Орыстілділерге мемлекеттік тілді меңгерту үшін не істеу керек?

2300
20
Бөлісу:
Похожее изображение

Қазақтың мықты саясаткерлері еліміздегі орысы көп шоғырланған елді мекендеріне барып, мемлекеттік тілге қатысты жиындар өткізіп жүр деген хабар естідік. Ести сала осы істің басы-қасында жүрген белгілі қоғам қайраткері, саясаткер Дос Көшім мырзамен хабарласқан едік.

– Аға, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында іссапарда жүр екенсіздер? Бұ сапардың мәнін оқырмандарға түсіндіріп берсеңіз…

– Жалпы, біз Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетімен бірлесіп орыстілді қауым көп шоғырланған өңірлерге барып, мемлекеттік тілдің мәнін, маңызын түсіндіру ісімен төрт жылдан бері айналысып келеміз. Бұл сол жұмыстың жалғасы. Осы сапардың өзінде Солтүстік Қазақстан облысында ауқымды – 9, Қостанай облысында – 9 кездесу ұйымдастырылды. Қазір Ақтөбе облысында жүрміз. Ақтөбеден кейін Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарын аралауды жоспарлап отырмыз.

– Жалпы, бұл кездесулерде не айтылады? Орыстілді аудиторияның қазақ тіліне деген көзқарасы қалай екен?

– Кездесу болғаннан кейін әртүрлі пікірталастар болып қалуы заңдылық. Десе де қазір сонау тоқсаныншы жылдардағыдай біржақты сыңарезулеп кету жоқ. «Орыстілділерге мемлекеттік тілді меңгерту үшін не істеу керек?»  деген секілді сұрақтарға жауап іздеп, оларға ой салатындай әңгіме айтуға тырысамыз. Лингвистиканы ұлттық мәселеге айналдыруға болмайтынын, ұлтаралық жанжал туғызудың зардаптарын тігісін жазып түсіндіреміз. Біз барған елдімекендерде 25/30 пайызы ғана – қазақтар. Тілдік орта жоқ. Олар осыны алға тартып, ақталуға тырысады. Десе де, мемлекеттік тіл қазақ тілі екенін, қазір еліміздегі қазақ тілді аудиторияның үлес салмағының артып келе жатқанын  мысалдар келтіре отырып, болашақты да ойлау керектігін алға тартамыз.

– Кейде кейбір азаматтар тарапынан қарсылықтарға тап болатын шығарсыздар?

– Жоқ, сондайлық дәрежеде мемлекеттік тілге қарсы болып отырған ешкімді көрген жоқпын. Керісінше, «бұл мәселені тәуелсіздік ала сала неге бізге келіп түсіндірмедіңдер?» дейтіндер көп. Тіпті, «Нан» деген сөздің астына «хлеб», «Абай көшесі» дегеннің жанына «Улица Абая» деп жазып қоясыңдар. Біз сондайлық «нанның» аудармасы «хлеб» екенін білмейтін сауатсызбыз ба?» дейтіндер бар. Рас. Кейбір азаматтар мемлекеттік тілге басымдық берілсе, Ресейге кететінін айтады. Олардың өз құқығы. Біз оларды «кетпеңдер» деп ұстап отыруға хақымыз жоқ. Әр адам қайда тұрғысы келсе, сонда кетуге құқылы екенін де түсіндіруге тура келеді. Орыстілділер көшіп кетті екен деп, ырысымыз кеміп қалмайды.

– Мұндай жиындар өткізу үшін үлкен дайындық қажет шығар, аға?!

– Әрине, әр жиынға тыңғылықты дайындалуға тура келеді. Кез-келген сұраққа нақты, әрі бұлтартпас жауап беру керек. Мен қасыма ылғи да Расул Жұмалыны ертіп жүремін. Кей жиындарға Айдос Сарым келеді. Бұл екі жігіт кез-келген жағдайда, кез-келген адамға мемлекеттік тілдің қажеттілігін нақты деректермен түсіндіріп бере алады. Статистиканы білу керек. Нақты өмірден мысалдар келтіру керек. Жалаң ұран, жалған патриотизммен орыстілді аудиторияның бетін бері қарату мүмкін емес. Тіл мәселесі дегенде тек бір проблемамен шектеліп қалмаймыз. Бұл өңірлер сонау тәуелсіздік алған жылдардағы қалыптан көп өзгеріске түспеген. Елді мекендердің атауы әлі ауыспаған. Ономастика жайын да, ескі кеңестік атаулардан арылу керектігіміз де дәлелдермен түсіндіріледі. Латын әрпін енгізу жайын да насихаттаймыз.

