Ауыл жастарына шектеу қойғысы келетін Божконың Мәжілістен кетуін талап етемін – Азамат ТАСҚАРАҰЛЫ

3938
43
Бөлісу:

Похожее изображение

Мен – Тәуелсіз Қазақ елінің азаматы, Парламент Мәжілісінің депутаты Владимир Божконың қызметінен кетуін талап етемін!

Біздің Мәжілісте өз аузына ие болмайтын, яки ойын дұрыс жеткізе алмайтын осындай тұлғалардың отырғанына намысым келеді. Азат елдің Парламентіне жайғасып алып, бұқара халықтың есебінен күн көре отырып, сол халықтың ашуын ғана келтіретін депутаттардың барына ұяламын.

Сіздің ауыл жастарының қалаға келуін шектеу керек деген сөзіңіз шынайы депутатқа, әсіресе, Халық «қалаулысына» лайықты сөз емес.

Сол ауылдан келген жастардың бірі – менмін. Астанаға арман қуып келдік. Жұмыс істесек, ауылдағы ата-ананы, туған-туысты асырасақ, сәті түсіп ауыл-аймағымызға көмектессек деп келдік. Қолдан келгенше осы елдің керегіне жарасақ дедік. Сол ойымыз бірте-бірте орындалып та келеді. Ауылдан келе тұра, осы қаланың аз қамтылған төл тұрғындарына қайырымдылық көмек көрсетемін.

Мен мемлекетке 1) зейнетақы жарнасын төлеймін, 2) міндетті медсақтандыру ақысын төлеймін. Біріншісіне келсек, зейнетақы ақшамыздың қайда кетіп жатқанын өзіміз білмейміз. Әзірбайжанға кеткен 70 млрд-тан кейін зейнетақы қорына еш сенімім жоқ. Екіншісі, мен тәуелсіз Қазақ елінің азаматы ретінде, неге, не себепті тегін медициналық қызмет ала алмаймын? Неге мемлекет мені тегін медқызметтен шектейді? Неге мен жұмыс істемесем де, міндетті түрде медсақтандыруға ақша төлеуім керек?

Сонымен бірге, мен жеке кәсіпкер ретінде мемлекетке табысымның 10 пайызын беремін.

Мен көлік иесі ретінде жыл сайын сол көлік үшін мемлекетке салық төлеймін.

Мен пәтерімнің коммуналдық төлемдерін де мемлекет есебіне ай сайын кешіктірмей аударамын.

Менің және мен секілді ауылдан келген талай қазақ баласының осындай бітпейтін салықтарынан Сіз, Божко мырза, ай сайын миллиондап айлық аласыз.

Неге?

Сіздің ауылдан келген мен секілді қазақ балаларынан қай жеріңіз артық? Және сізді асырап отырған адамдарға қалаға келу-келмеу туралы үкім айтатын сіз кімсіз?

Жауап берейін. Сіз – халықтың құлысыз. Сіз халыққа қызмет ету үшін сол жерге барғансыз. Сіз халықтың сөзін сөйлеу үшін депутат болдыңыз.

«Күшік асырап ит еттім, Ол балтырымды қанатты» дейді әулие Абай. Егер сіз бізге, өз Иелеріңізге қарсы шықсаңыз, сіздің орныңыз Парламент емес!

Сіз депутат ретінде Қазақ елінің БІР АУЫЛЫНА ТИТТЕЙ БОЛСЫН КӨМЕК КӨРСЕТТІҢІЗ БЕ? ЖОҚ!

Сіз депутат ретінде неге ауылдың бір баласын ӨЗ ҚАРЖЫҢЫЗҒА ТЕГІН ОҚЫТПАЙСЫЗ? Ол сізге «даром» керек емес!

Сіз депутат ретінде Мәжілісте АУЫЛДАҒЫ проблемаларды бір рет болсын көтердіңіз бе? Оны да мен естімедім!

Мен ЖОҒАРЫ БІЛІМІ ЖОҚ, ауылдан келген қарапайым ғана қазақ баласымын. Ал сол ауылдан менен де білімпаз, менен мың есе зерек, ойы ұшқыр жастар кеп жатыр. Олардың бұл қалаға, бұл елге берері менен де, сізден де әлдеқайда көп екеніне кәміл сенемін. Тіпті, осы қалалардың инфрақұрылымын, құрылысын, жолын, бәрі-бәрін денсаулығын сарп етіп дамытып жатқан, салып жатқан байшыкеш депутаттардың «золотой» балалары емес. Осының бәрін маңдай терімен адал атқарып жатқан ауылдың жастары. ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ!

Сондықтан, сіздің ауыл жастарына қатысты айтқан сөзіңізді білімсіздік белгісі деп санаймын.

