Қытайда Димаштың домбырасы 1,8 миллион теңгеге сатылды

Димаш Құдайбергеннің домбырасы қытайда 35 мың юаньға сатылды. Қазақстанның ақшасымен 1 806 000 теңге. Бұл туралы stan.kz хабарлайды.

Отандасымыздың домбырасын “Smile Angel Foundation” қайырымдылық қоры аукцион арқылы сатып, барлық қаражатты қордың “smile angel hospital” емханасындағы көмекке мұқтаж балаларға аударған.

Естеріңізге сала кетсек, Димаш Құдайбергенов өзінің домбырасын 19 қыркүйек күні “Smile Angel Foundation” қайырымдылық қорына табыстаған болатын.