– Бұл жобаның басталғанына төрт жыл болыпты. Төрт жылда не өзгеріс болды?

– Төрт жылда бәрін қиратып жібердік дей алмаймын. Бірақ, осы төрт жылда орыстілді аудиторияға мемлекеттік тілдің маңызын түсіндіретін 120-дай кездесу өткізіппіз. Бастапқы кездегідей емес, елдің беті бері қараған. Олар 28 жылдан бері біздің нақты қадамдарға бара алмай келгенімізді біліп отыр. Бұл мәселеде қорқақтық таныта беруге болмайтынын анық байқадым. Мәселен Павлодарда Руза Бейсенбайтегі деген белсенді азаматша шықты. Мен ол қызды «Ұлт тағдыры» қозғалысының Павлодар облыстық филиалының басшысы еткен едім, бір кездерде. Сол қыз жалғыз өзі Павлодарда мемлекеттік тіл үшін күресіп жүр. Біз жиындарымызда осы Рузаны мысалға келтіре отырып, қазақ тілділердің шыдамы таусыла бастағанын, енді олар кез-келген қазақстандық азаматтан мемлекеттік тілді талап ете бастайтынын ескертеміз.

– Бұл жоба негізінен ағартушылық, насихат жұмыстарымен айналысады екен. Бұл істердің нәтижелі болуы үшін мемлекет тарапынан не істелуі керек деп ойлайсыз.

– Менің көзім жеткен бір ақиқат бар. Осыдан 28 жыл бұрын қабылданған мемлекеттік тіл туралы Заңды қайта қарау қажет. Ол заңды қайта жазатын кез келді. Ескі заң біздің аяғымызға байланған кірдің тасы секілді. Оны бұлай сүйретіп жүре беруге болмайды. Осыдан алты жыл бұрын бірнеше ұйымдармен бірігіп, «Мемлекеттік тіл туралы» заңды дайындап, Парламентке ұсынған едік. Парламент «мұны қабылдауға әлі ерте» деп тайқақтап шыға келген. Сол Заңды Парламентке қайтадан ұсынуымыз керек.

Қазіргі Заң біздің елді қостілді етуді көздейді. Бұл Заңмен жүре берсек, қазақ тілі жанама, аударма тілі болып қала береді. Мемлекеттік тіл үстемдікке ие болуы үшін бел шеше кірісетін уақыт келді деп ойлаймын.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен Қанат Бірлікұлы

Abai.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 20 пікір жазылған

  1. Бақытбек 23 Қыркүйек, 2017 14:01 Жауап

    Толық қолдаймын, ұлт мұқтажын қанағаттандыруға жасап жатқан іс-әрекеттеріне сәттілік тілеймін. Мемлекеттікк тілді жеткілікті меңгеруі мемлекеттік кызметке тағайындалудың негізгі иалаптары болуы-уақыт талабы. Мемлекеттік тілді білуі ұлттық санамен тығыз байланысты екенін еске шығармау керек.

  2. Қолқоюсыз 23 Қыркүйек, 2017 14:20 Жауап

    Дос мырза, ең бірінші қадамды орыстілді биліктен бастау керек еді, жиындардың ең бірінші отырысын депутат, сенаторлар, министрлер,әкімдер мен елдің тізгінін ұстап отырғанды жинап, оларға мемлекеттік тіл қазақ тілі екенін, қазір еліміздегі қазақ тілді аудиторияның үлес салмағы 90 пайыз болды деп айтып , олар АНА ТІЛІМІЗДІ ҮЙРЕНБЕЙ НЕ БІТІРІП ЖҮР соны айтып беріңізш солармен кездескеннен кейін. Үнділермен болған оқиғада Астана әкімі Қазаққа Ана тілімізде мән-жайды айтып бере алмай жер болдық қой, әкімнің тәуелсіз Ел болғанда Қазақ тілінде сөйлемеуі қорқынышты да өкінішті.

