Депутат қыздарға күнделікті өмірде қамзол киіп жүруді ұсынды

3154
14
Бөлісу:

Похожее изображение

№19 сайлау округінің депутаты Қарақат Әбден қазақстандық қыздарға ұлттық киімді тек мереке кезінде ғана емес, күнделікті өмірде де киіп жүруді ұсынды.  Бұл туралы Sputniknews.kz жазды.

«Рухани жаңғыруға қатысты айтарым: біздің жастардың арасында ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрді дәріптеу қажет. Бұған қатысты жұмыс мектепке дейінгі ұйымдардан басталуы керек. Осыған орай, ұлттық ерекшелік белгісі бар киім енгізу мәселесін қарастыруға болады. Егер біздің қыздар ұлттық киімді тек мерекелерде ғана емес, сонымен қатар күнделікті өмірде де киетін болса, жаман болмас еді», — деп мәлімдеді Қарақат Әбден.

Өзінің қалалық мәслихаттағы қызметіне қоса, Қарақат Әбден өскелең ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелермен айналысатын «Қазақ Қызы» ұйымының төрайымы болып табылады.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 14 пікір жазылған

  1. Жанашыр 21 Қыркүйек, 2017 11:05 Жауап

    Депутаттын камзол-тыгын фабрикасы бар ау тегы,немесе шеттен жеткызу каналы бар.Дукен арине бар,тыпты сеть дукеней бар.Барыбыр жаксы всыпать.

  2. Жолан 21 Қыркүйек, 2017 11:37 Жауап

    Қыздарың мұндай кемзолда керіліп жүрсе кім көрінген зорлап кетеді. Біздің қыздар ешқашан шашын ашық ұстамаған. Ескі түсіпілген суреттерден шашы ашық қыздарымызды көргенім жоқ.

  3. Қанат атырау. 21 Қыркүйек, 2017 11:41 Жауап

    Қазақтың Қарақаттары қазақ қыздары тәрбиесімен шындап айналысса деген тілегіміз бар.

  4. Қолқоюсыз 21 Қыркүйек, 2017 12:28 Жауап

    Қазақ қыздарының тәрбиесімен айналысатын
    текті қыздары сөзден түйін түйген Марфуға Айтхожина,Ақұштап Бақтыгереева,Зейнеп Ақметова,Гүлнәр Салықбаева, әннің інжу-маржанын айтатын Майра Мұқаметқызы,
    Қаракөз Сүлейменова ғой,ауыздарын ашып бір-екі ән айтқандар емес,көйлек-көншектерін көрсетіп мақтанып теледидардан шықпайтындар емес.

  5. Қолқоюсыз 21 Қыркүйек, 2017 14:22 Жауап

    Ақшаны өсіру жайында,қарапайым Халық əл-ауқатын жөнінде айту керек,неге бастағы орамалмен,камзолдан шыға алмай қалды шенеуніктер.Əркім өзі мəдинетті киіну керек ашық-шашық емес деп бір ауыз сөзбен түйіндеу керек.Камзолын не қылсын ақшасын тамақ əрең жеткізіп отырған Халық.

  6. Жұмабай 23 Қыркүйек, 2017 11:08 Жауап

    Камзолды мағынада киседе жетер, зор мәртебе.
    Қазақ қыз дары да Ислам діні ндегі Мұсылман қыздар,ендеше Хиджаб киіп жүру і керек,оданда сол туралы соны айтыңдар құрметті әншілер..

  7. Жанқабанбай 26 Наурыз, 2018 16:53 Жауап

    Кім айтты қазақтың қыздары басына орамал тағып,барлық жерін қымтап жауып жүрді деп. Бастарына әдемі үкілі тақия киіп қос бұрымын өріп шолпы шашбау таққан. Аққудың мойынындай ақ тамағың, қарлығаштың қанатындай қиылған қасың, білектің сабасындай қос бұрымың деп оның сұлулығына таңдай қағып,тамсанған. Қазақтың қыздарының басымен алыспай,хиджап кисін деп арабтың қайдағы бір көң қоқсығын қоқсытпай отырыңдар. Хиджап кисе қазақтың қыздары қойдан жуас бола қалады дейсіңдер ме,жоқ,хиджаптағылардың да неше түрлі істеп жүргендері бар.Оданда әркімге алла тағала сана берсін де. Санасы бар қыз ешқашан өз ұлтына,өз отбасына кір келтірмесі анық.

  8. Қанат. Жезқазған. 26 Наурыз, 2018 17:59 Жауап

    ҚАЗАҚТЫҢ қыздары жалаңбас, ашық-шашық жүргеннен гөрі орамал тартып, кимешек киіп жүргені – дұрыс!

  9. Қанат. Жезқазған. 26 Наурыз, 2018 18:05 Жауап

    ҚАЗАҚ қыздары шаштарын жайып жүруі – ерсі қылық! ҚАЗАҚ қыздары шаштарын жайып жүргеннен гөрі – шаштарын өріп жүргені дұрыс!

Пікір немесе жауап жазу

алты − екі =