Сіз өз сөзіне, өз ісіне жауап бере алатын тұлға болсаңыз, өз еркіңізбен Мәжілістен кетуіңіз керек!!!

Азамат Тасқараұлы,

Қазақ үні

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 43 пікір жазылған

    • Шалахан Әбілғазы 20 Қыркүйек, 2017 08:05 Жауап

      Тәуелсіз елдің жастары қайда барады қайда жүреді өзі құқы ешкім тиым салатын құқы жоқ Бостандықта Бодандық арта қалған БАЖКО билік айтатын көтін қысып жағадан алмай жүрсін жәнеде отырған жылы орындықтан кетсін ақылы жоқ болса

  1. Ержан 19 Қыркүйек, 2017 11:46 Жауап

    Осы талапқа мен де қосыламын! «Халық қалаулысы» аталатын депутаттық лауазымға еш лайық емес!

  2. Қолқоюсыз 19 Қыркүйек, 2017 12:18 Жауап

    Халық қалаулысы деген аттан садаға кетсін,көкек құсап өздеріне таңып алғанын,ондай атқа иелік ету үшін қажырлы еңбек ету керек.мысалға:- Қаныш Сәтбаев деген сияқты.

  3. Дос 19 Қыркүйек, 2017 13:02 Жауап

    Асалоумағалейкім, ағайын! Депутат қате жіберген… Бірақ «Он сукин сын, но он наш сукин сын» демекші одан жауабын алмай қызу қанмен арыз жасау артық.

  4. Серiк 19 Қыркүйек, 2017 13:16 Жауап

    Азамат дурыс айтады. Божко кай онiрден сайлауга тускен? Орнын елiм жерiм дейтiн казахтарга босатып берсiн. Ондай асын iшiп табагына т…п кететiн жепутат керек емес!

  5. Назым 19 Қыркүйек, 2017 13:26 Жауап

    Онсыз да ұстағанның қолында, тістегеннің ауызында кетіп жатыр ту-талақай болып бар дүние қолдаймыз кетсін орнынан лепірмей,

  6. Маxамбет 19 Қыркүйек, 2017 13:58 Жауап

    Қазір Мәжіліске өңірден түспейді 2007 жылдан бері партиялық тізіммен түседі. Божконы депутат қылып отырған » Нұр Отан» партиясы

  7. Қолқоюсыз 19 Қыркүйек, 2017 14:18 Жауап

    Халыктын кулымын деп депутаттыкка барганша.баргасы болды оларга халык кул болып коринеди.ол жалгыз божко емес баскада коп кой ондай арам тамактар.бари халыктын созин сойлеп.халыктын тилеуин тилеп отырса биз баягыда бай елдердин катарында болар едик.жок олар халыкты емес озинин кулкынын ойлайды.кылтамак болгырлар.халыкты жылаткандардын коздери жастан кетпесин.

  8. Қолқоюсыз 19 Қыркүйек, 2017 14:30 Жауап

    НҰР Отан неге үндемеи жатыр.алыстағы ауыл адамдарын қорғайтын бір адам жоққа қалаларында .Бұл мықты да сіздердің кандидаттарыңыз емеспін төртен орын берген сіздер емеспе

  9. нұрлаг 19 Қыркүйек, 2017 14:34 Жауап

    Сына экс-министрдің басын дымқыл тартқан халық жауының сөзі ғой,сонда жолды кім салып құрлысты кім жүргізеді екен

  10. Ауыл баласы 19 Қыркүйек, 2017 17:09 Жауап

    Башко орныңнан тез кет ауыл жастары сенің парламетте отырғаныңа разы емес! Қай партияда бұл сумелек сол партия xалық алдында жауап берсін! Бұндай депутатың құрсын!.

  11. Галым 19 Қыркүйек, 2017 22:46 Жауап

    Бажка козинди курт Азамат мен сизди колдаймын мен сизбен биргемин сумелек сол ауылдардын аркасында кун корип миллиондар алып жургенинди умытпа и казах жастарына тил тигизетин сен ешким емессин казахтардын аркасында бетин бескектир болып отыр сонда малгун

  12. Қолқоюсыз 19 Қыркүйек, 2017 23:04 Жауап

    Менде Азаматтың айтқанына қосыламын өте орынды айтылған .Божко орнын босатсын.Кашангы ауыл баласы ундемей отырады байдын балалары ойларына келгенин істеп жур .Ал ауылдан шыккан балалар калай жанымды баксам екен деп жур.

