Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақ тілі халықты біріктіреді

2500
20
Бөлісу:

Картинки по запросу назарбаев

Қазақ тілі халықты біріктіреді. Бұл туралы бүгін Тараздағы Достық үйінде Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерімен кездескен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жүздесу барысында Қазақстан Президенті күні кеше ғана Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барып келгенін, екі елдің арасындағы барлық қатынастар жан-жақты дамып, жақсарып келе жатқанын айтты. Сондай-ақ халықты рухани жаңғырту мәселесіне тоқталды.

«Рухани жаңғыру – бұл бос сөз емес. Қазіргі уақытта әлем өзгеруде, біз, әсіресе жастар оған бейімделуі керек. Ақпараттық технологиялар әлемі жаңа білімді, жаңа түсініктерді талап етеді. Уақыт оқтай зымырауда. Қоғам да, әлемде даму үстінде. Біз одан қалып қоймауға тиіспіз. Сондықтан адам ең алдымен өзін өзгертіп, күн сайын, өмір бой оқуы тиіс. Универсиетті бітіріп, допломды қалтаға салып қою жарамайды. Артта қалып қойғың келмесе өмір бойы оқы. Бұл ретте жастар үшін бейтаныс ештеңе де жоқ», – деді Елбасы.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев қажетсінген адам кез келген тілді үйрене алатындығын баса атап өтті.

«Меніңше, мемлекеттік тіл қазақ тілін адамдардың басым бөлігі түсінген жағдайда ол бірігудің, жақындасудың белгісі болар еді. Егер сен бір елдің тілін білсең, онда сені барған жеріңде жақсы көреді. Шет елге барғанда ағылшын тілін білсең оларға жақын боласың. Неміске барып, немістің тілін білсек, оларға жақын боласың. Сол сияқты қазақ тілі елдерді біріктіреді. Мақсат – осы», – деді Қазақстан Президенті.

Елбасы Қазақстанда ешкімді де қазақ тілін білуге тиіссің деп мәжбүрлемейтіндігін, әр ұлт өзінің тілін, мәдениет, салт-дәстүрін дамытуға барлық мүмкіндігі бар екендігін айрықша айтты.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 20 пікір жазылған

  1. Қолқоюсыз 19 Қыркүйек, 2017 01:03 Жауап

    Биліктегілерге ҚАЗАҚ ТІЛІН БІЛУДІ міндеттеу керек. Астананың әкімі үнділермен болған жағдайда Қазақша сөйлей алмағаны Масқара ғой, сонда ол әкім нені күтіп жүр өз тілін үйренбей, әлде орыс тілінің мәртебесін көтеруді армандағандардың қатарынан ба. Орыстілді билік, қашанғы халықтың төзімін сынайсыңдар.

  2. Түңілген 19 Қыркүйек, 2017 01:13 Жауап

    Иә, бұл шалдың сөзі басқа, ісі басқа, ойы басқа!
    Ішіне шаян, шортан, аққау кіріп кетсе керек.

  3. мурат 19 Қыркүйек, 2017 01:22 Жауап

    дурысгои ханиемиз намек берип жатыргои уиренсендер кор болмаисындар деп Карл Маркс аиткандай.

  4. Қолқоюсыз 19 Қыркүйек, 2017 09:54 Жауап

    Таразга? Петропавловск Павлодар караганда усть-каменогорск талды-курган жактарга неге бармайды? Баратын болса сол жактарга барсын.Казак еместер аталган жерлерде коп .Тугелдей Казак арасына угыт жургызгены несы .

    • Қолқоюсыз 19 Қыркүйек, 2017 11:06 Жауап

      Не деп кеттіңдер,біресе былай,біресе олай.
      Бөлінгенді бөрі жейді дейтін болса,бір тұтас Қазақстан өтуі керек қой латынға.
      Сөз бір жақта,іс-әрекет бір жақта,ылақпайықшы.ақыры өтетін болған екен,неменеге жартыкештеніп отыр.

  5. Ғазиз 19 Қыркүйек, 2017 10:54 Жауап

    Қайдам, бұл облыстарға да барып жатыр емес пе? егістік науқанында солтүстік өңірлерді аралуды Елбасы дәстүрге айналдырған.

  6. Қолқоюсыз 19 Қыркүйек, 2017 22:46 Жауап

    Ата алдымен озинген баста,басын мемилекеттик тилде бастап аягын корши елдин тилинде сойлемей

  7. Әбу 19 Қыркүйек, 2017 23:13 Жауап

    Иә, «Түңілген», 19-қыркүйек, сен шалдың үш-төрт жақты екенін дұрыс айттың. Мемлекеттік тілді – қазақ тілін 25 жыл бойы көкпар етіп келе жатқан өзі! Бұл «молданың айтқанына сенбе, істегенін, әрине. істеме» деген жөн!

  8. Шындық 20 Қыркүйек, 2017 10:40 Жауап

    Калбыт Ашшы болсада Шындықты аиты Нурик Әр кезде Өзінің Қазақ Елінің Президенті екені есіне түскенде Бір жағынан Аңқау сенгіш Қазақтың көңлін аулап қоиу үшін

  9. Қолқоюсыз 20 Қыркүйек, 2017 12:24 Жауап

    адамда екі бет болмайды,екіжүзді болады.
    қазаққа екі түрлі,басқаға біртүрлі сөйлегенді не дейді?

  10. Тұрсынғали 20 Қыркүйек, 2017 20:23 Жауап

    Біз Қазақпыз. Мұсылманбыз, біздің тіліміз қазақ тілі , яғни халал. Қазақша білмейтін шала қазақтың тілі харрам.Орысша сөйлейтін оның тілі де,орысша ойлайтын оның ойы да, ұйықтағанда орысша көретін оның көрген түсі де харрам.

  11. Қара. 20 Қыркүйек, 2017 20:57 Жауап

    Бірінші-ең бастысы қазақ бол,адам бол,мұсылман,хәлал дегендерің бос сөздер.Екінші-қазақсыңба,бітті,ана тіліңді білуге міндеттісің.жерден,көрден шыққан жоқсың,қаның қазақ,елің қазақ,ата-бабаң қазақ бола тұрып,ана тілін білмеу қылмыс.ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп,ел-жұртыңмен,тіліңмен ғасырлар қойнауында,аласапыран заманда жоғалып,жұтылып кетпеу үшін.

Пікір немесе жауап жазу

үш + 19 =