Бекболат Тілеухан: Мемлекеттік тілге немқұрайлы қарайтындар – ҚҰЛДЫҚ санадағы ТЕКСІЗДЕР!

3431
27
Бөлісу:

Шенеуніктерді қазақ тілінде сөйлету үшін, Конституцияны өзгерту қажет. Өйткені, қолданыстағы ереже – лауазымды тұлғалардың мемлекеттік тілді меңгеруін талап етпейді, – деп жазды Еуразия арнасындағы Басты жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап stan.kz.

Демек, қазақ тілін білу –  жекелеген адамдардың өзіндік сана-сезіміне ғана байланысты. Депутаттар осылай дейді.

“Қандай проблемалар бар? – Светлана Кабыкеновна, прошу. – Спасибо за вапрос. С вашего разрешения я на  русском языке отвечу”.

– Рахмет, рұқсат болса, жауапты орысша берсем”.

– Рахмет, рұқсат болса, орысша жауап  берейін.

Бұл бір ғана әрі небәрі – екі сағаттық жиыннан ғана алынған үзінділер. Депутаттар тарапынан қазақ  тілінде қойылған 12 сұрақтың тек біреуіне ғана

«қазақша» жауап алынды. Қалған 11-і орыс тілінде. Журналистер арасында онсыз да «қашқын министр» атанған Қасымов мырза, жиын біткенше бір сөзді 3-4 рет қайталаудан тынбады.

«Осы мәселені нақтылап айтып өтсеңіз, рахмет!

– Рахмет сұрағыңызға. Рұқсат болса, орысша жауап берейін»

Бірақ, қырқына шыдаған депутаттар 41-іне шыдамады. Қазақша сөйлемейтін мемлекеттік қызметкерлер депутат Бақытжан Әбдірайымның намысына тиді.

«Елбасы кеше ғана өзінің мақаласында тікелей айтып кетті ғой, мемлекеттік тілді құрметтеу тәуелсіздікті  құрметтеу деп. Біз бұған қазір шектеу қоймасақ, осылай  жалғаса береді. Сол себептен менің өтінішім, болашақта бізге келетін лауазымды қызметкерлер мемлекеттік тілде сұрақ қойылса, сол тілде жауап беруге тырыссын»,-деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Бақытжан Әбдірайым.

Мәжілісмен Бекболат Тілеухан болса, мемлекеттік тілге  немқұрайлы қарау «тексіздіктің» белгісі дейді. Қала берді, оның түп төркінін «құлдық санамен» байланыстырады.

Адамның өзінің ішінде бір тегі  ме, тәрбиесі ме, намысы ма, тектілігі ме осындай нәрсе  болмаса, мұндай нәрсені өзі қозғау қиын. Негізгі бір себебі, құлдық санада жатыр деп ойлаймын. Өйткені, өзінікін қор, өзгенікін зор санайтын сананы – біз отарлық сана дейміз. Соның негізі әлі бізде кетпегендіктің белгісі”,-дейді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан.

Ал қазақ тілін өз тілінен де артық  білетін депутат – Геннадий Шиповскихтың пайымынша, жағдай жақсарып келеді. Дей тұрғанмен, әрбір адам өзі тұрып жатқан қоғамды сыйлап, соған лайық болуы керек, – дейді.

“Қазақстанның жерінде тұрып жатқаннан кейін, ол білу керек. қазақ жерінде жүргеннен кейін, жалпы мынау қазақтың жерін басып, қазақтың ауасымен демалып жүргеннен кейін, ойлану керек”,-дейді ҚР парламенті  мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских.

Еліміз Тәуелсіздік алғалы бері ширек ғасыр уақыт өтсе де, баяғы жартас – сол жартас күйінде. Елімізде қазақ тілін білмей-ақ, кез келген жоғары лауазымдағы  «креслоға» емін-еркін жайғасуға болады. Өйткені, Конституциямыз солай дейді.

