ЭКСПО ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ОҢТҮСТІКТЕ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

697
0
Бөлісу:

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев халық­ара­лық мамандандырылған көрмесінде ұсынылған жаңа техноло­гияларды өңірде қолдану мәселелері бойынша өткен жиында аймақ кәсіпкерлерінің ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандан­дырылған көрмесінде қойылған 105 озық технологияларды өндіріске енгізуге ниетті екендігін айтты.

Облыс басшысының айтуынша, қазіргі таңда кәсіпорындарда озық технологиялар қарастырылған 27 жобаны енгізу бойынша жұмыс­тар жүргізілуде. Атап айтар болсақ, «Шымкентмай» АҚ-ы каталитикалық деаэроциондық қондырғыны өндіріс процессінде пайдалануды қолға алмақ.. Ал Чехия, Ресей елдерінің қалдықтарды өңдеу бойынша «HEDVIGA GROUP» және «WiseSoiL» ком­паниялардың жобаларын «Технология-21» және «Таза қала» ЖШС-тері қалдықтарды өңдеу зауытының өндіріс жұмыстарына енгізу көзделуде. Сонымен қатар, «Жиналған суды тазартуға арналған мобильді комплекс» және «Күн батареяларын басқару жүйесі» жобаларын «Су ресурстар-Маркетинг» ЖШС-і қолдананысқа енгізетін болса, Малайзия мемлекетінің көше жарықтандыруға «Q-RAU tm» жарық диодты лампыларын «Ақсемсерстройсервис» кәсіпорыны Шымкент қаласын­дағы көшелерді жарықтандыруға қолданудың жолдарын қарас­тыруда. Сонымен қатар, ЭКСПО халықаралық көрме тақырыбы бойынша өңірде өнеркәсіп, экология, ауыл шаруашылығы саласында да жаңа технологияларды енгізу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
«Бүгінгі таңда облысымызда Елбасының «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған ауқымды жұмыстар жасалуда. Қазіргі күнге өңірде 5 жаңартылған энергия көздері нысандары жұмыс істеп тұр. Олар жалпы қуаты 5,8 МВт болатын 3 шағын су электр станциялары болса, осы жылы қосымша жалпы қуаты 3,5 МВт болатын 2 шағын су электр станциялары іске қосылатын болады. Жүргізілген зерттеулер негізінде, алдағы жылдары облыстағы 122 өзендерде жалпы қуаты 420 МВт-ты құрайтын шағын су электр станцияларын салу жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде Өгем өзенінде жалпы қуаты 57 МВт болатын каскадты шағын су электр станцияларын салу жөнінде Түркияның «DOGUS» Constraction компаниясымен келіссөздер жүргізілуде», – деді облыс әкімі.
Үш ай бойы әлемді аузына қаратқан бас қаламыз Астанада өткен «ЭКСПО – 2017» ха­лық­аралық маманданды­рыл­ған көрмесін 151 мыңнан астам оңтүстік­қазақстандық барып тама­ша­лағанын атап өтті Жансейіт Қансейітұлы.

qazaquni.kz

 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

төрт × 1 =