Көш бастаған "Қазақ үнін" тәулігіне 50 мыңға жуық адам оқиды

«Қазақ үні» ұлттық порталы Зеро рейтингінде қазақ тілді ақпарат құралдарының ішінде көш бастап, қазақ, орыс тілдеріндегі 8078 сайттың ішінде 12-орынға тұрақтады. Сайттың қолданушылары тәулігіне 50 мыңға жуық адамды құрайды.

Портал редакциясы әр оқырманның пікірін ескере отырып, алдағы уақытта да ұлтық мүддені ұлықтап, мемлекеттік мүддені қорғап, рухани құндылықтарымыз бен нағыз қазақтық діл мен тіл, дәстүрлі дін бағытындағы жұмысын күшейтіп, әділдік үшін күресе береді.

«Қазақ үні» ұлттық порталы – Қазақстандағы үздік интернет сайт байқауының жеңімпазы!