  13. Қолқоюсыз 19 Қыркүйек, 2017 23:09 Жауап

    Менде Азаматтың айтқанына қосыламын өте орынды айтылған .Божко орнын босатсын.Кашангы ауыл баласы ундемей отырады байдын балалары ойларына келгенин істеп жур .Ал ауылдан шыккан балалар калай жанымды баксам екен деп жур.Ауыл балаларына шектеу койғанша көктемде жыл сайын су шайып жаткан елди мекенди реттке келтірсін.Ауыл адамдары азып тозган соларга барып неге қол ұшын бермейди.

  14. божконың 2 ши баласы 20 Қыркүйек, 2017 10:01 Жауап

    ундемей отыра бериндер қазақтар не истей аласындар паханға,айтындарш ал,сөйлеңдер ха-ха-ха-ха-ха-ха-ха

  15. Айнұр 20 Қыркүйек, 2017 11:29 Жауап

    Азамат жарайсың ! Қаншама адамның ойында жүрген сөздерін жеткіздің .
    Қазақ жігіттері осындай өжет болыңдар .

    • Шинар 20 Қыркүйек, 2017 15:01 Жауап

      Менде кос колдап колдаймын Азамат оте дурыс айттын. Осындай ауылдын жастары тугыл, ауылдын иысын былмейтындерды ауылга жыберу керек. Ауылдын тыршылыгын, 30 000 айлыкка жумыс жасаган адамдарын кору керек. Орнын босатсын.

  16. Дос 20 Қыркүйек, 2017 15:22 Жауап

    Балалар дұрыс айтасыңдар. Бірақ көпке топырақ шашпайық. Баяғыда бір патша. Елдің жағдайы жқсарсын деп қордан қаржы бөліпті. Содан біраз уақыттан соң елді аралапты. Араласа халықтың жағдайы әлі жақсармапты. Сосын қайтадан қаржы бөліпті. Одан кейін қайтадан аралапты. Халықтың жағдайы бұрынғыдай өзгерген ештеме жоқ.. Содан барлық қарамағындағыларды жинап бұл қалай деп сұрақ беріпті. Ешкімде үн жоқ. Барлығы тыныш, тоқ. Сонда есіктің аузында тұрған қарапайым кісі, патшаның қолына бір кесек мұзды беріп.Осыны халыққа мұртын бұзбай жеткізу үшін кімге тапсырма бересіз депті..Бірінші уәзірге, ол өзінен кейінгіге осылай сатылап ең соңынан мұзды патшаның қолына апарып берген қарапайым ксінің қолына тамшы болып тиеді… Сонда қарапайым кісі тұрып, міне сіздің бөлген қаржыңыз бізге жеткенде қандай деңгейде жетеді. Осыдан кейін халықтың жағдайы қалай жақсарады тақсыр деп, үнсіз шығып кетіпті. Сол себепті қаржы келетін жеріне, тікелей келмейінше жағдайымыз осылай болады. Барға шүкіршілік жасайық, ағайын…

    • Қолқоюсыз 21 Қыркүйек, 2017 13:32 Жауап

      әй,қайдам,айтарын айтты,түпкі ойын сездірді,артынан ақталып,жүз құбылғаны кімге дәрі.қазақ өз жерінде,тайраңдаса да,сайрандаса да.қазақ бұзық,қазақ жалқау,басқалары керемет,масаның мұртын қанатпайды.экспода кетіңдер,астанадан аулақ жүріңдер.осы басқалар қазақпен орындарын ауыстырып алған жоқ па?

  17. Венера Мұратқызы 20 Қыркүйек, 2017 21:35 Жауап

    В. Божконың айтқанын оқып қатты қынжылдым. Қазақтың жастары тәуелсіз еліміздің қай өңірінде, қай қаласында тұрамын, еңбек етемін десе толық құқылы. Оны шектейтін не шешетін Божко емес. Ауыл жастарына қалаға келуге тыйым салғанша, елімізде қаптап жүрген өзге елден келген келімсектерге неге тосқауыл қоймайсыз? Осы орайда Азамат мырзаның жазған мақаласымен толықтай келісемін.

  18. Еркебұлан. 21 Қыркүйек, 2017 13:20 Жауап

    Өзі кайдан шыкканің білеме екен ұмытып калмадыма . Елбасы ауыл шаруашылығын котеремыз жастарымызды окытып улкен тəжірибе береміз деп үлкен оқу орна шакырып жатканда мынау болса озге улттын шанырағын менсінбегеніме. Елбасынын созыне карсы келгенше орынынды босатканы жөн емеспе .бəрімізде ауылдан шыктык каланын туылып калада туратындардын озы ауыл шаруашылығын колға алып ауылға кетып жатыр. Себебі каланын айналасына турлы заводтар салып жалакыга тоймай жемкорлыктарды колдагандардын кесырінен. Ауаға лас калдыктарды таратып жатыр

Пікір немесе жауап жазу

он сегіз + 3 =