Қазыбек ИСА: Төл дыбыстарымызды жоғалтсақ, Токиода отырып хат жазғанның не керегі бар?!.

5082
19
Бөлісу:

Sarapshy клубы «Латын әліпбиіне өту: Алматы талқылаулары» деген тақырыппен тіл мамандарының, саясаттанушылар мен әлеуметтанушылардың, қоғам қайраткерлерінің, жастар мен студенттердің, қала тұрғындары мен мемлекеттік орган қызметкерлерінің басын қосып жиын өткізді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақ тілінде үш сөз жазса бес қате жіберетін» «сарапшылар» шыққан. «Анау дұрыс емес, мынау дұрыс емес» деп, соңында «Бізге латын әліпбиінің қажеті не?» дегенге көшіп кетті. Тілдің дамуына қатысты тәп-тәуір ұсыныстарды келемеждеп, теріске шығаратын болсақ, бұл үлкен қателік болмақ», – деді дөңгелек үстелдің модераторы Дәурен Бабамұратов.

Оның пікірінше, әлемде сандық технологияларда бір күн ішінде жүздеген жаңа термин сөздер пайда болып жатыр. Бұл сөздер ортақ сандық кеңістікте қолданылады. Осы жаңа терминдерді қазақ тіліне сіңіру үшін біздің әліпбиіміз сәйкес болуы керек.

Жазушы Смағұл Елубайдің пікірінше, әліпбиді өзгертудің қиыншылығы жоқ.

«Прагада «Азаттық радиосында» тоғыз жыл қазақшаны латын әліпбиімен жазған адаммын. Жаңа әліпбимен жазуды, оқуды үш-төрт күнде меңгеріп алдық. Бір әліпбиді меңгеру түкке тұрмайтын нәрсе, – деді жазушы.

Смағұл Елубай латынға негізделген жаңа қазақ әліпбиінің мемлекеттік тілді тұғырына қондырып, тілдік сегменттерге бөлінген қоғамды ұйытуға, идеологиялық бірлікке бастауы тиіс екеніне тоқталды.

Жазушы, тарихшы Бейбіт Қойшыбаев бұл мәселе алғаш көтерілгенде, латынға көшудің бір мақсаты – түркі халықтарын жақындастыру деп жаңсақ түсінгенін айтты. Расында да, кирилл қаріптерін қолданып отырсақ та, іргелес отырған қырғыздың сөзін түсінгенімізбен, жазуын оқу қиын.

«Латын әліпбиіне көшудің негізгі мақсаты – бүгінгі күннің көшіне ілесу, компьютерге, смартфондарға, жалпы жаңа технологияларға кіру екен. Ағылшын тілінде бір дыбысты үш-төрт әріппен таңбалайды. Бірақ, ләжі болса, қосарланудан құтылу керек. Жіңішкелік бегілерін қойып көп нәрсені шешуге болады», – деген пікір білдірді Б. Қойшыбаев.

Латын әліпбиіне көшуді рухани тәуелсіздік деп бағалаған «Қазақ үні» газетінің бас редакторы, ақын Қазыбек Иса кейбір кемшіліктерге, қазақ әріптерінің жоғалып кетуіне қарсы екенін айтты.

«Англияда, Токиода отырып қазақша хат жазысуға болады дейді. Бірақ қазақтың ә, ү, ө, қ, ғ секілді төл дыбыстарын жоғалтып алсақ, олай хат жазғанның не керегі бар? Мысалы, Әлім деген адамның аты Аеlіm деп жазамыз. Ер адамды әйелім деп тұрсақ, не болмақ? Дауыссыз дыбыстарды екі әріппен таңбалауға болатын шығар, бірақ дауысты дыбыстарға келіңкіремейтін сияқты. «Түнгі» сөзді жазғанда «түңі» деп, асханамыз «ашана» деп оқылады. Бұл қалай болғаны? Алдымен осындай мәселелерді шешіп алуымыз керек. Диакритик (қосымша таңбалар) неміс, польша, чех халықтарында да бар. Олар еш қиналмай-ақ дамып келе жатыр», – дейді ол.

Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі, жазушы Бекнұр Кисеков ағылшын тілінде 2 жарым миллиард халық сөйлейтінін, ағылшын әліпбиінің өте ыңғайлы екенін алға тартты.

«Өз басым диакритиктерге үзілді-кесілді қарсымын. Бізге ол ыңғайсыздық тудырады. Айтылуы транскрипцияда көрсетілуі керек. Жалпы, біздің тіл үшін кириллицаға қарағанда латын ыңғайлы», – деп ұсынылған нұсқаны қолдайтынын білдірді.

