Мьянма билігінің мұсылмандарды қырып салуына не себеп болды? - сарапшы пікірі

Картинки по запросу рохинджа

Мьянмадағы рохинджа мұсылмандары мен үкіметтік күштер арасындағы бұрын да орын алған шиеленіс тағы да қайталанды. Оқиға болған жерлерде түсіріліп, қаза тапқан адамдар, өртенген үйлер мен мешіттер, сонымен бірге, қаптаған босқындар бейнеленген фотосуреттер мен видеолар әлемді дүр сілкіндіруде.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, соңғы апталарда 400-ден астам адам қаза тапты және 50 мыңнан астам адам өз баспаналарын тастауға мәжбүр болған. БҰҰ хабарлағандай, тамыздың 25-31 аралығында ғана 27 мың адам, олардың басым көпшілігі әйелдер мен балалар, Мьянма үкіметінің жазалау операциясынан қашып Бангладеш мемлекетінің шекарасын кесіп өткен. Еске сала кетейік, ресми мәлімет бойынша, шиеленіс рахинджа жауынгерлері Ракхайн штатында орналасқан бірнеше полиция бекеттері мен әскери казармаларға шабуыл жасағаннан кейін басталған.

ӘЭСИ сыртқы саясат бойынша сарапшысы Жұмабек Сарабеков Tengrinews.kz тілшісіне рохинджа мұсылмандары мен жергілікті халық арасындағы текетірестің себептері туралы баяндап, Мьянманың батыс жағалауында тұрып жатқан этникалық азшылыққа қатысты Нобель сыйлығының иегері және 2016 жылдың көктемінен бастап Мьянманы басқарған Аун Сан Су Чжидің ұстанымына бағасын берді, сонымен қатар, бұл тығырықтан шығу жолдарына қатысты өз пікірін білдірді.

Атап өту керек, Мьянма – бұл Қытай, Лаос, Таиланд, Үндістан және Бангладеш секілді мемлекеттермен шекараласатын Оңтүстік-Шығыс Азиядағы мемлекет. Ондағы халық саны шамамен 55 миллионды құрайды. Мьянма тұрғындарының басым көпшілігі буддизмді ұстанады. Өздерін «рохинджалар» деп атайтын мұсылмандар мұнда көршілес Бангладештен ауып, Ракхайн (Аракан) штатында қоныстанған.

- Мьянмадағы жергілікті тұрғындар мен рохинджа-мұсылмандары арасындағы шиеленістің негізгі себептері қандай?

- Бұл шиеленістің тамыры тым тереңде. Ракхайн штатында (ескі атауы Аракан - ред) қыспаққа ұшыраған рохинджалар тұрып жатыр. Мьянма үкіметі рохинджаларды Бангладештен келген босқындар санап, оларды өз азаматтары қатарына жатқызбайды. Сонымен бірге, жергілікті тұрғындар оларды мүлдем мемлекеттен қууды талап етуде.

Бұл өз кезегінде рохинджа этникалық тобын қатты кемсітушілікке жол беріп отыр, олардың ең төменгі әлеуметтік қызметтерге қолжетімділігін шектеген. Өз тараптарынан рохинджалар қарсылық танытып, орталық саясатына келіспеушіліктерін білдіруде, осының барлығы үкіметпен қақтығыстардың орын алуына әкеп соғуда.

Мысалы, 2012 жылы ең ірі шиеленіс орын алған болатын, ол кездегі этнодіни қақтығыста Араканның бірнеше жүздеген мұсылмандары қаза тапқан еді. Оған қоса 120 мыңы өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Мұсылмандардың баспаналары мен мешіттері қиратылып, өртелген. Соңғы реет 2016 жылдың желтоқсан айында екі тарап арасында қақтығыс орын алған еді, ол да дәл осылай халықаралық реакция тудырды, алайда, Мьянма үкіметінің саясаты одан еш өзгере қойған жоқ.

- Қазір бұл текетірес үлкен ауқымда жүріп жатыр деп айтуға негіз бар ма?

- Әрине. БҰҰ мәліметі бойынша, рохинджа ауылдарындағы өрт ауықымы 2012 жылмен салыстырғанда бес есе ұлғайған. Сәйкесінше халықаралық реакция да белсенді түрде көрініп жатыр.

Мьянмадағы оқиғаларға қазақстандықтар да үн қатты. Адамдар белсенді түрде әлеуметтік желіде жаңалықтармен бөлісіп, БҰҰ-ға арнайы петицияға қол жинауға да шықырып жатыр. Бүгінгі таңда Түркия мен Шешенстан президенттері Мьянмадағы оқиғаларға өз алаңдаушылықтарын білдірді.

- Неге рохинджалардың тағдырына әлемнің назары енді ғана ауды, оларды қудалау 1948-ші жылы мемлекеттері тәуелсіздік алғаннан бастап әлі жалғасып келеді ғой?

- Бұл жерде бірнеше жайт бар. Біріншіден, дағдарыс ауқымдылығы едәуір ұлғайды. Зорлық-зомбылық деңгейі өсіп келеді. Бұған дейін атап өткендей, қаза тапқандар саны 400 адамнан асты, 50 мыңнан астам мұсылман өз үйлерінен кетуге мәжбүр болды. Рохинджалар пана іздеп бет алған Бангладеш болса өз жерлеріне босқындарды кіргізе алмауы да жағдайды ушықтырып отыр. Гуманитарлық көмек жеткізуде де үлкен кедергілер бар, себебі, Мьянма үкіметі қауіпсіздік шараларына сілтеп көмек көзін жеткізуге тосқауыл қоюда. Осы жайттардың барлығы гуманитарлық дағдарысты одан сайын күшейтіп, әлемдік қауымдастық тарапынан алаңдаушылық турдыруда.

