Қоғам белсендісі банк жұмысшыларын мемлекеттік тілде қызмет көрсетпеді деп айыптады

988
7
Бөлісу:

Қанша жан-тәніммен өз тіліміздің мәртебесін асқақтатуға тырыссам да, айналамдағы орта дәл солай жан-тәнімен қарсы шығып әлек…

Қазір ғана «Қазкомнан» келдім. Кассир қыз: «По русский говорите, я вас не понимаю!» деп отыр. Күйіп кетіп, банктің байланыс орталығына қоңыраулаттым, түкте өзгермеді, бірінші рет емес…

2010 жылдан бастап осы банктің клиентімін. Алғашқыда айтып та, жазып та, түбіртектерін, сосын терминалдарын қазақшалаған болатынмын. Мемлекеттік тілде қызмет көрсетулерін талап етіп, 1-2 орыс қызды қазақша үйренуге мәжбүрлегем.

Бірақ соңғы 2 жылда банктегі қазақша түбіртектер жойылды, ақша алу, салу үшін, тек РФ тіліндегі түбіртектерге қол қоюға мәжбүрлейді. Оған өлсем де қол қоймаймын, олар әр барған сайын, ай сайын дерлік, менің 1-2 сағат уақытымды, жүйкемді құртады. Бір рет ана қағазы аударылмаған, екінші рет мына қағазы.

«Қазкомнан» тек: «Здраствуйте, КазКом слушает» дегенді естисіз. Филиалдың Тимур есімді басшысы қазақшадан жұрдай, ылғи қашып жүреді. Қабылдау бөлмесіндегі хатшысы да дәл сондай.

Руза Бейсенбайтегі,

Фейсбук парақшасынан

Ескерті! «Қазақ үні» порталы редакциясы «Казкоммерцбанк» АҚ-ның осы мәселеге қатысты назар аударуын сұрайды. Сонымен, қатар редакция автордың әлеуметтік желідегі пікіріне жауап бермейді. Біз екінші тараптың да уәжін жариялауға дайынбыз.
Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 7 пікір жазылған

  1. Түңілген 23 Қыркүйек, 2017 16:54 Жауап

    Қазақстандық банктердің 100 пайызға жуығы бір ғана семьяның жеке меншігі ғой.
    Демек, Қазақстандағы 100 пайызға жуық қаражаттың басқарушысы немесе иесі бір ғана отбасы.

  2. М 24 Қыркүйек, 2017 14:09 Жауап

    Қазком-ға барған сайын, ішіндегі қызметкерлер аға біз айтып, көрсетіп тұрайық сізге орысша толтыруға көмектесейік деп ілтипат білдіреді. Әй, қарақтарым ресейде 2 жыл әскерде, 5 жыл жоғарғы оқу орнында оқыдым, сауатым жетеді. Қалайда қазақша жазылуы керек, мемлекеттік тілде қызмет кқрсетілуіне тұтынушылық құқығым бар деп талап етіп, табандылық көрсетсең ғана амалсыз шаруаңды үйлестіреді.

  3. Санат Сүгірәлі 24 Қыркүйек, 2017 14:36 Жауап

    Павлодар облысы әкімі Боқауов мырзаға!
    Боқауов мырза! Сіз мамандығыңыз бойынша заңгер адам екенсіз. Сөйте тұра, Конституциядағы 7-ші баптың тармақтарын дұрыс түсінбегенсіз бе? 7-ші баптың 1-ші тармағында мемлекеттік тіл- ҚАЗАҚ ТІЛІ деп, анық көрсетілген емес пе? Иә, Президент «орысша сұрағандарға, орысша жауап беріңдер» деді, бұл сөз «қазақша сөйлегендерге, орысша жауап беріңдер» деген емес қой, сөзді өз мақсаттарыңа қарай бұрмалап алмаңыздар! Президенттің айтқанын бұрмалап алуға неге жол бересіңдер? Бұл әкімшіліктің, әкімшіліктегі ішкі саясат бөлімінің жұмысы емес пе? Орыстілділердің арасында Президенттің жоқарыдағы сөзді қай мағанада айтқанын, үгіт-насихат жүргізу арқылы түсіндіру керек еді. Халыққа, орыстарға, орыстілділерге Президенттің айтқан жоғарыдағы сөзін, билікте отырған сіздер түсіндіре алмасаңдар, зейнеткер мен түсіндірейін! Жоғарыда айтылған сөз, мағанасын түсінетін болсаңдар, сіздерге айтылған сөз, яғни айтқанда, «мемлекеттік қызметкерлер, орысша да, қазақша да сөйлей білу керек» деген сөз! Мемлекет тілінде сөйлеген адамға орысша жауап бер деген емес! «Орысша айтса орысша жауап бер, қазақша сұраса қазақша жауап қайтар!» деген сөз. Осына түсінуге көп білім, мый керек пе? Әлде, жорта түсінбеген болып, халықты Президентке қарсы қойғыларыңыз келе ме, болмаса, басқаша қалай түсінуге болады мұны? Президенттің «Рухани жаңғыруындағы», «қазақ тілінің басымдылығы» дегенін де түсінбедіңдер ме? Әлде, «Рухани жаңғыртудың» не екенін де білмейтін шығарсыңдар? Қандай іс-жоспарлар жүргізіліп жатыр, облыстарыңызда «Рухани жаңғырту» бойынша? Латын әліпбиіне қалай көшпексіңдер, мемлекет тілін білмей тұрып? Орыстілділердің «қазақша сұраса, орысша жауап беремін» деп, бұрмалап алуына жол бермеу керек! Қазақша сөйлеген адамға қазақша, мемлекет тілінде жауап беру керек! Неге қазақтарға орысша жауап беру керек? Әлде, Президент «қазақ тілінде, мемлекет тілінде сөйлегендерге орысша жауап беріңдер» деді ме?
    Қаншама жылдардан бері қазақ тілі, мемлекет тілі үшін шырылдап жүрген Руза Бейсенбай тегін неге қолдамайсыңдар? Неге заңсыздыққа жол бересіңдер? «Президент сказал, я не должна отвечать на казахском, не должна знать казахский язык» деген, қандай жауап, бұл сөз Президенттің айтқанын бұрмалаушылық емес екендігін маған дәлелдеп көрсетіңізші? Орыс тілі Конституция бойынша- ресми тіл. Олай болса, елде қай тіл басым болу керек? Соны, маған түсіндіріңдерші, білгіш болсаңдар..Егер орыс тілінің басымдылығын түсіндіре алмасаңдар, мемлекет тілін түсінгісі келмей, аяққа таптағысы келетіндер әкімшілік жазаға тартылынуы керек! Болмаса, бұдан әрі орыс сепаратизмі мен ұлыдержавалық шовинизмі де алыс емес.

  4. Руза 1 Желтоқсан, 2017 20:36 Жауап

    Сіздерге айтар сөзім де табылмай жатады! Қандай керемет қолдаушылық! Қандай керемет өз тілін/ұлтын сүйген тектілік!

Пікір немесе жауап жазу

3 × 1 =