Ресей сынаған баллистикалық зымыран Сарышағандағы нысанға тиді

Картинки по запросу баллистическая ракета тополь

Ресейдің қорғаныс министрлігі құрлықаралық «Тополь» баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Life.ru басылымы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды. РС-12M «Тополь» құрлықаралық баллистикалық зымыраны Астрахань облысындағы Капустин Яр полигонынан атылды. Хабарлама бойынша, зымыранның оқу-жаттығуда қолдануға арналған жойғыш бөлігі Қазақстанның Сарышаған полигонында белгіленген шартты нысанға дәл тиген.

Сынақтың мақсаты құрлықаралық баллистикалық зымыранның соғыста қолдануға жабдықталуын тексеру болған. Сынақ нәтижесінде қарудың зымыранға қарсы қорғаныстан өту процесіндегі дәлдік параметрлері туралы мәліметтер алынған.