Расул Жұмалы: Үнділер Астанада неге құтырды?

Картинки по запросу беспорядки в астане

Саудияда 500 мың, Әмірліктерде 400 мың үнді жұмыс істейді. Сондағысы әлгілердің біреуі де жергілікті азаматтардың орнын алмаған - тек олар келіспеген қара жұмыс түрлеріне тартылған. Алайда соңғы оқиғалар желісінде әлде-қайда маңыздысы - араб елдеріндегі үнділер өз орнын біледі, қарсы шықпақ түгілі дүкенге араб кірсе, оған шеттеп жол береді. Неліктен? Сыпайы болғагнан ғана емес шығар. Жергілікті билік, заң орындары кімнің кім екенін әу баста миларына қадап басқанынан. Ендеше арабтарда ауыз ашуға дәрменсіз, жергілікті азамат көзіне тіке қарауға дәті бармас үнді Астанада неге құтырды? Сайып келгенде бұл шетелдіктің олқылығы ма әлде соған жағдай туғызған қабылдаушы ел шенділерінің ісі ме? Ойланарлық.

Расул Жұмалы, Фейсбук парақшасынан