Шығыс Қазақстанда әкім жол апатынан қаза тапты

Картинки по запросу дтп

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында Ақбұлақ ауылдық округтің әкімі жол-көлік оқиғасы салдарынан көз жұмды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының Жұмылдыру дайындығы басқармасының баспасөз қызметінен хабарлайды.

31 тамыз күні таңертең сағат 8:30 шамасында Қалжыр - Күршім тас жолы аралығында 1959 жылғы азамат «Ауди» көлігін жүргізіп келе жатып, көлігімен жол шетіне аударылып қалған.

Жол-көлігі оқиғасы салдарынан жүргізуші қайтыс болды.

Қаза тапқан 58 жастағы ер адам Күршім ауданының Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған.