Неге орыстілді мектептер, өзге ұлттар латын әліпбиіне көшпейді?

Неге орыстілді мектептер, өзге ұлттар латын әліпбиіне көшпейді?

Өз басым латын әліпбиінің қазіргі ұсынылған нұсқасына да еш қарсылығым жоқ. Жетілдіріп, кем-кетігін түзеп қолдануға болатын шығар. Жалпы, әліпби ауыстыру саясатын қолдаймын. Латын әріптерді ноқатсыз қолданудың қажет екенін ұсыныс етіп, 2006 жылы бір мақала жазып, "Егемен Қазақстан" газетіне жариялатқанмын. Сол позициям өзгерген жоқ. Бірақ, ұсынылған нұсқада неге 25 әріп? Ағылшын тілінде 26 әріп бар, егер соны негізге алған болса. Неге орыстілді мектептер, өзге ұлттар (бәріміз бір елдің азаматтарымыз ғой) латын әліпбиіне көшпейді? Мемлекеттік тіл мен жазудың оларға еш қатысы жоқ па? Унитарлық мемлекеттің біртұтас халқын осылай бөлшектеп тастаудың астарында қандай мақсат бар?

Қуандық Шамахайұлы

Фейсбук парақшасынан