Екіншіден, бүгінгі таңда адам құқығы мәселесі халықаралық БАҚта ауқымды түрде насихатталып келеді. Бұл жаһандық тренд.

Үшіншіден, Мьянма мемлекетінің өзі ауыс-түйістер үстінде. Осы уақытқа дейін елді әскерилер басқарған еді, алайда одан кейін әскерилер Аун Сан Су Чжи басқаратын оппозициямен бітімге келіп, келісім жасасты. Қазір Мьянма мейлінше ашық мемлекет болуға ұмтылуда. Сәйкесінше, бұл мемлекетте орын алып жатқан процестер халықаралық деңгейде баяндалып жатыр.

- 2016 жылдан бастап елдегі билікке көп жылдар бойы әскери хунтаға қарсы тұрып, демократиялық құндылықтар жолындағы әділ күрескер ретінде танылған, «Мьянманың мемлекеттік кеңесшісі» атты ерекше мәртебесі бар Аун Сан Су Чжи келді. Аун Сан Су Чжи рохинджаларға қатысты репрессиялы саясатты қалдыруды шешті деген қорытынды жасауға бола ма?

- Өкінішке орай, Аун Сан Су Чжи басқаратын Мьянма демократтары рохинджаларға қатысты жағдайды тұрақтандырып, зорлық-зомбылықты тоқтата алмады. Дегенмен, рохинджаларға азаматтық беріледі деген сенім болған еді.

Өткен жылдың соңында, кезекті шиеленіс эскалациясы орын алған кезде, Аун Сан Су Чжи ұстанымын оның сөзінен байқауға болған еді: "адам құқығы бұзылмайтын бір мемлекетті көрсетіңіздерші». Мьянма билігі бұл мемлекеттің ішкі мәселесі деген ұстанымда. Ол кезде, Мьянмадағы оқиғаларға жауап ретінде, Кофи Аннан басқарғам БҰҰ комиссиясы құрылып, мемлекеттік батыс бөлігінде адам құқығының өрескел бұзылу фактілері тіркелгені анықталған еді. Алайда, бұл да Мьянма саясатының өзгеруіне алып келмеді.

- Алайда Аун Сан Су Чжи өз кезегінде Нобель сыйлығының иегері атанған болатын…

- Ия, бірақ ол Нобель сыйлығын адам құқығын белсенді түрде қорғаушы ретінде емес, оппозициялық саясаткер ретінде алды. Сондықтан, әлемдік қауымдастықтың үмітін ақтамады деп те айтуға болмайды. Аун Сан Су Чжи бүгінгі таңда Мьянманың бүкіл саясатын айқындамайды. Ол бәрібір сол әскерилердің талаптарын ескеруге міндетті, сол себепті, менің ойымша, оның түрлі айла-шаралар жасауға мүмкінді де аз секілді. Ол мемлекет атынан сөйлейтін шенеунік. Ол бір жағынан Нобель сыйлығының лауреаты образына сай болуы керек, енді бір жағынан өз үкіметінің мүддесін де ескеру қажет. Дегенмен, Нобель сыйлығының иегері деген атақ сөзсіз оған бұл шиеленісті тоқтату жолында белгілі бір міндеттемелерді жүктейді.

- Бұл шиеленістен шығар жол бар ма?

- Бар, әрине. Бұл жол Мьянма билігінің инклюзивті саясат жүргізуіне кеп тіреледі және азшылық ұлтқа барлық азаматтық құқықтарды беру керек. Рохинджа мұсылмандары қоғамға интеграциялану керек, алдарында тұрған барлық мүмкіндікті жүзеге асыру керек. Оған қоса штата әлеуметтік-экономикалық жағдайды да жасау қажет.

Алайда, әр тарап «менікі дұрыс» деген ұстанымда. Екі тараптан да зорлық-зомбылыққа жол берілуде. Сөз жоқ, рохинджа азшылық ұлт болып табылады, ал Мьянма билігінің үлкен әскери әлеуеті бар. Екі тараптың күштерін салыстыруға болмайды. Рохинджалардың да әрекетін жоққа шығаруға болмас.

- Қазіргі жағдай қандай? Қалай ойлайсыз, алдағы уақытта жағдай қалай өрбиді?

- Мьянма билігі рохинджаларды өз азаматтары ретінде қабылдауға құлықсыз. Бұл этникалық сипаттағы шиеленіске ұласуда, оны тоқтату да оңай болмайды. Өткен жылдардың ізі де әлі суымады, ол кездері де аз қан төгілмеп еді. Жыл өткен сайын тараптардың келісімге келу мүмкіндігі азайып барады. Бұл ұзаққа созылатын текетірес болады деп ойлаймын. Өкінішке орай, бұл соңғы эскалация емес. Болашақта да шиеленістер болатыны, өкінішті.

Бұл жағдайға әсер ете алатын негізгі факторы ол халықаралық реакция. БҰҰ әрекеті Мьянма билігінің саясатына әсер етуі ықтимал. Жалпы алғанда, қазір халықаралық қауымдастық тарапынан байқалып отырған реакцияның өз әсері болмақ. Эскалация бара-бара басылады. Қазірдің өзінде көптеген мұсылман және батыс мемлекеттері операцияларды тоқтатуға шақырып жатыр. Жақын арада мұның бәрі тоқтатылады деп үміттенемін.

Мақала "Қазақ үні" ұлттық порталының редакциясымен қазақ тіліне аударылған. Мақаланың қазақша нұсқасын көшіріп басу үшін "Қазақ үні" ұлттық порталына гиперсілтеме беруіңіз шарт!