ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ ЖАЙҚАЛА ТҮСПЕК

982
0
Бөлісу:

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен құрылған арнайы жұмысшы топ Астана қаласы маңындағы жасыл аймақтың жұмысымен танысып, тәжірибе алмасуда. Топ жетекшісі облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ильяс Құрамысов бастаған топ елордадағы Жасыл белдеудегі орман тұқымбағында қолданылып жатқан озық технологиялардың жұмысымен танысты.

Шымкент қаласы маңында 5064 гектар аумақты алып жатқан жасыл белдеу ендігі жерде елордадағы Жасыл белдеудегі орман тұқымбағындағы озық технология бойынша күтіп-баптауды қолға алмақ. Айта кету керек, бұл игі іс жоғарыда аталған облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Астана қаласы маңындағы жасыл аймақтың жұмысымен танысып, тәжірибе алмасуының негізінде жүзеге асып отыр.
Сонымен қатар қала маңындағы жасыл аймақта орман өсірудің озық әдістерін қолдана отырып, жаңа сортты ағаштар мен бұталар егіліп, біртұтас жасыл орманға айналдыру мақсатында арнайы жоспар құрылды. Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес қаланы жасыл аймаққа айналдыру үшін 19767 га жер телімі қаралған. Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысының елді мекендерін көгалдандырудың 2017-2020 жылдарға арналған іс-шара жоспары аясында қала маңындағы жасыл аймақ 10 мың гектарға ұлғаймақ. Демек, оңтүстіктегі жасыл белдеу одан әрі жайқала түспек.

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

он төрт − 2 =