Рузаны қолдау  – рухты қолдау!

1329
23
Бөлісу:

Рузаны қолдау  – рухты қолдау, Бейсенбайтегін қорғау – басымызды қорғау!

Дәп осылай түсінсек қана – біз ресми жарияланғанымен, шын мәнісінде, табаны тайғанақтап тұғырына шыға алмай жатқан Ана тілімізді сақтап қала аламыз! Руза Бейсенбайтегі деген кім? Өз сөзіне құлақ салайық…

«ОРЫСША АЙТПАСАҢ, КӨМЕКТЕСЕ АЛМАЙМЫЗ»…

…Кештетіп үйге қайтып келе жатқанда, ит қауып алды. Алдымен, 102-ге (полицияға) звондадым. Өйткені, иттің қарғыбауы (яғни, нақты қожайыны) бар еді.
– Алло, полиция, мені ит қауып алды. Иттің иесі бар.
– Говорите по-русский, пожалуйста! Если не будете говорить по-русский, мы вам ничем не можем помочь…
Ит талап, жеп қойса да, қазақша сөйлесем!..
Келесі күні полицияның бастығына звондап, болған жайды айттым: «Министр Қасымовқа «ит қапты» деген сөзді түсінбеген Павлодар полициясының атына арыз жазам» – дедім. Шыр-пыр болды. Кешірім сұрады. Қасымовқа хат жазғам жоқ, негізі жазу керек еді…

ТРАМВАЙДАҒЫ ТАРҒЫЛ ТІЛ

Қыс еді. Аяз. Трамвайда келе жатырмын. Іші тол­ған жарнама. Бір бұрышына ұзыннан-ұзақ «С но­вым годом! С новым счастьем!» – деп жазыпты.
Орысшасы бар. Қазақшасы жоқ. Қайда? Неге жазбаған?
Бірден жүргізушіге бардым. Дәу орыстың әйелі екен. Орыс па, қазақ па – мен барлық жерде қазақша сөйлейтін адаммын. Сұрақты да қазақша қойдым:
– «Жаңа жылдарыңызбен!» деп неге қазақша жазбағансыздар?
– Говорите на русском языке!
– Мен сізге мемлекеттік тілде сөйлеп тұрмын. Құттықтауды неге қазақша жазбағансыздар?
– Вам что не понятно? Говорите на русском! Ааа, это вы! Вас весь город знает. Да, вы всех дос­та­ли со своим казахским языком. А ну-ка, пошла вон!..
«Пошла вон!»-нан басталды бәрі. Жүргізуші әйел мені боқтай жөнелді. Атын кейін біл­дім. Татьяна екен. Боқтағанымен қоймай, төбе­ле­суге әзір тұр. Құттықтауды неге қазақша жазба­ғанын сұрағаным және қазақша сөйлегенім үшін… Трамвайдың алдына тұрып алдым. Күллі ел қарап тұр. Сол жерде трамвай басқармасына звондадым.
«Біріншіден, мына жүргізушіні ауыстырың­дар, екіншіден, құттықтауды қазақша жазың­дар!» – дедім.
Татьяна түтігіп кетіпті. Трамвайды іске қосып, алға жылжи бастады. Таптағысы келеді, білем. Жылжытып, жылжытып трамвайды менің дәл тұмсығыма тіреді. Тапжылғам жоқ. Тұрдым. Мені «қорқады» деп ойласа керек. Трамвай тоқтап тұр. Іші толы адам. Оның артында тағы 4-5 трамвай тоқтап қалған. Амалы таусылған Татьяна мені іштегі жұртқа жамандай бастады.
Қазақтар бар екен. «Да что это такое! До ка­ких пор можно терпеть! У нас же в стране за казахский язык уже матами кроят» – деді бір-екі әйел. Иә, жабылғандар әлдеқайда көп бол­ды. Татьяна тектес шовинистер әлгі бір-екі қазақ болмаса, менің шашымды жұлуға әзір еді.
Арғы жақтан трамвай басқармасы шыр-пыр болып жатыр. Полиция келді. Орыстар арыз жазуға шебер ғой. Мені алып кетті. «Мұныңыз хулигандық, сізді соттаймыз!» – деді. Колесников деген орыс бар екен. Мені танитын сияқты. «Она уже достала всех своим казахским языком» – дегенін анық естідім. Полиция менің трамвайдың алдына не үшін тұрып алғанымды тексергісі де келген жоқ…

ЛИФТ БАР, ТІЛ ЖОҚ!

…«Павлодар-лифт» деген мекеме бар бізде. Керекуде лифт – ақылы. Ай сайын төлеп отырмыз. Бір қазақ әйел жинап алып кетеді. Өз тілін ұмытқаны сондай, «атың кім?» деген сұрақтың мағынасын түсінбейді. «Себебі, детдомда өс­тім, ол жақта ешкім қазақша сөйлемейтін» – дей­ді ол. Соған біраз қазақша үйреткен болдым.
Бір күні жоғалып кетті. Бір ай, екі ай өтті. Жоқ. Ақшаны кімге төлейтініміз белгісіз, литфтілер бақылаусыз қалды. «Павлодар лифтінің» анықтама телефонына хабарластым:
– По-русский говорите!
Басшыларына хабарластым. Анығы, қабылдау бөлмесіне:
– Басшыларыңызды қосыңыз!
– По-русский говорите!
– Мен сізге мемлекеттік тілде сөйлеп тұрмын.
– Женщина, либо переходим на нормальный русский язык, либо я бросаю трубку.
Тастай салды. Негізі, түсініп тұр.
«Сендер менімен қашан қазақша сөйлемей­інше және кешірім сұрамайынша, мен лифтінің ақысын төлемеймін» – дедім тұтқаның ар жағында қызға қайта хабарласып.
Бес ай өтті. Бес айда менің қарызым 3553 теңгені құрапты. «Павлодар-лифт» мені сотқа берді. Мен қарсы арыз жаздым.
«Павлодар-лифт»-нің сорақылықтары – бұл ғана емес. Лифтінің ақысын төлеу туралы түбіртегінде қазақша бір ауыз сөз жоқ.
97 жылы «ова, овна-дан» құтылғанмын. Сол уақыттан бері Руза Бейсенбай-тегімін. Куәлі­гім­нің көшірмесін «Павлодар-лифт»-ге өз аяғым­мен апарып бергенмін. Олар менің фами­лиям­ды қалай мазақ қылғандарын білесіз бе?.. Бір жолы – «БейсенбайМERI (!)» деп келді. Енді бірі жолы – «БейсенбайТЫЗЫ» деп жазыпты. Соңғы рет – «БейсенбайТЫГЫ» деп көрсетілген түбіртек келді. Түбіртектің бәрін жинап алып, сотқа бердім…

ШАЛАҚАЗАҚ ШЕНЕУНІКТЕР

…Бас прокурордың аты-жөнін білмекке (облыстық), қоңырау шалғанымда, хатшысы:
– Здравствуйте, прокуратура области слушает! – деді.
– Айналайын, заңдық нормаларды қадағалай­тын сіздер – неліктен көрші мемлекеттің тілінен айырылмайтын болдыңдар? Қазақша жауап беріңіз, не прокурордың, бас прокурорға дей­ін, блогтарына қоямын, – дегенімде әлгі қыз:
– Делайте, что хотите! – деді.
Жауабынан түйгенім, шынымен де, көрші мемлекеттің юрисдикциясына көшіп кеткен болуымыз керек?!.
Облыстық прокуратура, облыс әкімшілігі, қала әкімшілігі, қала полициясы, облыстық ішкі саясат…бәрі-бәрі де.

***

Қазақ жерінің көрікті кербезі Баянауыл топырағында Ана тілі үшін – мемлекеттік мәртебесі бар, заңдық құқы толық Мемлекеттік тілдің мүддесі үшін қазақтың қызының жападан жалғыз күресіп, талай құқайларды басынан кешкені – Тәуелсіздік алғанына 25 жылдан асқан Қазақ Елінде орын алғандығына сенеріңді де білмейсің!

Сөзімді белгілі ақын Қазыбек ИСА ағамыздың мына өлеңімен аяқтағым келеді:

«…Керекудің керемет бір қызысың,
«Оңға бассын» деп тілеп жүрміз ісің.
Атын жазып қойсақ та – Атазаңға,
Аталмайтын тілімнің жұлдызысың!

Ұлт жолында дамылсыз дара күшің,
Жүрсің тілдің қайтарып бар ақысын.
Әкімдерің алады ұялмай-ақ,
Сен істеген істердің жалақысын…».

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА,

Қазақ үні

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 23 пікір жазылған

  1. $ 20 Қыркүйек, 2017 19:04 Жауап

    Шенділердің обрусевший болғандығынан халық(қазақ тілді)жапа шегуде жəне уақытын , денсаулығына нұқсан келтіруде(ұрып тастаса ешкім көмек бермейді)осындай жағдайға жеткізген орысшыл намысы жоқ тілсіздер.

