Өнеркәсіптік өнімнің көлемі өсті...

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысында 439,1 млрд. теңгенің өнеркәсіптік өнімі шығарылғандығын мәлімдеді. «Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясаттың арқасында облыстың гүлденуіне бар жағдай жасалған, халықтың әл-ауқаты жақсарып, алға қойған барлық міндеттер жүзеге асырылып келеді. Экономиканың нақты секторында биыл да оң өзгерістер байқалуда», – дейді Ұ.Сәдібеков. Облыс әкімінің орынбасары келтірген деректерге сәйкес, 2017 жылдың алғашқы 7 айының қорытындысы бойынша, өнеркәсіптік өнім көлемі 439,1 млрд. теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 100,3%-ға өскен. 2015-2019 жылдарға арналған индустрияландыру картасының екінші бесжылдығы аясында жалпы сомасы 47,1 млрд. теңгені құрайтын 47 жоба іске асырылып, 1650 жаңа жұмыс орны ашылды. Ал биылғы жылы 1,7 млрд теңге болатын 3 жоба жүзеге асырылпты. Жыл соңына дейін өнеркәсіп өнімі көлемін 850 млрд. теңгеге жеткізіп, 2,1 %-ға дейін өсіру жоспарланып отыр. qazaquni.kz