Меже – мемлекеттік жобаларды толық іске асыру

784
0
Бөлісу:

Қандай қоғамда болсын мемлекеттің басты байлығы – адамдардың әлеуметтік жағдайы бірінші кезекте ескерілуі қажет. Бұл бұлжымас қағида. Сондықтан да біздің елімізде мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, олар өз кезеңдері бойынша іске асырылып жатыр. Бұл жобалар бір ғана мақсатқа жұмылдырылған – тұрғындарымыздың тұрмыстық жағдайын жақсарту. Әсіресе әлеуметтік жағынан нашар қорғалған топтарды қамту, оларға жұмыс орындарын ашу, арнайы материалдық көмек көрсету нақты іс болып табылады. Бүгін осы бағытта Сырдың Қызылорда өңірінде қандай шаралар іске асырылып жатыр, соған көңіл аударып көрелік.

Бұл жерде басты көрсеткіш –  жұмыспен қамту болып табылса керек. Өйткені мемлекет тарапынан берілетін ақшалай әлеуметтік көмекке қарағанда қай жағынан алып қарасақ та тұрғындарды жұмысқа орналастыру анағұрлым тиімді. Әрбір адам ешкімге тәуелді болмай өзі тіршілігіне қаржы тапса оның белсенділігі де жоғары болмақ. Қоғамға тигізер пайдасы да артады.
2016 жылы Қызылорда облысында 9342 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, жыл қорытындысымен 112060 жаңа жұмыс орындары құрылды, соның ішінде 9873 тұрақты жұмыс орындары. Бірақ бұл көрсеткіш жұрттың бәрін түгелдей жұмыспен қамтамасыз еттік дегенді білдірмейді. Өйткені жұмыссыздар саны әлдеқайда көп. Мысалы, жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту органдарына 32847 адам хабарласты, соның ішінен 16518 адам (жалпы хабарласқандарға шаққандардың 50,3 пайызы) жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстармен 7052 адам қамтылып (367,6 млн.теңге төленді), кәсіптік даярлау курстарына 458 адам жолданды (3,5 млн.тенге).
Нысаналы топтарға жататын 1084 адамның (соның ішінде: мүгедектер –752, жазасын өтеп келгендер –324, оралмандар – 8) 624- і жұмыспен қамтылды. Олардың қатарында мүгедектер – 415, жазасын өтеп келгендер – 206, оралмандар -3.
Облыста 115 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп, 1603 жұмыс беруші 6,2 мың бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 9 мыңнан аса жұмыс іздеушілер қатысып, оның 6,3 мыңына жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне жолдама берілді. Сөйтіп 2016 жылы қабылданған кешенді жоспар аясында 31 406 адамды қамту жоспарланған, соның ішінде 15083 жұмыссыздар, 16323 тұрақты емес жұмыспен қамтылғандар болды. Бұл облыс бойынша жұмыссыздар мен нәтижесіз жұмыспен қамтылған азаматтардың (56681 адам) 55,4% құрайды.
Ағымдағы жылдың қорытындысымен мемлекеттік, салалық және өңірлерді дамыту бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларымен 40067 адам қамтылды. Арнайы бағдарламалар бойынша, ҮИИДБ – 419 адам, Агробизнес 2020 – 712 адам, БЖК 2020 – 457 адам, өңірлерді дамыту бағдарламасы – 392 адам, қызмет көрсету саласы бойынша – 96 адам аумақтарды дамыту бағдарламасы – 3217 адам, басқа да бағдарламалар бойынша – 2194 адам, жеке бастамалар бойынша – 1855 адам;
– әлеуметтік жұмыс орындарына 961 адам жолданды, соның ішінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында – 859 адам, аймақтарды дамыту бағдарламасы аясында – 102 адам;
– жастар тәжірибесіне 1240 адам, соның ішінде: «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында – 1107, аймақтарды дамыту бағдарламасы аясында – 133 адам;
– қоғамдық жұмыстарға 7052 адам жолданды;
– қайта даярлау курстарына 641 адам жіберілді
«Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасына Қызылорда облысына 2016 жылға 6,5 млрд. теңге қаралып 97,4 пайызы игерілді.
Бағдарламаға қатысушы ретінде 10717 адам енгізіліп оның ішінде: жұмыссыздар – 77,8 % (8339 адам) өз бетінше жұмыспен қамтылғандары – 22,2% (2378 адам). Жалпы хабарласқан жастар – 50% (5363 адам).
Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 11524 адам қамтылды, соның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқандары – 8578 (соның ішінде МЗЖ 7197 адам – 83,8 %).