  2. Жанашыр 20 Қыркүйек, 2017 19:49 Жауап

    Осы азияттардын ( орыс тылды ) кеселынен Казак алыпбиы болып кеткен кирилицага катер тонып тур .Бул маргиналдардын каябозыда кисаймайды ,откенынен айрылатын казак Халкы болып тур.Егерде алфавит латынга кошып откен рухани мадени гылыми мурамыздан кол узетын болсак,онда мына *орыс тылды *азияттарда мемлекет баскарудан шеттетылуы тиыс .
    Себеп :Халыктын омырын тозакка айналдырганы ушын,халыкты екыге болып бырыныкын-быры оки алмайтын бырын-быры тусынбейтын Руза-Павлодар казан-шукырын онансайын терендеткены ушын ,ашык жарага туз сепкены ушын .Маселенын алдында дарменсыздык корсеткены ушын укымет басынан кетулеры тиыс .Укымет басына Казак тылын еркын менгерген азаматтар келуы тиыс ( улты кым Болса Ол болсын )Бул азияттардан солай кутылу лазым.

  3. Қолқоюсыз 20 Қыркүйек, 2017 20:58 Жауап

    Руза- қазақтың нағыз қаһарман қызы. Оны сөзімен де, ісімен де дәлелдеп келе жатыр.

  4. Пікір 21 Қыркүйек, 2017 01:59 Жауап

    Рузаның еңбегі мықты, пайдасы шамалылар да медаль алып жатады ғой, ел үшін еңбек деп осыны айт қарылғаштың қанатымен су сепкендей болып жүрген.

  5. Қолқоюсыз 21 Қыркүйек, 2017 03:19 Жауап

    Жақсы , құтты жер ғой. Ертісінен балық аулап, тоғайына жылқы байлап жатар едің. Тек ана атауынан құтылар күн болса.

    • Қолқоюсыз 21 Қыркүйек, 2017 09:59 Жауап

      бақасы тайдай тулаған
      Еділ,Ертыс,Еміл,Есіл,Жем,Жайық,Көкше сулары-ай.сағаңды кімдер жайлаған?..
      Сулы,нулы,орман-тоғай,көк майсада,қоңыр салқын тау баурайында кімдер тұрып алған.

  6. Руза 21 Қыркүйек, 2017 06:23 Жауап

    Рухты құлын-бауырым Қажымұқан! Алла жар болсы сізге! Сізді тіл, ділге қатысты жатпай-тынбай істеп жүргендеріңіз Қазақ үнімен, басқа да қазаққа інжу-маржандай БАҚтарымен үндес!

  7. Руза 21 Қыркүйек, 2017 06:26 Жауап

    Қазекедей асыл бауырыма, Қазақ үні ұжымына ешқашан алғыс білдіруге жалықпаймын! Қатты жақсы көремін сіздерді, ұлтым, мемлекетім деп соққан жүректеріңізді, осы жолда титей де болсын еңбектерді, басқаларға жұғысты болсын деп жариялап отыратындарыңызды!

  8. Түңілген 21 Қыркүйек, 2017 07:39 Жауап

    О, Алла!
    Он миллионнан аса қазағым кімге, неге айналып кетті?
    Қазағымның санасына жан бітіре гөр!
    Шырылдаған жалғыз қызыңа күш-қуатыңды аямашы!

  9. Мұстафа 21 Қыркүйек, 2017 12:18 Жауап

    Күн көруі қыйындаған қазаққа тілі үшін тілін орысша жеткізбесе говори по русский дейтін казачкалар қазақ қызы боп ұяты оянбаса бəрі Далбаса.

  10. Нұр 21 Қыркүйек, 2017 18:24 Жауап

    Бір нәрсені анық түсіндім. Қол қусырып, қарап отыра беруге бол-май-ды! Ел болып, ұлт болып, тілімізді қорғауға кірісу керек. 25 жыл тілімізді мазақ етіп келген биліктің қазақ тіліне көзқарасы өзгереді дегенге енді сенбеймін. Халық өз тілінің тағдырын батыл қадамдар арқылы өзі шешуі тиіс.

  11. Жұмабай 21 Қыркүйек, 2017 22:46 Жауап

    Жай жерлерде емес осындайда Руза ға қорған болыңдар .. Мен бұл қарындас ты бұрыннан Қазақ тілі үшін күресіп жүрген ін білемін..Бәр жер жерде бәр қалада қазақ ша жүргізу ге атсалысу керек..

  12. Пернебай Ізмамбетұлы 22 Қыркүйек, 2017 00:25 Жауап

    Болмасын құрғақ арманың!

    Айтпасқа болмас, ашынып,
    Байлығың жатыр шашылып!
    Еврей, қытай, үндістер
    Басыңа шықты басынып.

    Құрметтемей тілімді,
    Насыихаттамай ділімді,
    Түрлі-түсті ағымдар
    Қойыртпақ етті дінімді.

    Ұлдарың күйеу-қытайға!
    Қыздарың келін-қытайға!
    Туған бала олардан,
    Ұқсап туар-Қытайға.

