Елімізде бірнеше мектеп пен балабақша жылусыз отыр

2255
0
Бөлісу:

Петропавлда осыдан екі күн бұрын жылу желісінде болған апаттың салдары таңға қарай жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жылу желісін жөндеу таңға қарай аяқталды. Жүйе толтырылып жатыр. Қазірге 8 мектеп пен 4 балабақша жылуға қосылмай отыр. Барлық оқу орындарында қалыпты температураны сақтау үшін жылытқыштар орнатылған», – дейді баспасөз қызметіндегілер.

Кеше Петропавлдағы 100 үйге жылу берілді. Тағы соншасы бүгін қосылады. Дәл қазір 1061 көппәтерлі үйдің 836-сында жылу бар.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

он жеті − он жеті =