Айбек Нұғымаров «Әлем Барысы» атанды

Фото: Абзал Қалиев
Астанада өткен қазақ күресінен «Әлем Барысы» абсолютті чемпионатында Айбек Нұғымаров жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Айбек финалда дзюдодан Еуропа чемпионымен белдесті. Ол қарсыласын жамбасқа лақтырып, таза жеңіспен ұтты. Осылайша 2014 жылы өткен «Әлем Барысының» финалисі биылғы чемпионатта алтын белбеуге ие болды. Ал күміс белбеуді Айбекке ғана есе жіберген грузин Гурман Тушишвили жеңіп алды. Моңғолия қазағы Серік Бердімұратұлынан басым түскен қазақ балуаны Ержан Шынкеев қола жүлдегер атанды.

Алтын белбеу иегері Айбек Нұғымаровқа 15 млн теңге табысталды. Ал күміс жүлдегерге 5 млн теңге, қола белбеу иесі 3 млн теңгеге ие болды.