырту және салу, сумен қамту жүйесін қалпына келтіру, өсімдік шаруашылығын субсидиялау, отандық тауарларды экспорттау кезінде кездесетін кедергілерді алып тастау, АӨК-ні жеңілдікті несие­лендіру, облыстың экономика салаларын цифрландыруға қатысуы, жаңа экспорт саясатын әзірлеу мәселелерін талқылады.
Аталған тақырыптар аясында «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, «Karlskrona LC AB» ЖШС бас директоры Уәлихан Ахметов, «SCAT» АҚ президенті Владимир Денисов, «Қайнар май» ЖШС президенті Хали Сарманов, «Визит» АССЗ ЖШС бас директоры Вельким Злавдинов, Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Қайнар Абасов, «Стекло и К» АТ-тобының жетекшісі Юлдашев Хондамирлер сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды.
Айтылған мәселелерге қатысты ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменов, инвестициялар және даму вице-министрі Р. Скляр, ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қ. Айтуғанов, облыс әкімі Ж.Түймебаев түсініктеме берді.
Жиынды қорытындылаған Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшы­сының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауына сәйкес кәсіпкерлікті дамыту елімізде экономикалық өсімнің жаңа үлгісін қалыптастыру кезіндегі басты бағыттардың бірі болып табылатынын атап көрсетті.
Осыған байланысты ҚР Үкіметі «Атамекен» ҰКП-мен тығыз ынтымақ­тас­тықта отандық бизнесті қолдау шараларын кеңейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
Оған қоса, бизнес қауымдастықтың алдында экономика салаларын цифрлан­дыруға қатысу және өз өнімділігі мен шығаратын өнім сапасын арттыру бойынша үлкен перспективалар ашылады.

Анықтама:
Облыстағы шағын және орта кәсіп­керліктің жұмыс істеп тұрған субъек­тілерінің саны ағымдағы жылы 176,6 мың бірлікті құрады немесе 2016 жылдың осы кезеңінен 5% артық. Бүгінде өңірде кәсіпкерлікті қолдау бойынша «Бизнестің жол картасы-2020», сондай-ақ өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру басты рөл атқарады.

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

5 × 2 =