Бірінші бағыт – инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз етуге қосымша бөлінген қаржылармен 272 жобаға – 4248,3 млн.теңге, 1890 жұмыс орны, жұмыспен қамту орталықтары арқылы – 914 орын.
Есепті кезеңге 266 жоба басталып, 266 жоба толығымен аяқталды. 4100,5 млн.теңге қаржы игеріліп, 1731 жұмыс орындары құрылды, соның ішінде 980 бағдарлама қатысушылары жұмыспен қамтылды.
Екінші бағыт – кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруға 1766,7 млн.теңге қарастырылды. Соның ішінде шағын несиелендіруге – 435 адамға 1761,3 млн.теңге, Кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға – 115 адамға 5,4 млн.теңге қарастырылды.
Жыл басынан 800 адам 2190,3 млн.теңге несиелендірілді (соның ішінде РБ – 622 адам, 1761,3 млн.теңге, 2015 жылғы қаржы есебінен – 118 адам, 300,0 млн.теңге, қайтарылған қаржы есебінен – 60 адам, 129 млн.теңге), 440 адам өз кәсібін ашты, қосымша 226 жаңа жұмыс орындары құрылды. Соның ішінде: «Ауылды жұмыспен қамту» жобасы бойынша 6,0 млн.теңгеге дейін – 243 адам 920,0 млн.теңге қаржыға несиелендіріліп. 110-і өз кәсібін ашты.
Үшінші бағыт – жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу. Әлеуметтік жұмыс орындарына 2016 жылға – 450 адамға 115,6 млн.теңге бөлінді. Жыл басынан 248 мекеме, кәсіпорындарға 859 адам жолданды. Мерзімі аяқталғандардың ішінен 570 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Жастар тәжірибесі – 822 адамға 188,4 млн.теңге қаралған. Жыл басынан 575 мекеме, кәсіпорындарға 1107 жас мамандар жолданды. Мерзімі аяқталғандардың ішінен 440 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Жұмыстан босатылған қызметкерлерге және 55-тен 64 жасқа дейінгі жастағы жұмыссыздарға қайта даярлау курстары ұйымдастыруға – 51 адам 7,8 млн.тенге қарастырылған, бүгінгі күнге 51 адам қайта даярлау курстарына жолданып, 5 млн.теңге игерілді.
Бағдарламаның екінші бөлігі «Аумақтық ұтқырлықты арттыру» аясында оңтүстіктен солтүстік өңірлерге қоныс аудару жөнінде облыста жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, басқарма тарапынан облысқа Павлодар облысының өкілдері шақыртылып, халықпен кездесулер өткізіліп, қоныс аудару шарттары, ол жақтағы бос жұмыс орындар, басқа да әлеуметтік жағдайлар жөнінде толық түсініктемелер берілді. Нақты қоныс аударғаны 5 отбасы.
Сөйтіп мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, халықты әлеуметтік жағына қорғау бағыты бойынша өткен жылды табысты қорытындылаған Қызылорда облысы биылғы жылы да сол қарқынды жоғалтпай жалғастырып келеді. Облыс бойынша 2017 жылдың 1 шілдесіне жергілікті бюджеттен 59017 аз қамтамасыз етілген азаматтарға 876,7 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы төленді. 2017 жылға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге нақтыланған бюджетте 37,8 млн. теңге қаражат қаралған. Есепті кезеңге 422 адамға (101 отбасы) 8,1 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көмек алушылардың саны 244 адамға азайды. Осы жерде мына бір мәселені айта кеткен жөн. Көмек қажет ететін адамдардың санынының азайғаны, тұрғындардың тұрмысының жақсарғанын көрсетеді.
Үстіміздегі жылға бюджетте тұрғын үй көмегін көрсетуге 366,9 млн. теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 7169 отбасына 239,9 млн.теңгеге тұрғын үй көмегі төленді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тұрғын үй көмегін алатындардың саны 598 отбасына азайды.
