Азат Перуашев: Төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына мән беру керек

2489
15
Бөлісу:

А.Перуашев: Төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына мән беру керек

Мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру жолында асығуға да, кешігуге де болмайды. Халық қалаулыларының пікірі осындай. Мәжілістің Парламенттік тыңдауында күнтізбедегі басты тақырып бойынша депутаттар баяндамаларын оқып, филологтар мен тарихшылар өз ұсыныстарын білдірді. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Депутат Азат Перуашевтің айтуынша, жаңа әліпби нұсқасына көшу барысында бірінші кезекте төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына баса мән беру керек.

– Түркия тәжірибесіне қарасақ, олар латын қарпіне көшу үрдісін асығып жасағаннан кейін кейбір дыбыстар жоқ болып кетті. 90 жыл болды, кейбір түрік тілді әдемі дыбыстар жоқ. Біздің мақсатымыз – ерекшелігімізді жоғалтпауымыз керек, – деді Азат Перуашев.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 15 пікір жазылған

      • Ауылдан 13 Қыркүйек, 2017 04:23 Жауап

        Я десе я деп жоқ десе жоқ деп бас шұлғып отыра беретін депуттатар емес халықтың талқысына салу керек сонда дұрыс болады. Мысал: Сагадиев осы ұнайды депті ал сол ұнаған нұсқада қателік көп сонда қалай? Сондықтан халық талқылағаны жөн.

    • Тарғын 12 Қыркүйек, 2017 15:51 Жауап

      Көптеген елдердің тәжірибелері сараланаған болар. Бір емес, бірнеше мамандар жұмыс жасап жатыр бұл бағытта.

  1. Дария 12 Қыркүйек, 2017 15:03 Жауап

    Бұл бағытта ғалымдарымыз жұмыс жасады біраз уақыт бойы, сондықтан ондай келеңсіздікке жол бермейміз деп ойлаймын.

    • Адам 13 Қыркүйек, 2017 04:27 Жауап

      Дария келенсіздік шығып жатыр ғалымдарыңыздын біраз талқылаған жұмысынан кім еді ол ғалымдарыңыз?

  2. Қолқоюсыз 12 Қыркүйек, 2017 16:18 Жауап

    дарияш-ау, бізде жөні дұрыс ғалым қалып па еді. енді мұның артында төлқұжатты айтпағанда, баспасөзді, мекемелер іс қағазын, мұрағат, мәдениет, білім-ғылым, көше-қала атауларын , компьютерді латыншаға аудару қалады. қанша қаражат кетеді. айқай-шу бұрынғыдан да көбейе ме деп қорқамыз. қазірдің өзінде крилица мен латыншаға бөлінсек, латынға көшкесін сауатсыздар мен сауаттыларға бөлінеміз-ау. тек айқай сүрең сап айтуға ғана оңай болып тұр бұларға.

  3. Қолқоюсыз 12 Қыркүйек, 2017 17:37 Жауап

    аттанға аттан қосып жүргеннің бірі ғой. мұның қолында тұрған бірдеңе бар дейсің бе.

  4. Ару 12 Қыркүйек, 2017 18:26 Жауап

    мұнысы жөн сөз, төл әріптерімізді сақтай отырып, төл әліпбиде баламыз сауат ашса арман бар ма!

  5. балым 12 Қыркүйек, 2017 18:33 Жауап

    қашаңғы кириллмен жүре береміз, осылай бір серпіліп алып, жаңа екпінмен жаңа дәуірге қадам бассақ қанеки!

    • Қолқоюсыз 12 Қыркүйек, 2017 22:56 Жауап

      арқаңа миллиард қарыздарды арқалап алда,бүгжиіп жаңа қадаммен жаңа дәуірге қалтаңдай бер,алдыға кетесіңбе,артқа тартасыңба,қадымыңды көрсін.

  6. Есауыл 12 Қыркүйек, 2017 22:27 Жауап

    Ей Балым-балымга уксаган Нигматуллин т б осы сиякты алфавит ауыстыргыш наукастар.
    Казактын озыне тан тол дыбыстарынан айрылсак тыл-соз байлыгынын 30-40 процентынен айрыламыз Нигматуллин-Балым
    сияктыларга бары быр .Нигматуллинге алфавит тарихында калса болды ,ал Балымга
    орыстан кутылса болды .Орыс енды бурынгы киянатын жасай алмайды ,олардан коркып кажеты жок кириллицада калу керек .
    Сондагана Казак тылы казыргы калпында аман калады.Орысша сойлеп-жазып журген азияттардын тупкы максаты ,Казак тылын курту : себебы Ана тылын былмейды
    Балым сызге жане сыз сияктыларга айтарым адаспаныздар озымыз мыкты болсак болды,орыстан енды хауып келмейды.
    Ана тылымызбен тылымыздын сынары кириллица алфавитын коргайык.
    Озымызге-озымыз берык болсак бызды ешкандай жау ала алмайды.

Пікір немесе жауап жазу

төрт × 5 =