МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҚОРҒАҒАНЫ ҮШІН қыспақта қалған Керекулік батыр қыз Рузаға АРАША ТҮСЕЙІК!

10994
130
Бөлісу:

 

Астанадан журналист Жұмамұрат Шәмші  хабарласып,  Керекудегі Руза Бейсенбайтегінің  қиындыққа тап болғанын айтты. Өзім де Рузаға хабарластым.  Керекудегі  ұлт мүддесін қорғап жүрген  қазақтың жалғыз қызы ыздан жарыла жаздап тұр! Өз елінде, өзінің Мемлекеттік тілін қорғағаны үшін қолдау емес, қорлық көргені  үшін  қазақ қызы Керекудің қақ ортасында трамвай тоқтатамын деп жылап тұр! Бұрын да бір рет  осындай мемлекеттік тілге жасалған әділетсіздік, заңсыздық үшін ерлердің ешқайсысында жоқ күшпен трамвай тоқтатқанын бүкіл ел біледі.

Руза қаладағы 7 трамвай кондукторына «Қазақ тілінде неге xабарламайсыз» деп, мемлекеттік тіл мүддесін – мемлекет мүддесін қорғағаны үшін кондуктордан «Қазақ тілі неге керек»-деген нешетүрлі қорлау, жала сөз есітіп, қазір трамвайды тоқтатып тұр !. Полиция шақырылған, келіп алып кетпекші! Негізі, мемлекеттік тілді қорғаған адамды сотқа бермейді, Алғыс, марапатқа ұсыну керек!  Ал мемлекеттік мүддені қоғаған  ел патриотын «Националистка» деп, жала жапқаны  үшін трамвай жүргізушісін, мемлекеттік мүддені қорғаған адамды қорғаудың орнына оған қарсы қарекет жасағаны үшін полиция, әкімшлік қызметкерлерін  сотқа тарту керек!

Мемлекеттік тілді қорғауы тиіс облыс, қала әкімдері Бақауов, Әшімбетовтар бастаған басшылар қорғай алмағасын, қорғау, қолдау ойында да болмағасын, жалғыз өзі Мемлекеттік мүддені қорғауға шыққан Керекулік батыр қыз Рузаны қолдайық!

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҚОРҒАҒАНЫ ҮШІН қыспақта қалған Керекулік батыр қыз Рузаға АРАША ТҮСЕЙІК!

Бұлай кете берсе, бүкіл қазақтың зиялы қауымы  Павлодар облысы әкімшілігіне барып,  Елбасының  «Рухани жаңғыруының»  мәнін  ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРІП, «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕМЛЕКЕТТІК МҮДДЕ» атты  ашық сабақ -алқалы жиын  өткізуіміз керек-ау!

Байланыс  телефоны,   +7 701 182 62 65, +7 (707) 603-45-52 Павлодардағы Руза Бейсенбайтегіне xабарласып, көмек көрсетіңіздер.

Республикалық  «Қазақ үні» газеті   тиісті мемлекеттік органдардан бұл оқиғаға байланысты түсініктеме күтеді.

Қазыбек ИСА

 

ПАВЛОДАРДАҒЫ РУЗА БЕЙСЕНБАЙ ТЕГІНЕ АРАША ТҮСЕЙІК!!!

Осы қазір ғана`16.09.2017 жыл, сағат 11.30-да маған Астанадан Жұмамұрат Шәмші телефон шалып: -Павлодардағы күрескер қазақ қызы Руза Бейсенбай тегін ұстап, қамағалаы жатыр,- деп қарындастың телефонын маған берді. Мен қолма-қол 8 7011825265 телефонына қоңырау шылып, Руза қарындаспен сөйлестім. Қарындастың айтуына қарағанда, қаладағы -7 бағыттағы трамбайда мемлекеттік тілдің орындалуын талап еткен. Сөйтсе, аналар шулап, Руза Бейсебай тегін сотқа беруге кірісіп те кетіпті! Өзт мемлекетінде мемлекеттік тілдің орындалуын талап еткені үшін қазақ аруы жазықты болыпты. Сондағы Түркібаев деген қазақ полициясы да орыс тілділер жағында дейді. Қала әкімі де қазақ тіліне ат үсті қарайтындай. Бұларда ұлттық намыс атымен жоқ болғаны ма? «Ұлтым!» деген азаматтар, қазақ қызы Руза Бейсенбай тегіне араша түсейік? Рузаның телефонын жоғарыда бердім.

Құрметпен Жұмаш Көкбөрі,

16.09.2017 жыл, сенбі

Фейсбук парақшасы

ҚАДІР ТҮНІ ҚАДІРІҢ АРТА БЕРСІН!