“Конституциямызға қайшы келеді. Ана тілді білмесең, сен жұмыс істемейсің деген сөзді айта алмаймыз. Демек, бұл мәселе заңмен ғана реттелмейді. Ал ата заңымызға өзгеріс енгізу үшін үлкен сілкініс қажет. Сондықтан, бұл мәселе әзірге әр адам, әрбір шенеунік болсын, оның сана-сезімі мен ар-ожданының еншісінде»,-дейді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 27 пікір жазылған

  1. Келмахан 28 Қыркүйек, 2017 16:35 Жауап

    Мирзоянның ескерткішін құлатуға осындағы армияндар жаппай қарсы шықты, Еркектік намыс қалмады-ау,бар тіл бөлімдері жабылып бір Рузаның ісін атқара алмады-ау,Қайнады ау қаным»,,

  2. Қолқоюсыз 28 Қыркүйек, 2017 17:01 Жауап

    МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ КӨТЕРУ ҮШІН ҰРПАҚТА МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ СӨЙЛЕУ КЕРЕК,ҮШ ТІЛ РЕФОРМАСЫН АЛДЫМЕН ЖОЙЫП КЕЙІН АЙТУ КЕРЕК,БҰЛАЙ САЙРАУ ЖАРАСПАЙДЫ.

    • Алтай 28 Қыркүйек, 2017 20:10 Жауап

      Заң шығару парламент билігінде.Мемлекеттік қызметкерлер тек қазақ тілінде іс жүргізеді деп бір тармақ қане қоса салса жеткілікті.Бұл көп шаруа емес!

  3. Нұрлан 28 Қыркүйек, 2017 21:29 Жауап

    Бақытжан,Бекболат мырзалар,ұпай жинауды қойып,нәтижеге жұмыс істесеңіздер тарихта қаласыздар.

  4. Қазақтар 28 Қыркүйек, 2017 21:35 Жауап

    Бекболат мырза, не бітіріп отырсыңдар сол жерде, Қазақтың Ана тілі есіктен Төрге қашан орнығады. Құлдық саналылар мен тексіздер Қазақтың билігіне қалай шығып, төселіп отырып алды,қандай ерекшеліктері бар олардың, русияға ант берсе сонда бармай ма, бізге Халыққа неге олар басқа елдің тілінде сөйлейді, неге орындарын босатып кетпейді биліктен, солар-ақ қанымызды қарайтты, телевизор көруден қалдық, ресейдің филиалы сияқтысыңдар, мемлекет ішіндегі Астана мемлекеті. Сендерден енді не үміт, не қайыр, Ел ағалары болып, 24 сәуірде 2016 жылы жерді қорғамағандар, 30 жыл бойы Қазақтың Ана тілі үшін күреспегендер. Жағдайларың жақсы, жалақыларың да жақсы, тамақтарың тоқ, қарапайым Қазақ сияқты үйсіз-күйсіз қаңғырып жүрген жоқсыңдар квартирадан квартираға, 2030,2050 орындадыңдар, жақында желтоқсанда медаль ілесіңдер кеуделеріңе, Қазақ пен Қазақтың тілі үшін өз жағдайларыңды құртқыларың келмейді ғой.

  5. ОТАН 28 Қыркүйек, 2017 21:42 Жауап

    Бекболат мырза, жақында бір тарихшы айтып еді Жаңа Қазақ тарихына Қазақтың бүгінгі күнгі сатқындары мен жағымпаздарының , елді, жерді, тілді қорғамағандарының тізімін жасау керек деп, болашақ ұрпақ білсін билікте жүріп Қазақтың намысын жер қылғандарды. Сіз қалай ойлайсыз, дұрыс ұсыныс па?

  6. Қолқоюсыз 28 Қыркүйек, 2017 22:30 Жауап

    Оттаған әңгіме. 25жыл тілді үйренбеген тексізденге үйрете алмайсыңдар. Шамаларын жетсе президенке айтыңдар. Қазақ тілін білмейтін адамды лауазымы жоғары орынға қойма деп. Елбасы талап етсе орын тақ үшін ертең ақ өздері үйненіп шыға келеді.

  7. Қолқоюсыз 28 Қыркүйек, 2017 22:31 Жауап

    Елбасының өзі тек қазақша баяндама жасап тапсырма беріп талап ететін уақыт жетті ғой

  8. Халық 28 Қыркүйек, 2017 23:09 Жауап

    Бекболат, енді сұрамаймыз да, өтінбейміз, талап етеміз, Қазақтың тілін білмейтіндер биліктен кетсін, Ақордаға Халықтан сәлем айтыңыз.