Ал «Заман-Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары Бауыржан Карипов елімізде ақпараттық технологиялардың дамуы тікелей латын әліпбиіне тіреліп тұрғанына күдік-күмәнмен қарайтынын жеткізді.

«Егер біз Тіл білімі институтының ғалымдарына құлақ ассақ қана, бұл шынымен рухани жаңғыру болар еді», – деген қорытынды жасады.

Әрине, қанша адам болса, сонша көзқарас, пікір бар. Осы бас қосудан түйгеніміз, латын әліпбиіне негізделген жаңа қазақ әліпбиіне өтуге қазақтілді орта қарсы емес. Тек қана ұсынылған нұсқаға көңіл толмаушылық бар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та тіл мамандарының сүзгісінен өтіп, мақұлданбай, бұл нұсқаның қабылданбайтынын қадап айтты. Бастысы, саяси шешім қабылданды. Біз латынға ақыры көшетін болдық. Ендігі мәселе – әліпбиіміздің қандай болатынында. Талқылаулар да осы төңіректе өтіп жатыр. Латынға көшу әліпбидегі әріптерді ауыстырумен шектелмесі анық. Бұл қазақ тіліне түбегейлі реформа жасауды талап етеді. Орфографиямыз көп өзгеріске ұшырайды. Жаңа ережелер қажет болады. Ендігі шаруа – тіл мамандарының еншісінде.

Келісіп пішкен тон келте болмас, бұл мәселеде филолог-ғалымдармен қатар, қазақша жетік білетін шет тілдері (әсіресе, ағылшын), ақпараттық технологиялар мамандары ат салысып, ортақ тұжырымға келіп, әр тараптың көңілінен шығатындай нұсқаны жасап шығарса, құба-құп болар еді.

Шадияр Өстемірұлы
Baq.kz 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 19 пікір жазылған

  1. Қолқоюсыз 15 Қыркүйек, 2017 22:47 Жауап

    Алфавит,быз казак-барлык жетыстыкке жеттык Енды не калды латын,оны кабылдасак .галамшардын алдына шыгамыз .80-шы жылы
    Коммунизм болады Ол ушын орыс тылын былу манызды дейтын.Былдык-уйрендык :Казак тылы нан -сурап жей алмайтын дарежеге жатты.Мына латынында сонын манайы,отырык мактап коппайак котбурыштанбайак койындар .Латын да Казак тылынын кезектегы казылган коры.Е?

  2. аноним. 15 Қыркүйек, 2017 23:07 Жауап

    латын тілі қазақ тіліне қазылған көр коеr десеңші.
    сосын латынға өтсең оеtseng нобель береме.
    қалың қазақтың тұқымын тұздай құртайын дегені ме.бас кеспек болсада,тіл кеспек жоқ дейтін қазақтың тілін қырқайын дегені ме.
    аеumeser aengudik oelimtik емес едік,aebirzhip kettik khoy.

  3. қанат, атырау 15 Қыркүйек, 2017 23:52 Жауап

    Қазыбектің пікірі дұрыс. Осы бағыттан айырылмаңдар. 8 әріптің барлығы жеке әріптермен белгіленсін , дыбысталсын. Біреудің көңіліне қарайтын заман емес.

  4. ЖОЛДАС АБІЛДАБЕКҰЛЫ САРЬАЙТЕГІ 16 Қыркүйек, 2017 00:01 Жауап

    Латын əліпбиін талқыға салушы зиялы қауымнан өтінерім:Жалғасбек Əріпжанұлы ағамыз айтқандай, » Ғ» əрпі қалып кетпесін.Қалып кетсе халыққа өте қиында, автобустарда, трамвай-троллейбустарда» СЫҒЫЛЫП» жүреміздə! Жүдə қиын боладыдə УƏЛИБЕК- шілеп айтқанда!

  5. Қолқоюсыз 16 Қыркүйек, 2017 10:23 Жауап

    Ресей тұрғанда Қазақ Елі латиницаға өтпектүгілі , не істесе де бәрі бекер, бекер Халықтың ақшасын желге ұшырып жатыр, сорлы қарапайым Қазақ тағы да сорлайды. Егерде жоғарыда отырған басшылар өздерін түзетпейінше Ел түзелмейді. Президент шет елден келген басшылармен орысша сөйлеседі, қазақша сұрақ қояды ол орысша жауап береді, Ресейге өте жалтақтап отыр. Орнынан айырлып қалам дейді ау өзі. Жалтақ Қазақ, Ру-ға бөлінгіш қазақ.

