10 сотық жер алуға қанша қазақстандық кезекте тұр?

1914
5
Бөлісу:

Картинки по запросу 10 соток

Қазақстан бойынша 450 мың адам баспана алу үшін әкімдік кезегінде тұр. Бұл туралы ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Әкімдіктерде 450 мың адам, ал 10 соттыққа 1 миллион 300 мың адам кезекте тұр. Мемлекет көптеп құрылыс салуды бастады және кезек те көбейді. Олардың 450 мыңы, яғни 25-30%-ы тұрақты табысы барлар, 25-30%-ы халықтың әлеуметтік әлсіз топтары. Тұрғын-үй құрылыс жинағы жүйесі арқылы салымшылар саны қазір миллион адамды құрайды. Бағдарлама басталды, жұмыс істеп жатыр және халық қызығып отыр», – деді ол.

Оның айтуынша, «Нұрлы жер» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша ағымдағы жылы әкімдіктерге 25 млрд. теңге бөлініп, 6 мыңға жуық пәтердің құрылысы басталды. Оның жартысы осы жылы тапсырылатын болады.

Сонымен бірге, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары мен әкімдіктерде кезекте тұрған адамдар үшін кредиттік үйлер салу көзделген. Тұрақты табысы бар мүғалімдер, дәрігерлер, мемлекеттік қызметкерлер тұрғын үй жинақ жүйелері арқылы өз баспанасына ие болуға мүмкіндік алады.

Мархабат Жайымбетовтің айтуынша, бұл өте қолжетімді. Қарыз бойынша ең төменгі төлем, яғни бастапқы жарнаның төменгі шегі 4-5%-ды құрайды.

Бүгінгі күні жоспарланған 15 мың пәтердің 7157 кредиттік пәтері пайдалануға берілді.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 5 пікір жазылған

  1. Алтыншаш 7 Қазан, 2017 01:53 Жауап

    Қарапайым қазақтың түсінеде кірмейді ондай қымбат үйлер Қызылорда да 125 000$ уй қалай аламыз деп шулап жатыр, айлықтары 40/60 теңге , менің ойымша , көшеде , аяламада кредит беріп , қанша қазақтар қара спискке кіріп кеткен , историясы жаман деп оларға үй жоқ, соны тексеріп көріңізлер қанша қазақ , қарызға кіріп кетті , қалай алады ???Сондықтан мемлекет тарапынан , 1996 жылдан 2010 жылдын кредиттерін жауып , қара тізімдегілерді тазартып халықтың жолын ашу керек ,қайта банк арқылы , бизнес ашуға жағдай жасау керек, заңды өздері үшін ғана шығарады, қазақтың қарапайым баласы ала алмайды , халыққа жағдай жасау керек мемлекет . Қазақ еліне байлығымызды бөліп беру керек …..

  2. Алтыншаш 7 Қазан, 2017 01:54 Жауап

    Қарапайым қазақтың түсінеде кірмейді ондай қымбат үйлер Қызылорда да 125 000$ уй қалай аламыз деп шулап жатыр, айлықтары 40/60 теңге , менің ойымша , көшеде , аяламада кредит беріп , қанша қазақтар қара спискке кіріп кеткен , историясы жаман деп оларға үй жоқ, соны тексеріп көріңізлер қанша қазақ , қарызға кіріп кетті , қалай алады ???Сондықтан мемлекет тарапынан , 1996 жылдан 2010 жылдын кредиттерін жауып , қара тізімдегілерді тазартып халықтың жолын ашу керек ,қайта банк арқылы , бизнес ашуға жағдай жасау керек, заңды өздері үшін ғана шығарады, қазақтың қарапайым баласы ала алмайды , халыққа жағдай жасау керек мемлекет . Қазақ еліне байлығымызды бөліп беру керек ..Арқашан осы сөзді айтамыз

  3. Қолқоюсыз 7 Қазан, 2017 12:40 Жауап

    Мугалім, дəрігерлерге, жай халыққа емес,( олардың бундай ақшалары жоқ) жоғарыдағы отырган ақшалыларға жасалган жеңілдік қой бул))

  4. Гулдар 7 Қазан, 2017 17:34 Жауап

    Неге оз жерымды уйымды он бес жылдан беры оформления кедергы келтыреды карама кармы коршыге жеке меншыке береды ал биздын кошеге 10жалга Берды енды сонын зардабын шегып келемыз бизде зан халыка карсы сенбеимыз нурлы жерге Адматыда нешетурлы кутыркы кулыкты жер комитететынен акиматан зардап шегып отырмыз

Пікір немесе жауап жазу

он сегіз − он екі =