  9. Кенжебек 28 Қыркүйек, 2017 23:26 Жауап

    Жазғандарыңыздың бәрі бос сөз… Өйткені, Қазақ Елінің Тәуелсіздік алғанына 26 жыл болды. Егер, осы ширек ғасырдан астам уақытта Қазақ тілін игермеген осы мемлекеттің азаматтары ешқашанда білуге оларлың ниеті жоқ. Сондықтан, біздің мәртебелі Ел басынан сұрайтынымыз – ол тіл саясатын өзгертіп, Қазақ тілінің мәртебесін жаңа латын алфавитымен жаңғыртуыңызды Сізден сұраймыз. Осыған кейбір шовинистік мінездері бар орыстардан басқа, нағыз Қазақстанның азаматтары қарсы емес деп біздер ойлаймыз. Одан кейін, азаматтар неше тілді игерсе де әр адамнын құқысы бар емес пе? Сіздер осыған қалай қарайсыздар?

  10. Үміті бар Қазақ 29 Қыркүйек, 2017 07:33 Жауап

    Келешекте депутаттар мен сенаторлар, министрлер, бір сөзбен айтқанда, биліктегілер Тарихта қандай істеріңмен қаласыңдар. Дұрыс айтылып отыр, Қазақ тәуелсіз алғаннан кейінгі жылдан бастап, Жаңа Әділ Қазақ Тарихы жазылғанда мындайлар отырып билікте, Қазақтың тілін, жерін қорғамады дегеннен қорықпайсыңдар ма, сендердің немерелерің қандай күй кешеді екен сонда. Тексіздер мен санасыздар, өтірік қазақтың жанашырлары мен қорқақтар, ол күн келеді, қазір ойланыңдар, әлі де болса кеш емес.

  11. Қолқоюсыз 29 Қыркүйек, 2017 07:56 Жауап

    ол күнде алыс емес,бұлар халықтың,елдің,жердің мүддесі үшін емес,өз бастарының,құлқындарының құлы болғандар,қазақтың жанашыры емес,жауы деуі әбден мүмкін.түкке пайдасы жоқ,әнші,жырау-ақын,домбырашы,жазушылар отырып алды,заңгер,экономист,финансист,инженер,ауыл шаруашылығы мамандары емес деуі.

    • Қолқоюсыз 29 Қыркүйек, 2017 10:23 Жауап

      Қай жерге барсаңыз бірінші сіз орыс тілін білесіз бе дейді, неге қазақ тілін деп сұрамайды?Мен соған таң қаламын, қазақ бола тұра өз тілімізде сөйлемейміз! Тіл мəселесіне келгенде өте əлсізбіз!Неге?Өз тілімізде сөйлеуге ұяламыз? Өзге тілдің бірін бұл,өз тіліңді құрметте деген бар ғой?Неге өз тілімізді құрметтемейміз?

      • Қолқоюсыз 29 Қыркүйек, 2017 13:01 Жауап

        ана тілін арап сөздерімен шұбарлап,байырғы салт-дәстүрінен безіп,арапқұлдардың дінінің жолына айырбастап жүргендер нағыз қазақ ұлтының жаулары.

  12. Тәуке 29 Қыркүйек, 2017 11:21 Жауап

    Ұлттығымыз тілімізбен бірге жойылып бара жатқаны рас! Орыстың тілі араласып, сауаттылық – орыс тілін білу деген мәселе белең алғалы бері салт-дәстүріміз де ортамыздан алшақтай бастады. Неге??? Ия, неге? Өйткені тілі бұзылғандар сол өзі сөйлейтін тілдің ұлтқұраушыларының салт-дәстүріне қызыға бастайды. Орыс, немесе батыс салттарында шектеу деген кем, жартылай жалаңаш жүру, тұрмысқа шықпай қыз бала өзге еркектермен қарым-қатынас жасауы – етегі ашылуы, жанұя құрғаннан кейін ажыыраса салу, осылардан келіп ұлттық құндылықтарымыз өзгеріп кетті. Қазір енді қазақ бола тұра бір ауыз қазақша сөз білмеу деген деңгейге жеткендер жетерлік. Орысқа соншалықты еліктегеннің кесірі!

  13. Айт 29 Қыркүйек, 2017 21:23 Жауап

    Қазақстан Республикасының Парламентінде 154 депутат бар, соның ішінде оның 34 немесе 22,07% ұлтты басқа азаматтар ал 120 депутат қазақтар, немесе 77,93%. Неге Парламент отырыстары таза мемлекеттік тілде жүрмейді? Атап айтсақ нағып қазақ тілінде жүрмейді? Әр бір өкімет өкілі депутаттар алдына келгенде тек қазақ тілінде мемлекеттік тілде сөйлеп жауап беруі керек.

