ЭКСПО аясында елорда емханасына 700-ге жуық турист медициналық көмекке жүгінген

Экспо-2017 көрмесі аясында Астанадағы №2 қалалық емханасына 59 мемлекеттен келген 684 шетелдік қонақ медициналық көмекке жүгінген. Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

№2 қалалық емхананың бас дәрігері Иван Лидің айтуынша, медициналық көмекке жүгінгендер арасында бірінші орында Өзбекстан елінің азаматтары тұр, екінші орында ресейліктер, ал үшінші-төртінші орындарда Түркия мен Қытай елдерінен келген меймандар тұр. Сонымен қатар, медициналық көмекке Қырғызстан мен Үндістан азаматтары да көп жүгінген екен.

"Денсаулығына шағымданған науқастардың географиясы ауқымды болды. Біз алғаш рет Самоа,Гана, Ангола секілді ортаафрикалық елдерден келген пациенттерді кездестірдік. Сонымен бірге, Ұлыбритания, Швейцария, Чехия, Франция, Испания, Италия секілді Еуропа елдерінің тумалары да біздің көмекке жүгінді. Оңтүстік-Шығыс Азияның Корей, Таиланд, Шри-Ланка секілді елдерінен келген туристер де емхана көмегіне мұқтаж болған жайғдайлар бар. Ең маңыздысы, осылардың ішінде 40 адам стационарлың ем қабылдап, олардың көбіне ота жасалды", - дейді Иван Ли.

Емханаға түскен туристердің диагноздары да әрқилы болды. Көбінесе жеңіл буын жарақаттарымен түсті, екінші орында өткір хирургиялық аурулар: аппендицит, холецистит, панкреатит және т.б. Сонымен қатар, шетелдіктердің гинекологиялық, неврологиялық аурулармен де түсуі тіркелген екен.

"Бізде африкалық мемлекеттің бір азаматы емделді, қан түтіктеріне ауыр зақым келген, медициналық тілмен айтқанда, илеофеморальды тромбоз немесе өкпе тамырының тромбоэмболиясы. Біздің емханаға түскесін жағдайын қалпына келтіруге мүмкіндік туды. Көрме аясында елімізге келген қонақтардың үлкен сеніміне ие болдық. Мысалы, кейбір туристер біздің емханада толық медициналық тексерістен өткуге ниет білдіріп жатты", - деді №2 қалалық емхананың бас дәрігері.

Оның сөзінше, халықаралық көрме Қазақстандағы халықаралық медициналық туризмнің дамуына өз үлесін қосты. Мысалы, африка елдерінің бірінен келген бір азаматша елордалық емханада ақылы түрде ота жасаттты. Ота нәтижесі, бағасы мен қызмет көрсету көңілінен шықты.

Талал Ал Ассад Ата, "өткір аппендицитпен" түскен науқас:

"Түнде асқазанымның төменгі жағы қатты ауырғасын, ұйықтай алмадым. Біздің компания клиникасының дәрігеріне шағымдандым. Ол мені бірден №2 қалалық емханаға жолдады. Ота жасады. Өзімді жақсы сезінудемін. Дәрігерлерге рахмет!".

Атап өтейік, №2 қалалық емхана Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен ЭКСПО-2017 қонақтарына қызмет көрсеткен емхана болып бекітілген болатын.