  6. Қолқоюсыз 16 Қыркүйек, 2017 10:29 Жауап

    Қазыбек мызаның айтып отырғаны дұрыс,қазақтың төл дыстары жоғалса латынға көшеміз деп, құрыған жеріміз сонда болады, әдейі Қазақтың тілін жою үшін істеліп жатырма, кім біледі не ойлап табатындарын тағы да.

  7. Қолқоюсыз 16 Қыркүйек, 2017 10:51 Жауап

    төл дыбыстан айырылдым дегенше,тіліңді тістеп,тілім өлді десеңші.сығылысып өлемізбе,
    Ғ әрпімен Ы әрпі кетсе,сығылысу қалай болады.
    koelikte sighilisip suekenip koettesip zhueremizhve?

  8. аноним. 16 Қыркүйек, 2017 10:52 Жауап

    төл дыбыстан айырылдым дегенше,тіліңді тістеп,тілім өлді десеңші.сығылысып өлемізбе,
    Ғ әрпімен Ы әрпі кетсе,сығылысу қалай болады.
    koelikte sighilisip suekenip koettesip zhueremizhve?

  9. Ақылшы 16 Қыркүйек, 2017 17:08 Жауап

    Бəрі тамаша, жақсы бастама, өтеміз, өту керек, байбалам салмаң, өзімізге тəн дыбыстар қалады, қазір қабылданайын деп жатқан жоқ, талқылануда, ортақ шешімі болады, Нұрекең жалтақтамайды, қорықса мұндай бастаманы көтерместе еді ғой, бір жағында ысылдап айдахар, бір жағында ақырып, айбат шегіп аю тұрса да, халқы үшін қызмет қылып отыр, енді бір-біріміздің аяғы-балағынан тартпай ортақ шешімінің жолын іздеу керек,пікірлеріңді, ақылдарыңды жазың,

  10. Назар 17 Қыркүйек, 2017 16:10 Жауап

    Қазақ тілінде дауыстылар жуан мен жіңішке дауысты болып келетіні белгілі. А-жуан, Ә-жіңішке; Ы-жуан, І-жіңішке дауысты деген сияқты. Оны кезінде ұлы Ахмет Байтұрсынұлы жіңішке дыбыстарға жіңішкелік белгісі «дәйекше» қойып-ақ ажыратып берген. Біз де дәл солай мысалы»Ы» дыбысының үстіне қос нүкте қойып,»І» деп оқып, жаза беруімізге болады. Ал, бір дыбысты екі әріппен белгілеп, қойыртпақ жасауға ешқашан болмайды.

    • Гали Серсамалиев, Астрахань 2 Қараша, 2017 15:11 Жауап

      Я рад за переход на латиницу, давно, ещё с советских времен ждал. В свое время, прочитав статью академика А.Кайдарова о новой латинице в газете»Ана тили», я отправил в редакцию газеты свой вариант будущего алфавита. Утвержденный Президентом вариант имеет право жить, но следует использовать апостроф не для обозначения буквы, а для передачи «мягкости» гласных звуков, как это сделал А.Байтурсунов в «тоте жазу», имеется ряд других предложений, но это сделать лучше в отдельной статье.

  11. Қасиет Какенұлы 18 Қыркүйек, 2017 02:26 Жауап

    Қазақтың азаматтары қатты кетпеңдер. Елбасымызға рахмет айтуымыз керек. Өте батыл шешім қабылдап отыр. Біздің ішкі саясатымыз сыртқыдан кем емес. Сондықтан латынға катысты нақты және дәлелді ойларыңыз болса, ойға ой қосыңдар. Ал президенттің атына әбестік сөз айтпағандарыңыз дұрыс. Елбасы айтты: әбден талқыланып, ұсынылған дұрыс жобаны қарап қабылдайтынын ескертті. Ал парламентте ұсынылған жобаны қабылдауға мүлде болмайтындығын айтып жатырмыз. Елбасы осының бәрінен хабардар екеніне сенімдімін.

  12. аноним 19 Қыркүйек, 2017 03:44 Жауап

    зона кзда озбек акыны мухамад салык казах агаиындарма озбектин жолын куып кателесип кетпендер деп акыл кенес берипти кезинде каримовка аиткан едик тындамады казир халкым киналып жатырдеп кириллица жаиында .бишара жаны ашып алжас неге араласпаи жатыр деиди каидан билсин еки аяк еки колын котерип кириллица калса екен деп жургенин алжастын.