  14. Қолқоюсыз 30 Қыркүйек, 2017 00:00 Жауап

    Солардың ішінен ең болмаса біреуі Батыр болса, Сөзі өткір болса екен, билікке Халықтың айтқанының 1 процентін орындатса екен деп тілейміз, бірақ бәрі сүмірейіп бір адамға табынып, бір адамның алдында құлшылдықта жүрген сияқты ауыздарын аша алмай жүргендері орындарын күзетіп, басқа тағы бір жағымпаз орындарын алып қоймасын деп.

  15. Қолқоюсыз 30 Қыркүйек, 2017 00:58 Жауап

    Мәжіліс дейді ғой, қайдағы, орыстың думасы, сендерді тыңдамаймыз да, қарамаймыз да, тегін цирк, жалықтық, шаршадық

  16. Тiл жанашыры 30 Қыркүйек, 2017 11:55 Жауап

    Ана тiлiмiздi аскактатып жогары денгейге котерiп берсе Бекболат мырзанын беделi оседi…

  17. ƏЖЕ 1 Қазан, 2017 22:23 Жауап

    Депутаттар қайдан қазақ тілін айтып басын ауыртсын айлықтарын көбейтіп алды, сен тимесең мен тиме бір күн өтті, оған да шүкір деп отырады, депутаттарды түгелдей ауыстыру керек.Онсыз бізде ешқандай өзгеріс болмайды және депутаттар екінші сайлану үшін белсенділік көрсетіп халықтың жағдайын ойлайтын азаматтар керек.Депутаттардың жалпы санын азайту керек.Жасы жеткен және белсенді емес депутаттар неге керек.

  18. Қолқоюсыз 2 Қазан, 2017 00:00 Жауап

    депутаттық айлықты азайтып, привилегияны алып тастау керек,сонда жүгірмейтін болады.бәріндеде жеке істері бар.жан-жақтан дөңгелентіп жатыр ғой.астана шенеуниктері жұмақта өмір сүруде,басқасы тозақтың аржақ-бержағы.

  19. Болашақ Сайлаушы 2 Қазан, 2017 00:09 Жауап

    Сол депутаттардың не керегі бар, халықтың калаулыларын халық өзі таңдау керек әділ түрде, бұл жүйені түбімен өзгерту керек, жалақы мен тағы жеңілдіктерді жою керек, қазақша білмейтіндерді жақындатпау керек, тойдық солардың шетелдің тілінде сөйлегендерінен, кәрілер кету керек, белсенді қазақтың жастарын осындай жұмысқа жұмылдыру керек.

  20. Қолқоюсыз 2 Қазан, 2017 00:20 Жауап

    Елімізде саналы түрде қазақты ойлайтын ең болмаса бір адам бар ма, жоқ па, халық болып қаншама ұсыныс айтып жатырмыз билік туралы, ешқандай өзгеріс жоқ, отырып алған бәрі өздерінің әкелерінен қалғандай сол билік, барлық саланы бөліп-бөліп алған, кет дегенде ит те кетуші еді, бұларың пайдалары болмаса да өзгермейтін, бір-бірімен орындарын ауыстырып отыра беретін тойымсыздар болды ғой, қазақтың маңдайының соры да бес елі екен, қашан бұлар жауапқа тартылады.

  21. Шындық 4 Қазан, 2017 19:22 Жауап

    Кешегі Кеңес империясының құлауына Себепші болған Сонау Желтоқсанда жасындаи жарқылдаған Халық Батыр ұландары қаида кеткен Және Жасындаи жарқылдап Теңдік сұрап шғар кез келген сияқты Әитпесе Ұлт ретінде Ел ретінде жоиылып кететін сияқты Қазақ Сол кездегі Жастардың теңдік үшін күресеен Армандары осма еді Елде Өзге елдің соиылын соғатын Марионеткалық Диктаторлық рижим орнату меді Өзге елдің тілінде сөилеитін Өзге елдерге Ел байлығын су тегінге сататын Болашақ ұрпақты Өзгелерге кіріптар ететін Өзім кеткесін не болса о болсын деген Пенде смақтарға билеткен Ел ге аиналды

Пікір немесе жауап жазу

4 × 2 =