  3. Қайыр 23 Қыркүйек, 2017 14:45 Жауап

    Біздің де ойымыз тəуелсіздік алған бетте тілді қоса тəуелсіз ету керек еді,тіл тəуелсіз болмай толық тəуелсіздік жоқ.Билік басындағылардың солқылдақтығынан халық теперіш көріп отыр,не еркін жүре алмайды,не көсіліп сөйлей алмайды. Тəуелсіздік алған жылы жап-жаксы қазақтана бастап едік биліктің жасқаншақ-қорқақ саясатынан ол үрдіс дамымай қалды.Тіл мен ұлтты сақтауды өзбек халқынан үйрену керек,тіл үшін,ұлт үшін олар кеңірдегіңе жармасады.өйткені олардың басшылары(жатқан жері жайлы болсын) саясатты өте сауатты жəне дұрыс жүргізді.

  4. Қолқоюсыз 23 Қыркүйек, 2017 16:03 Жауап

    Дос Көшім ер-тұрманы түгелденбей жүрген саясаткердің бірі. Ана тіліміз уайым жеп жүрген екі Азамат болса соның біреуі.
    Қазақ тілінің көсегесі көтеру үшін бірінші қадамды мәңгүрт терден бастау керек. Қауіп олардың мəңгүрттігінде ғана емес, олардың билік басында болуында.Олар халықаралық ұйымдардың рейтингі үшін ұлттың мүддені де, тілді де шейіт етіп жіберші ғажап емес

  5. Қарапайым пенде 23 Қыркүйек, 2017 16:05 Жауап

    Дос Көшім ер-тұрманы түгелденбей жүрген саясаткердің бірі. Ана тіліміз уайым жеп жүрген екі Азамат болса соның біреуі.
    Қазақ тілінің көсегесі көтеру үшін бірінші қадамды мәңгүрт терден бастау керек. Қауіп олардың мəңгүрттігінде ғана емес, олардың билік басында болуында.Олар халықаралық ұйымдардың рейтингі үшін ұлттың мүддені де, тілді де шейіт етіп жіберші ғажап емес

  6. Қолқоюсыз 23 Қыркүйек, 2017 19:21 Жауап

    Расул Жұмалы президент болса қазақ тілі бірден биікке көтеріліп қазақы мемлекет атанады.

  7. Есімхан 23 Қыркүйек, 2017 20:05 Жауап

    Сең не болсада 2020жылдан соң қозғалатынға ұқсап тұр. Бірақ ол кезде қаншама жылдарды, қаншама миллиардтарды шығындағанымызды айтып жылап өкінеміз. Бүгіннен бастауға болар дүниелер 10шақты кедергі тұлғалар арқылы шетке сүріліп қалуда. Кəзірден ресми тіл мына жылдары алып тасталынады, латын əліпбиі баршаға бірдей болады деп нақтылау керек сияқты. Сонда отаным басқа дейтіндердің кететіні кетіп, оралман бауырлардың келетіндері ағылады елімізге.

  8. Қолқоюсыз 23 Қыркүйек, 2017 20:07 Жауап

    Дом Көшім орынды пікір айтатын , халқына жаны ашитын, мықты азаматтарымыздың бірі.Аман болсын,осындай азаматтарымыз көп болса, қазақ тілі баяғыда дамып кетер еді.

  9. мен ғой 24 Қыркүйек, 2017 01:07 Жауап

    Қазақ тілінің мәселесін шешудің ең дұрыс жолы мынау: қазақ тілді бюрократия қалыптастыру. Қазіргі қазақ тілінің әлеуметтік базасы – қазақ тілді мектептер мен оқу орындары, қазақ тілді баспасөз. Тіл еркін айналымға енетін бюрократиялық арна қалыптасқанда тіл айналымға ене бастайды. Ал қазір ол аударма тіл болып қалып отыр… Сосын терминоманияны қою керек, тілді басқа тілдерге жалғау керек, т.с.с.

