ШҚО-да ер адам өзін-өзі жарып жіберді

ШҚО-да ер адам әйелімен қоштасып, өзін-өзі белгісіз затпен жарып жіберді

Шығыс Қазақстан облысында ер адам өзін-өзі белгісіз бір затпен жарып жіберіп, суицид жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ер адамның денесін Белоусовка ауылының тұрғындары көрген. Оның денесі күйіп кетіп, түрлі жарақаттар болған. Сот-медициналық сараптамаға қарағанда, ер адам өзін-өзі жарып жіберген. "Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, 35 жастағы ер адам суицид жасаған", - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметіндегілер. Сондай-ақ, оқиға орнында қаза болған ер адамның ұялы телефоны табылған. Жіберілген хабарламада ер адам әйелімен қоштасып, одан екі баланы тәрбиелеуін сұраған. Құқық қорғау органдарының өкілдері ер адамның қандай затпен өзін-өзі жарып жібергенін анықтап жатыр.