Павлодар облысының әкімі «мемлекеттік тілді қорғамай жүр» деген сынға жауап берді

Бөлісу:

Болат Бақауов

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов өңірдегі тіл ахуалы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Астанада орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Sputnik Қазақстан тілшісі облыс әкімінен өңірдегі мемлекеттік тіл ахуалын сұрады.

«Өңірдегі тіл ахуалы қандай? Облыстағы тіл жанашырлары мен қоғам белсенділері осы мәселені жиі көтеріп жүр. Тіпті «облыс басшылығы мемлекеттік тілді қорғамағаны үшін тарихта қалады» деген сын айтылды. Осыған сіз дейсіз?», — деп сұрады тілші.

«Тіл мәселесі — өте күрделі мәселе. Сіз білесіз, Павлодар облысында өзге ұлт өкілдері халықтың  елу пайызын құрайды. Біз біртіндеп осы мәселені шешіп жатырмыз. Өткен жылы мен есеп бергенде, балабақшаларды кілең қазақша жасайық деген ұсыныс енгізгенмін. Ол жұмыспен біз айналысып жүрміз. Жалпы, жұмысты қатаң бақылауға аламыз», — деп қысқа қайырды облыс басшысы.

Айта кетсек, осыған дейін Павлодардағы тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегінің қазақ тілі үшін трамвайды тоқтатқаны туралы жазған болатынбыз. Аталмыш оқиғадан кейін трамвайдың үш бірдей қызметкері жұмыстан қуылған.

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҚОРҒАҒАНЫ ҮШІН қыспақта қалған Керекулік батыр қыз Рузаға АРАША ТҮСЕЙІК!

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 12 пікір жазылған

  1. Қазақ қызы 3 Қазан, 2017 12:26 Жауап

    Міне, нағыз азамат Руза! Бәріміз Қазақ тілі үшін осылай күрессек, ана тілімізге баяғыда ақ жол ашылар еді.Жасаңыз, Руза Бейсенбайтегі!

  2. Руза 3 Қазан, 2017 14:18 Жауап

    Алла жар болсын, Қазақ үні! Өр, рухты газет ұжымы! ұлттық/мемлекетік мүдде десе өре тұра келетін!

  3. Казакпай. 3 Қазан, 2017 22:24 Жауап

    Жогарыда отырган мал министр,депутаттар казакша сойлемей ана тилимиз дамымайды. Халык соларга карайды. Астананы алайыкшы. Туринен коринип тур,ауылдан келгени ,сондада озинше орысша сойлеседи. Сол биликтегилерге карап намыссыз малга айналып барады. Намыссыз басшылардан кутылмай,Жана буын мангурттер солардын орынын басады.

  4. БОТАГӨЗ, ҚОСТАНАЙ 3 Қазан, 2017 22:39 Жауап

    Қазақтың мүддесін, намысын, болмысын сақтауға ат салысып жүоген Қазақтың ең белсенді де, қайратты, абыройлы Қазақ Үні осы жолдан таймаңыз, Ешкімнің алдында жағымпазданбай, жорғаламай, билік, министр, әкім, қандай шенді болса да, соларға өз ұстанымын Ашық та, байсалды жеткізіп, керек болса Сынға ұшырататын да Қазақ Үні, жасай бер. Қанша рет куә болып келе жатырмыз, билік болып қолға алмай жүрген мәселелерді, Қазақ Үні жасап та, шешіп те жүр. Егемен Қазақстан, Қазақ Үнінен үлгі алып, Халыққа қызмет етіңіздер. Бүгінгі Қазақ Қазақ Үнін беделді, үздік, әділ басылым деп санайды.

    • Қолқоюсыз 3 Қазан, 2017 22:47 Жауап

      Жұмақ өмірден көз ашпайтын Хабар мен Қазақстан телеарнасына құлаққағыс,ғарыштан жерге,бір уақ халықтың ортасына түсіп көрсін деп.

  5. Дүр 4 Қазан, 2017 08:01 Жауап

    Маған бəрінен бұрын телед-н министр мəжілісмен т.б.өздерін дөкецмін деп жүргендер ор ша сөйлеп оларды ілеспе аудармамен аударып тұрғаны масқараның ең үлкені еш елде жоқ өздерінің қазақстан «дамып гүлденді п «жатыр деген сөздерінің нəтижесі олардың осы «ілеспе аудармасы» боп тұр.масқара.өте масқара.басқа елдер көріп отыр ғой жерге кіре жаздаймыз деген осы. зəуде бір қазақша сөйлей қалса балдыр -батпақтатып отырады.

  6. Қолқоюсыз 4 Қазан, 2017 21:00 Жауап

    Билік өзгермей, бұл масқара өһзгермейді,себебі халықтың сынына орыстілд билік көңіл аударып жатқан жоқ, олар өз жеке бастарының қамымен жүр ғой,Қазақтың тарихында мұндай жалмауыз, тойымсыз, ұры билік болмаған шығар. Құдай қазағыма сабыр бер, Алла оларға да өз жазасын берер.

  7. Назар 4 Қазан, 2017 21:25 Жауап

    Айтары жоқ әкім қысқа қайырады. Балабақшадан бастадық дегені енді бір 25 жыл күтуді меңзеді ме екен?!

  8. Қолқоюсыз 4 Қазан, 2017 23:50 Жауап

    Енді 2050, 2100 бағдарламасын аяқтағаннан кейін, Қазақтың Ана тілінде сөйлейміз деп,бүгінгі билік бізге ертегілерін айтпая қойсын. Әлі қақсап жатыр ғой премьер министрі де, министрлері де ресейдің тілінде, қажытты солар басқа елдің тіілінде сөйлеп, өздері сонша санасыз ба, кімге орыстың тілімен жаққылары келеді, көзімізге көрінбесе ғой солар.

  9. Қолқоюсыз 5 Қазан, 2017 06:38 Жауап

    осы бағдарламалар көзге қораш,көңілге қаяу түсіріп,космостық қадаммен аршындап,орындалғаны бар ма өзі?
    әлде сөзбен қағаз жүзінде,қызығын,рахатын шенеуниктер ғана көріп жатырма?иран-бақ
    сайран өмірде өмір сүретін уақыт болды.

  10. Қолқоюсыз 7 Қазан, 2017 15:57 Жауап

    жиырма алты жыл -өзге ұлт өкілдері қазақ тілі тұрмақ 10 тілді меңгеретін уақыт!

  11. Оқырман 8 Қазан, 2017 20:44 Жауап

    Өз елінде өз тілі үшін күресіп жүрген тек қазақ , ұят та, аянышты да екен.

Пікір немесе жауап жазу

16 − 8 =