Көптің қызығушылығын туғызған киіз үй

Шымкенттік шебердің қолынан шыққан ерекше туынды, атап айтқанда жылжымалы киіз үй көпшіліктің қызығушылығын туғызды. Он саусағынан өнер тамған Еркінбек Бөкенбаев жасаған дөңгелекті киіз үйдің аты «Қазақ арбасы» деп аталады. Осынау инновациялық жобаны жасауға шебер 6 ай уақытын жұмсапты. Қажетті бөлшектерін шетелден алдыртса, үйдің ішіне жарық күннен алынатын қуатпен жетеді екен. «Мен киіз үйге жаңа технологияны ендіріп, заманауи үлгіде жасауға тырыстым. Оның сәулеті мен ішіндегі тазалығы барлығы да алдын ала ескерілген. Біздің ұлттық құндылығымыз да көрсетілген. Қазір бұл киіз үйге қызығушылар көбейіп отыр», – дейді шебер Еркінбек Бөкенбаев. Өнертапқыш киіз үйдің қолынан шыққан үшінші туындысы. Бұған дейін ол жеміс-жидек пен көкөніс сатуға арналған жылжымалы дүңгіршек жасап шығарыпты. qazaquni.kz