    Көңіл шіркін жұтайма?
    Ураның, газың, мұнай да,
    Бұйырмай біздің қазаққа,
    Кетіп жатыр-қытайға!

    Билейді күдік көңілді,
    Қаптады қытай өңірді.
    Есепсіз қарыз беріп ап,
    Сұрамасын жеріңді!

    Жымысқы қытай жымиып,
    Сөйлемес қарсы жылмиып.
    Ішінде барлық бәлесі,
    Жете алмайсың тұңғиық!

    Ойымды айттым, шешіліп,
    Қалса да тілім кесіліп.
    Бармақты шайнап жүрмейік,
    Әттең-ай деп,кешігіп!

    Көсіліп жатқан байтақ жер,
    Шалқыған теңіз, шалқар көл.
    Алатау мен Қаратау,
    Маңқыстау, Алтай жота бел.

    Атадан қалған мұралар,
    Білмесеңдер сұрап ал!
    Жайбасарлық жарамас,
    Кезің келді сыналар!

    Аталар салған-Сара жол,
    Аналар салған-Сара жол,
    Санаңа саңлау беретін,
    Болады анық-дара жол!

    Атадан алған тәрбие,
    Анадан алған тәрбие,
    Болашаққа жетелер,
    Санаңда қалса мәңгіге!

    Ұлт жанды ұрпақ өсіріп,
    Басайық алға көсіліп!
    Бойдағы ұлттық намысты
    Алмайық қазақ өшіріп!

    Қара қытай қаптады,
    Билігің мұны жақтады!
    Нарықтың заңы осы деп,
    Еселеп алды ақшаны.

    Ұғыңдар сөздің салмағын!
    Көмкеріп жиып жан-жағын.
    Қапыда қалып жүрмейік!
    Қытайың салды қармағын.

    Қытайдан қарыз алғаның,
    Бір бәлеге қалғаның!
    Мәңгілік ел болам деу,
    Болмасын құрғақ Арманың!

    Пернебай Ізмамбетұлы.
    22.09.2017ж.

    • Руза 22 Қыркүйек, 2017 06:55 Жауап

      Керемемет! Барғой біздің қазақта жүрегі елім деп соғатын, батыл да батыр ақындар! Солардың біреуі Өзіңіз екеніне ешкімнің дауы жоқ шығар!

  13. Жұмабай 22 Қыркүйек, 2017 19:52 Жауап

    Сонда трамвай дың алдында тұру,сондайға жеткізген акім дер,басшылар оңбаған екен.. Бұл жерде Қазақ тар жоқпа? . Бәрі қаңғырып келген басқа ұлт тарма?..Өз жерінде жылап сөйлету емес , бұлармен соғысу керек..Олар кезінде Молдова да қалай болғанын жақсы біледі,сол тілде сөйлемегендер Бәрі кеткен кетер жағына.. Солай жасау керек. Қазақ тар үнсіз жүрген соң басынған.. Бәрін бүлдіріп отырған нәН соның маңайындағылар,жандайшаптар Бұл ар тек заңды сыйлайды.. Бұл ар бұрынғы дай орыс тілі де мемлекеттік деп ойлап жүрген болар..Заңда жазу керек бул орыс тілі мемлекетті тіл де емес ,қосымшада емес деп.. Мемлекеттік тіл тек өз тұрғындары Қазақ ша Қазақ тілі ғана деп..

  14. Жұмабай 23 Қыркүйек, 2017 10:47 Жауап

    Бәрін жасап отырған билік тің өзі.. Қорқақ тықпа,?, бірақ не ден неге қорқу керек,олар ешқашан шабуыл дап соғыс жасамайды,оның көп теген себептері бар.. Бұл ар Қазақ тілін де сөйлейді,бұйрық болса,тек соған Нән сияқты лар көтінен кері кетіп отыр ..Ал Қазақ болып қасарысып жүргендер Олар опоңай,бұлар бір ер апта айда сайрап тұратын болады..Ол орыстар тәуелсіз екенін өз тілін де сөйлеу керек екенін Қазақ тар айтпайақ. сіз бен бізсіз де өте жақсы біледі..
    Мына сатқын баста отырған дар екен іне әбден көз жетті.. Бірақ күресті тоқтатпау керек..
    Күндердің күнінде бытшыт боп күлдері ұшады..Мәңгі отырмассыңдар..

  15. Түңілген 23 Қыркүйек, 2017 16:25 Жауап

    Жұмабай, сен шындыққа жақын екенсің! Еліміздегі барлық пәленің бәрі түгелімен бір «құмалақтың» кесірінен басталған. Жалғыз бір ғана «құмалақтан» құтылмай қазақтың( тіпті барлығының) маңдайындағы соры кетпейді.

Пікір немесе жауап жазу

1 × 4 =