  10. мен ғой 24 Қыркүйек, 2017 01:11 Жауап

    тілді серпілтуге 4-5 қана қадам жетпей тұр… Ештеңені бүлдірмей, қиратпай-ақ, ұрандамай-ақ тілді істетуге болады… Үкімет істің қырын көре алмай тұр…

  11. Қолқоюсыз 24 Қыркүйек, 2017 03:24 Жауап

    Өте дұрыс

    Мемлекеттік қызметкерлерден мемлекеттік тілді талап ету керек. Тіл білмейтіндерге мысалы: жарты немесе бір жыл уақыт беріп тілді меңгермесе жұмыстан шығарылатын бұйрық шығару керек.
    Ал мемлекеттік жұмысқа кіргісі келетіндерден мемлекеттік тілді талап ету керек

  12. марат 24 Қыркүйек, 2017 10:17 Жауап

    мемлекете жұмыс жасағысы келгендерге тілді біліу талаптарын күшеитіу керек ұнамаса кетсін тегін мемлекетен жалақы алмасын атасының басына отырма олар ол жерде тілді білмесе

  13. Қолқоюсыз 24 Қыркүйек, 2017 10:35 Жауап

    Орыстілділерге мемлекеттік тілді меңгерту үшін не істеу керек? Жауабын қалай шешу керек екендігі бүгінгі күні айқын көрініп тұр. Бұл мәселені шешуді биліктен бастау керек. 30 жылда өзінің Ана тілін керек қылмаған билік, осы Сіздердің ел аралап келгеннен кейін өзгермейді, оларға бәрібір. Дос мырза, енді оларға уақыт беріп, әке-көке үйреніңдер деп айтудың да қажеті жоқ. 2017 жылдың аяғына дейін биліктегілер бао, мемлекеттік мекемелердегілері бар бәріне Қазақ тілінен емтихан тапсырғызу керек, бімесе кетсін, кетіру керек, не деген масқара 30 жылдан бері көселіп отырғандар билікте, Қазақтың тілін білмесе, нандарын басқа жерден барып тауып жесін, солар жүйкемізді құртып бітірді. Қазақтың намысын қорлап, сонда солар әлі қанша отырады, Қазақ тағайындамаған билік ойларына келгенін істеп жүр ғой, жағымпаздық пен табынущылықтың арқасында

  14. Қолқоюсыз 24 Қыркүйек, 2017 12:17 Жауап

    Дос Көшім мырза ішің біліп тұр, қусың ғой айтпайсың)))
    Оның жаубы жеңіл ол үшін бүкіл Қазақстанда бала-бақша тек қана қазақ тілінде болу керек! 1 (бірінші) сыныптан 5 (бесінші) сыныпқа дейін алғашқы 5 жыл барлық ұлт түгел қазақ тілінде білім алу керек. Және бір талап, ол орысша сөйлейтін қазақтарға, қазақ тілінде сампылдап сайрағанша салық (налог) салып сол ақшаны қазақша сөйлеймін деген орыстарға марапаттау есебінде берсін!

  15. Қаны қайнаған жуас қазақ 25 Қыркүйек, 2017 11:05 Жауап

    Өз жерімізде отырып , Өз елімізде отырып , Өз ана тілімізді төрге шығара алмай отырған не деген бишара , намыссыз ұлт болдық !!!!!!???? Оу ел басқарған азаматтар , бір уақыт ойлансаңыздаршы ????? Шыдамның да шегі болатын шығар !!!!!!??! Президенттен бір жарлық болса болды ғой , бар мəселе шешіледі …!!!!! Ал қарсы шыққандар болса , оларға былай жауап беру керек : 28 жыл уақыт берілді , үйренгісі келмейтіндерге есік ашық , кете берсін Русиясына

    • Қолқоюсыз 26 Қыркүйек, 2017 15:28 Жауап

      Жарайсың, тағы мемлекеттік лауазымдарда мүлдем жұмыс істеуге шектеу қойылса, Ұлттық экономия, Әділет министрлері болмақ түгілі, Мемлекеттік Тілді білмесең сол жердің сыпырушысына алмаса онда Қазақ Елі 105 пайызға Қазақша сөйлеп кете беретін еді.

  16. Қолқоюсыз 26 Қыркүйек, 2017 15:31 Жауап

    Осыны біз күйіп пісіп айтамыз, жоғары жақтағылар бір жерлеріне де қыстырмайды. Жазбайын десем күйіп кетем Қазақ деген Ұлт тек Руға бөлінгіш екен біліп тұра жаза берем жаза берем, МАҒАН не КЕРЕГІ БАР ДЕП ҚОЯМЫН КЕЙДЕ- Бірің өліп бірің қал деп айтқым келіп кетеді.

Пікір немесе жауап жазу

8 − екі =