                                                                                Тіл қайраткері Руза Бейсенбайтегіне

 

Руза  қыз туылған  қазақ үшін,

Айқасуда, аз емес азабы шын…

Бишікешті орысқұл билетеді,

Арнап  тілге білім мен  таза күшін!

Күресуде Руза  Қазақ үшін!

 

Жігерің бар барлығын жеңетұғын,

Қабыл болсын Қадыр түн көп өтінім.

Оразаға туған күн тура келді,

Ширек ғасыр сайын бір келетұғын!..

 

Керекудің керемет бір қызысың,

Оңға бассын деп тілеп жүрміз ісің.

Атын жазып қойсақ та Атазаңға,

Аталмайтын  тілімнің жұлдызысың!..

 

Шенеунікпен жүреді алысып әр,

«Сотқар» қызды соттардың бәрі сынар…

Ұлттық мүдде жолында ұлық түгіл,

Трамвайды тоқтатқан намысы бар!..

 

Ұлт жолында  дамылсыз дара күшің,

Жүрсің тілдің қайтарып  бар ақысын.

Әкімдерің алады ұялмай-ақ,

Сен істеген істердің жалақысын…

 

Ел мен тілдің намысы – бір мағына!

Аман-есен еліңнің жүр бағына.

Лайықсың Руза жырға мына-

Тілді қорғау орнына қорлап жүрген,

Министрлер тұрмайды тырнағыңа!..

 

Тазкепешін биліктің  тар көрерсің!

Тарландықпен  тауға да   тарта бер шын!

Қадір түні қадірлім мерейлі боп,

Қазақ үшін қадірің арта берсін!

Қазыбек ИСА

13.07.2015

qazaquni.kz

http://www.qazaquni.kz/2015/07/13/38208.html
Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 130 пікір жазылған

  1. Руза 19 Қыркүйек, 2017 22:32 Жауап

    Қолдау көрсеткен ақ ниеттеріңізге, қол ұшін созамыз деген пейілдеріңізге мың алғыс, қазақтар! Алла жар болсын, баршыңызға!

  2. Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ 19 Қыркүйек, 2017 23:01 Жауап

    Рузаны қолдап, қазақ тілінің жыры 25 жылға созылып келе жатқаны, т.б. қате жәйттер үшін кім кінәлі екенін ашық айтып жазған пікірім берілмепті. Е, әркімнің бір есебі ішінде есінеп жататын заманға дауа жоқ екен ғой!

  3. Қолқоюсыз 20 Қыркүйек, 2017 18:35 Жауап

    25 жыл емес 1 жылда тіл мəселесін шешуге болады кінəнің бəрі өзімізден өзкмізГЕ мақты болмайынша біздің тілді ешкім қажет қылмайда

  4. Руза 3 Қазан, 2017 18:40 Жауап

    Мында ризашылығымды білдіріп пікір жазғандай едім? Әлде шатастым ба? Ардақты да асыл, өр Қазыбек бауырым бастаған текті ұжымның арқасында, басқа да бірлі-екілі осы тектес БАҚтардың көмегімен жылжып жатыр қазақ тілі алға!

  5. Қалжан 23 Қазан, 2017 01:53 Жауап

    Өз елінде тұрып, Өз елінің ана тілін қорғағаны, қолдағаны үшін Аналарымыз, Азаматтарымыз қудаланбауы тиіс!
    Қудаланса, алалыққа салынса, Ата – баба рухына сын, келер ұрпаққа жалаң тіл жарық ту қалдырғанмен бірдейміз. Ел басқарып отырған Ел басы атандырып ,Ортамыздан ойып тұрып алып берген, орнын ойсыратпай жасын сыйлап, жүріп өткен артын ізін сыйлап, отырған елбасқарушы отырып,
    Қанша зиялы қауым, үлкен -үлкен зор құрметті алғы буынымыз бар, ақын бар ақиық бар,ғалым бар, қарты бар, қариясы бар, ақ жаулықты анасы бар, төрт көз түгел отырып, Мемлекет Өз тілін соттатып, Өз отанын сатып, қорғаған азаматын, қолдаған анасын қорқыту, үркіту, қолын матап, ауызын бекіту бұл үлкен алып мемлекетімізге үлкен сын, ойсырата опырған обал!
    Ана сүтімізді ақтамағандық, ата жолынан аттағандық, босағаның белінен басып, түндігімізді ашпастан шаңырағымызды ортасына өз қолымызбен айдың күннің аманында желдің өтіне қалдырғандық, дұшпан сырттың жолына қолдан бергендік. Аллада қош көрмес…

Пікір немесе жауап жазу

төрт × бір =