Биылғы жылға бюджетте 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақыны төлеуге 1204,0 млн. теңге қаражат қаралды. Есепті кезеңге 51426 балаға (16101 отбасы) 628,7 млн. теңгеге балалар жәрдемақысы төленді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жәрдемақы алушылардың саны 1983 балаға азайды. Сол сияқты 2017 жылдың 1 шілдесіне жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 8842 адамға 577,4 млн.теңгеге әлеуметтік төлемдер төленді. Оның ішінде – Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, ҰОС-ында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, ҰОС жылдары 6 айдан кем емес жұмыс істеген адамдарға, барлығы 5878 адамға 401,2 млн.теңге көлемінде көмек көрсетілді. Ауған соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Чернобыль АЭС апатының зардабын жоюға қатысушылар мен соның салдарынан мүгедек болған азаматтарға, Совет Армиясының мүгедектеріне, Вьетнам соғысының мүгедегіне, Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтарға қатысушылар мен соның салдарынан мүгедек болған 1041 адамға 70,9 млн.теңге бөлінді. ҚР-ның «Отан», «Даңқ», ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы» және ҚР-ның тағы басқа құрметті атағына ие болған 48 азаматқа 1,2 млн. Теңгеге, мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен емделудің сүйемелдеу кезеңімен ауыратын 971 адамға қосымша тамақтануға 83,4 млн. Теңгеге, лейкоз және анемиямен ауыратын 30 балаға дәрі-дәрмек сатып алуға 2,7 млн. Теңгеге, үйде тәрбиеленіп оқытылатын 869 мүгедек балаларға 16,3 млн. теңгеге, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан мүлкіне зиян келген 5 отбасына 1,7 млн.теңгеге әлеуметтік көмектер көрсетілді.
Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «Сыр мейірімі» жобасын қаржыландыруға 2017 жылға облыстық бюджеттен 42,7 млн. теңге қаражат бөлінді. Жоба аясында күнделікті сапалы тамақтануды қажет ететін 225 жалғыз басты қарттар, мүгедектер, өзін-өзі күте алмайтын науқас және аз қамтылған азаматтар 7,9 млн. теңгеге 11925 түскі ыстық тамақпен қамтылды.
Облыс бойынша ағымдағы жылдың 10-22 наурыз аралығында «Наурыз мерейі» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акция аясында 4328 адамға 20,5 млн. теңгеге қайырымдылық көмектер көрсетілді. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Сыр мейірімі» қоғамдық қоры арқылы аз қамтылған, көп балалы отбасыларынан шыққан және мүмкіндігі шектеулі 20 балаға «Арай санрайз» тынығу лагеріне жолдама берілді. Сонымен қатар, аз қамтылған 25 отбасына азық-түліктей көмек көрсетілді. Басқарманың ұйымдастыруымен «Арал-Мұнай» компаниясы демушілігімен аз қамтылған, көп балалы отбасыларынан шыққан 20 балаға жазғы демалыс орнында тынығып қайтуға жолдама берілді. Балалар Жаңақорған ауданы Бесарық ауылында орналасқан «Облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында» үстіміздегі жылдың 28 маусымы мен 7 шілде аралығында демалып қайтты.
Бүкіл еліміздегі сияқты Сыр өңірінде «Өрлеу» жобасы нақты іске асырылуда. Аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік келісім шарт негізінде шартты ақшалай көмек (ШАК) көрсетуге бюджеттен 145,3 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 86,3 млн.теңге қаралған. Есепті кезеңге 2623 адамға (445 отбасы) 89,1 млн. теңгеге шартты ақшалай көмек тағайындалып, 2515 адамға (429 отбасы) 54,6 млн. теңгеге көмек төленді. Шартты ақшалай көмектің орташа айлық мөлшері 5663 теңгені құрады. Шартты ақшалай көмек алып отырғандардың 65%-ын 18 жасқа дейінгі балалар, 0,2% зейнеткерлер, 0,8% барлық топтағы мүгедектер, 2,5% күндізгі оқу нысанында оқитын студенттер, 10,0% бала күтімімен отырғандар, 21,5% еңбекке жарамды жастағылар құрайды.
Жоба аясында әлеуметтік келісім­шарт негізінде ШАК алушылардың қатарындағы 519 еңбекке жарамды жұмыссыз азаматтардың барлығы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылып, 277 адам тұрақты жұмысқа, 234 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға, 5 адам жастар тәжірбиесінен өтеуге, 1 адам әлеуметтік жұмыс орнына, 2 адам қайта даярлау курстарына жіберілді. Бұл бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіштер. Жыл соңына дейін жобаны толықтай іске асыру жопарланып отыр. Оның нақты орындалтынына қызылордалықтардың сенімі мол.

Бек МЫРЗАҰЛЫ

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу