Расул ЖҰМАЛЫ: 100 пайыз ҚАЗАҚ отырған жерде шенеуніктер атасының басына орысша шүлдірлей ме?

7845
19
Бөлісу:

Картинки по запросу расул жумалы

Заманында даңқты Есет батыр ұрпағына айтқаны бар: «Бұ жалғаннан өткенде мені мұсылманша басымды Құбылаға қаратып емес, Ресей жаққа аяғымды қаратып жерлеңдер. Өлсем де Ресейді аяғыммен тіреп жатамын». Неткен рух пен намыс!

Қазір сол Есет бабамыздың ауылы Ақтөбеде жүрміз. Қуантатыны – келген жобамыз «орыстілді ортаға Қазақ тілін дәріптеу» аясында болған кездесулер негізінен өз тілімізде өткені. Себеп – орташа залды толтыратын орыстілді аудитория қалмағаны. Оған қоса бүгін Ақтөбеде Қазақ тілі күні ерекше түрде аталып өтті.

Көзге түскені – орыстілді ата-аналар балаларын Қазақ мектептеріне жаппай беріп жатқаны. Сол бүлдіршіндердің Қазақша тақпақтары мен өлеңдерін естідік, шаттандық. Негізі, жақсы үрдіс. Түсініксізі – осындай қазақиланған ортада, ол Ақтөбе, Алматы, Астана не Қарағанды бола ма, Қазақ тілі неліктен толықтай билік құрмай отыр? 90-100 пайыз Қазақ отырған жерде талай шенділер атасының басына орысша шүлдірлей ме? Бұл тығырықтан шығудың ең оңтайлы жолы – қоғамның, яки сіз бен біздің талапшылдығымыз. Жүрген жерде әрбір Қазақ баласы, өзін патриот санаған азамат тілімізді сақтап қолдап жүрсек, тіл майданында жеңіске жетеміз. Заман, заң, тарих біздің жағымызда. Керегі Ұлы Бабаларымыз ұстанған рух пен намысты ояту. Онсыз өр көкіректі ел болмаймыз. Ортақ мүдде мен іс осы.

Расул Жұмалы,

Фейсбук парақшасынан

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 19 пікір жазылған

  1. Заманбек 23 Қыркүйек, 2017 17:01 Жауап

    Өте дұрыс айтасың, бауырым. Өзім ешбір қазаққа орысша жауап бермеймін. Тек қазақ тілінде айтам. Түсінбесе, өз обалы өзіне.

    • Теңдік 17 Қазан, 2017 08:26 Жауап

      Өте дұрыс!Басқа қай ұлтты алсақ та.өз тілдерінде сөйлейд.неге соны біздің Қазақ ұлты үлгі тұтпайды.жан,жағына қарап .ұялмайды…

  2. Баубек 23 Қыркүйек, 2017 17:14 Жауап

    Мемлекеттік органда түгелімен іс жүргізу қазақ тіліне ауыспай дым болмайды, ол үшін мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау қажет, сосын орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен бірге қолданылады деген бапты алып тастау керек.

    • Маңдвйлы Қосымбай. 23 Қыркүйек, 2017 21:11 Жауап

      Кеңсе қағаздары əлі қосарлы тілде.Басқа
      сын айтпағанда «Рухани жаңғыру»бағдар
      ламасының өзі екі тілде жасалды…

    • Тəке. 24 Қыркүйек, 2017 07:23 Жауап

      Өзбек пен түрікмен баяғыда сол латын əрпіне көшіп қазіргі таңда түгел сол əріппен жазады.Өйткені олар өз жерінде өз ұлтын,өз тілін жоғары қойып ол елге қыдырып барғаг сен сол тілде шүлдірлеп сұрамасаң дүкендегі сатушысы саған мойнын да бұрып қарамайды.Сондықтан ол жердегі орыста сол тілде еркін сөйлейді.Ал біздің қазақстанда əлі орыс билік етіп разногласие тудырып жатсың деп сотқа беріп төбемізде қоқаңдап жүр.Оның бəрі біздің заңның əлсіздігі.Қашан осы кемшіліктерге нүкте қойылмай біздегі ана тілі түзелмейді…өйткені,қатты орыстанып кеткен біздің Қазақстан.Бұл ащы болса да шындық!

  3. Әшірбек 23 Қыркүйек, 2017 20:39 Жауап

    Өз жерімізде қазақ тілінің бейшара күй кешуі біздің сорлылығымызды көрсетеді. Бұл еш талқыланбайтын сөзсіз орындалуы тиісті мәселе.

  4. Қазақ келіншек 23 Қыркүйек, 2017 21:17 Жауап

    Мен Алматының автобус кондукторларына 3-4рет ескерту жасап неге ауыстырған атымен атамайсың көшені деп талай мəрте айтып шаршадым.өзіңді тілдеп жынды сияқты көреді. Жəне сөйлеу мəдениеті қазақ тілінің тазалығын сақтап сөйлеу дегенді білмейді,құдды бір мектепте оқымаған надандар сияқты.школадан түсетіндер есть?-деген сөз қай ата-бабадан қалып еді?жəне автобусқа мінсең күллі қазақ давай-лап сөйлеп тұр.масқара.давай сөзін қай бабаңнан мұраға алдыңыздар.қысқасы əр қазақ надан бола бермей таза тілде шұбарламай сөйлеуді өзіңізден бастаңыз.сонда көресіз өмір 180градусқа өзгергенін

    • Кадыржан 9 Мамыр, 2019 00:13 Жауап

      Оте тамаша айттыныз менде сыз секылды айтысамда журемын кунде кондуктормен аркым озынен бастау керек

  5. Қолқоюсыз 23 Қыркүйек, 2017 22:37 Жауап

    Расул мырза, өте орынды әңгіме қозғап отырсыз. Біз халық неше жылдан бері айтып келе жатырмыз неге біздің билік Астананың төрінен ресейдің филиалы сияқты халыққа орыс тілінде сайрайды, милары жетпесе Қазақ тіліне өз еріктерімен кететін кез келгелі қашан, олар не күтіп жүр, Расул мырза, сұраңызшы солардан, әлде сүйеніші мен тіректері мықты болғасын, Қазақтың босағанда жетімнің күйін кешіп жүрген Ана тілін қабылдамай, орыс әлемінде шалқып жүре бермекші ме, намыссыздар кілең.

  6. Ақиқат 24 Қыркүйек, 2017 20:43 Жауап

    Мемлекеттік әнұран орындалған кезде орыс ағайындарымыз қолын журегіне қоймақ тугілі жыбыр жыбыр сөйлеп тұрады Ескерту жасасаң аз халықты басынды деп шығады Арбаны сындырмай атты өлтірмей ақырындап орнына қойып жатырмыз С Сейфуллин Совнарком ның төрағасы болғанда барлық іс қағаздары қазақша жургізілсін деген жарлығынан бастап әлі осы тіл мәселесімен алысып келеміз нақты бір жағына шығаратын уақыт жетті Елімайды білмейтін биліктегілер қазаққа жаны ашымайды деп еді кезінде тарақты Ақселеу ағамыз

  7. Казон 25 Қыркүйек, 2017 15:52 Жауап

    Өте дұрыс айтасыз. Қазір барлық өңірлерде латын әліпбиіне көшу және оның тиімділігі туралы халықпен кездесулер ұйымдастырып жатыр. Сол өңірлердің тілді дамыту орталығының мамандары. Бірақ оның барлығы орысша баяндамамен басталып, орысша аяқталады. Қазақшасы «Сәлеметсіздерме?», «Рахмет, сау болыңыздар»-мен аяқталады. Латын әліпбиіне көшеміз деп отырған уақытта бұл қалай болғаны?! Қазақ тілін (туған тілін білмейтін қазақсымақтар) білмей тұрып, өз тілінде сөйлей алмай, мемлекеттік тілде сөйлей алмайтындар ертең латын әліпбиіне қалай өтеді?! Мұны ойласаң ішің қынжылады. 26 жыл тілді меңгере алмағандар 5-6 жылда латын әліпбиіне қалай өтпек?! Барлық құжаттар орыс тілінде толтырылады. Мұның соңы ертең 100% кириллицаны пайдаланып кетпейді ме деген қорқыныш бар. Мемлекеттік тілді білмегендер ертең кириллицаны қолданып отыра береме деген күдік. Өйткені Тіл туралы заңда орыс тіліне рұхсат берілді ғой. Латын әліпбиін осыдан 25 жыл бұрын қолға алу керек еді. Енді тек қана Тіл туралы заңға өзгеріс енгізу керек – ау!

  8. Шындық 25 Қыркүйек, 2017 20:45 Жауап

    Мна Билік тұрғанда Қазақ тілі Еш уақыта Өз тұғұрына қонбаиды Сол үш тұғұрдың Ең соңы болып қала береді Қазақ елі Толыққанды Тәуелсіз елде болмаиды Сол баяғы ЕАЭСдеген (КСРОның жаңа формасы)аясында Одақбас болып қала береді ОлАқиқат Неге Қазақтың көзі ашышмаиды Осы уақытқа деиін Саналы пенденің көзі жететін уақыт болдығой

  9. Қолқоюсыз 1 Қазан, 2017 21:29 Жауап

    Қазақтың тəуелсіздігін, тілін армандап едік, бір кезде студент кезімізде, міне ол арман орындалып тəуелсіз ел болдық.Бірақ тілімізді əлі қайтара алмай жүрміз.Ол да бір арман, біз кім едік ол кезде ауылдан келген қазақша оқып келіп, орысша емтихан тапсырдық. Қазақ тілі тарихынан, Элонора деген қазақ қызы 12 мектептің директоры Нұртазинаның қызы деді.Сол кезде де жалтақ ағаларымыз ғой осындайға

  10. ол рас 7 Қазан, 2017 09:43 Жауап

    диктаторлар мен олардың жандаишаптары билеген ел еш уақытта дамымаиды коррупция мен көз бояушлық тан екі жүзділік тен басқа бес паиыз ең бай тоқсан паиыз ең кедеи

  11. Қолқоюсыз 9 Қазан, 2017 17:28 Жауап

    Aна тiлiн бiлмеген аkili жоk желikбас .
    Ана тiliн сүймеген,халkiн сүйiп жарытпас
    degen ар жагы түсiнikтiгой

Пікір немесе жауап жазу

бір × 3 =