  13. Алмат 21 Қыркүйек, 2017 23:08 Жауап

    Латын алфавитке көшу керек. Оның әдістері әр түрлі болу мүмкін. Бірақ осы реформаны ойланып енгізу керек.

  14. Жандос 21 Қыркүйек, 2017 23:10 Жауап

    Үкімет латын алфавитінің тиімді үлгісі жасап шығарды. Менің ойым бойынша, ол кириллицадан жеңілірек. Туркиядан үйренейік.

  15. Бекжан 21 Қыркүйек, 2017 23:16 Жауап

    Латиницаға көшу – өте маңызды қадам. Біздің тіліміздің дамыту үшін, осы реформаны енгізу керек. Біздің жастарға қайтадан үйрену қиын болмайды, сөйтіп ойлаймын.

  16. Гүлназ Жұмагереева 27 Қыркүйек, 2017 02:49 Жауап

    Латынға көшуді қолдаймын. Бірақ әріптің ыңғайсыз нұсқасы қабылданса бүртүрлі: мысалға ң әрпін нг(ng) деп қабылдасақ сөздеріміз дұрыс оқылмайды. Мысалға күңі,күнгі,сәкенге,сәкеңе,ае,ие,уе деп қос әріп деп қабылдасақ сөздеріміз ұзарып кетед. Тілді шұбарлайды.Ү әрпін уе десек әуелгі деген сөзді қалай оқимыз.өңір сөзін oengir деп жазсақ ұзарад. Кейбір профессор c(си)әрпін ш етейік дейд. Calgon,Company,cement сөзі қалай оқимыз.және в әрпін а етейік,j(ж)әрпін і етейік x(икс,кс) ш әрпін етейік,Ә ӘРПІН д етейік дейтіндер бар. Бұңдай сорақыны болдырмау керек. Оқушыларымыз x теңдеуін ш теңдеуі дейміз ба?Өзіміз vdemi яғни әдемі деп оқимыз. Шетелдік вдеми деп оқиды. Кейбір ғалымдар ә әрпін ағылшынның a қолданамыз. Бұл әріп 2 дыбыс білдіреді дейді. Мысалға san деп жазсан сан деп оқисынба немесе сән деппа?. Ноқаты` тұрса’ қазақ тілі техника интернет тілі болмайды.Кейбір елдер ноқатсыз алфавит керектігін түсініп жатыр.Біз болсақ ноқат ноқат дейміз. Ноқат деген жарамсыз нұсқа. Қазақ тілің техника тілі қылғызбайды. Программалауға келмейді құны көк бақыр. Ф әрпін P‘ етеміз дейді. Ғы әрпін F етеміз дейд. Күлкілі. F таңбасын білмейма ф-ны білдіретін. Ә,Ө,Ï,I,Ü,W,Ĝ,Q,Ŋ,Ch,Sh осы нұсқа тиімді ау. Неге десең тілдің тазалығы сақталады. Екінші ноқат,диграф жоқ. Үшінші ноқатсыз сондықтан қазақ тілі техника тіліне айналады.Ал Асхат сөзін Askhat немесе As’hat деп жазамыз. Латында O’clock деп жазадығой. Бұдан қазақ тілі зардап шекпейді.Азербайжандар Ә-ні қалдырды.Немесе ә әрпін ä таңбасына ауыстырамыз.Және ә әрпін аһ, і әрпін yһ,деген нұсқамен келіспеймін. Іңкәр сөзін yhnkahr деп қиындатады.Ф,В,Ч әрпін қалдыру керек неге десең тегімізді,халықарылық терминдерді жазуға керек. Әріптер пернетақтаға сыймайды дегенмен келіспейміз. Казіргі клавитурамызда 42 әріп сыйып тұр. Жапондардың,қытайлардың,армян,грузиндердің әрпі соткыгеде компьютергеде сыйып тұрғой.Вьетнамдықтар латын әрпімен жазады. 26латын әрпі және 60 таңбасы бар латынға негізделген.Ноқатсыз.
    Біз 8-9 таңбаға қиналамыз. Иә,шығын кетеді. Бірақ тіл тазалығы маңызды.Дұрысын қабылдайық. Өзбек әкалар сияқты Бұхараны buxara деп цех дегенді sex деп жазып былыққа батпайық.

  17. Айка 29 Қыркүйек, 2017 14:34 Жауап

    У нас есть возможность внести свои предложения, свои коррективы по этому вопросу. Благо сейчас правительство прислушивается к мнению народа. А так, я только за переход на латиницу

Пікір немесе жауап жазу

15 − 1 =