Бердібек Сапарбаев: Егер білім саласында тамыр-таныстық болса, онда біткеніміз

Бөлісу:

Бүгін Шығармашылық академиясында білім беру саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Жиында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев білім саласындағы тамыр-таныстықты жою керектігін айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Физика-математика бағытындағы 100 орындық мектеп-интернатының құрылысы жүріп жатыр. Ол жерде тек қала балалары оқымауы керек, ауылдың балалары да білім алуы керек. Халықтың жартысы ауылда тұрады. Мемлекет басшысының берген тапсырмасы бар. Ауыл мен қала баласының білімдері бірдей болуы керек. Байқау өткізу қажеттігі жөнінде білім басқармасына айтқан едім. Ол жерге балалар тамыр-таныстық арқылы бармау керек. Егер білім саласында тамыр-таныстық болса, онда біткеніміз, болашағымыз болмайды. Білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет саласында тамыр-таныстық болмау керек», — деді Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ, облыс әкімі Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебі мен өзге білім ордалары арасында дұрыс байланыс жоқтығын алға тартты.

«Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибесін, мүмкіндігін дұрыс пайдаланбаймыз. Бұл мектепті құрудың мақсаты да сол — тәжірибесін басқа мектептерге тарату. Тек соны ұйымдастыра білу керек», — деді ол.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 21 пікір жазылған

  1. Маңғыстаулық 29 Тамыз, 2017 15:26 Жауап

    Күлкімді келтірмеші мектепте сауатсыз апайлар толып жүр қайта зауыштар директор солардың сабағын көбеитеді ал сауаты бар апайлардың сабағы аз мысалы біздің ауданда мұнайлы ауданында шетінен ақша берген сауатсыз апайлардың сабағы көп біздің білім саласы давно біткен өтірік білмеген сияқты болмаңдаршы

  2. М.Шындәулет 30 Тамыз, 2017 01:05 Жауап

    Бекең қайда жүргенін ұмытып қалды-ау деймін. Біздің ауылдың бәрі Ақтөбе мен Оралдың оқу орындарына құжат тапсырады да, бір бармастан, екі-үш жылдан кейін барып диплом алып қайтып жатыр. Аманшылық болса 10-15 жылдан кейін сол ,,жемістерді,, жеуге ,,тістерің,, өтпей отырады әлі. Ал Сапарбаев мырза Ақтөбеге басқа планетадан емес, ұмытпасам Шығыс Қазақстан жақтан барған сияқты еді ғой. Тек кісіні ұнататыным, әнебір аудан әкімінің үйінің тоғын қидырғанымен, қытайлық компанияның баспасөз хатшысына қазақша сөйлеткені.

  3. Шырын 30 Тамыз, 2017 02:24 Жауап

    Нағыз пара білім саласында.Бір кездері облыс əкімінің орынбасарының қатысуымен бірнеше айқай жиналыста түсіп қалған білімсіз-біліксіз директор 4-5 жылдан соң,акшаның арқасында əуелі-депутат,содан соң қайтып директор боп отыр.Оны жоғарғыдағылар қолдап-қолпаштап отырса,ертеңіміз не болмақ.

  4. бейтаныс 30 Тамыз, 2017 06:47 Жауап

    Ха ха біткелі қашан,жоғарыда отырып түк білмейсіңдер,жай оқушылардың олимпиясының өзі ақшаға сатылады басқсын айтсам басымдағы шашымнанда көп…

  5. Талғат 30 Тамыз, 2017 17:36 Жауап

    Ел басы,өкімет басындағылар-пікірлерге қараңыздаршы.Жұмыстарыңызға қандай басқа бағалау керек енді?

  6. Баукең 30 Тамыз, 2017 18:34 Жауап

    Ақтөбедегі ОПТ-тағы Ауылшаруашылық колледжінің директоры университетті қызыл дипломмен бітіріп жұмыс сұрап барған маманға бойың кішкентай екен деп жұмысқа алмаған.Білім саласының ойға емес бойға қарайтынын көргенде бітпеген нең қалды деп ойлайсың.

  7. Алжығандар мен Алаяқтарға 30 Тамыз, 2017 20:55 Жауап

    Негізі, бұл Сапарбаевтың крышасы кеткен, немесе алаяқ афёрист. Болмаса, елдің шаруасы шалқайғанын көрмейтін көзі соқыр ма, әлде шырылдаған халықтың зарын естімейтін құлағы керең бе?
    Мемлекетімізде қай саланы алсаң да, қайда қарасаң да бәрі өтірік пен жалғандық.
    Тек Хабар 24 пен QAZAQCTAN-да ғана бәрі чики-чики.

      • Қолқоюсыз 2 Қыркүйек, 2017 21:09 Жауап

        Е,олардың өздерінің ұпайлары түгел,бала-шаға,үрім-бұтағына дейін,қамшы ұстатып,билікке орналастырып қойған.шегірткелеріне дейін геленвагенге отырады,шет елде оқиды.шахмат сияқты сен менің баламды,бауырымды,ал мен сенікін майлы жұмысқа тұрғызамын деп дәурендері жүріп-ақ тұр.оларға халық деген тек сайлау науқаны кезінде ғана керек,жылмаңдап,болыс болдым,мінеки,-болу үшін.әгәрәки,президенттің тізімімен өтіп кетсе,вообщем керегі жоқ сол сұрай беретін,жылай беретін көпшіліктің.

  8. астаналық 31 Тамыз, 2017 10:27 Жауап

    Ия, Бердібек мырза аспаннан түскен сияқты … Әділіне келсек әкімдердің ішіндегі есі дұрыстауы осы кісі …. Сенген қойым сен болсаң …. Білім саласы жемқорлық жайлаған қоғамның бір бөлігі … Жемқорлықтың оқуы білім ордаларынан бастау алып жатыр…

    • Қолқоюсыз 2 Қыркүйек, 2017 21:26 Жауап

      Баяғыда,40-50 жыл бұрын деп қояйық,орыс мектебінің директоры қызын алтын медальға бітіртіп,ОБХС-тің қатаң кезі,соғыс ардагері болса да,орнынан ұшып кеткен.ол уақта,бір жылма,бірнеше жылда ма,бірен-саран медалист шығатын,Артекке баратын.ал қазіргі заманда бәрі шетінен вундеркинд болып кеткендей,шетінен медалист.қоғам тану деген пәнді талдап оқып,ұзын-сонар жарты беттік сөйлемдерін Брежнев атамыз ғұсап,мүдірмей айтып беретұғынбыз.

  9. аидын 1 Қыркүйек, 2017 14:44 Жауап

    осы кисинин умытып еситпеи калатын ауруы жокпекен ско да 91мын гк жердин кытаилыктарга сатылганынан хабары жок боп шыккан еди.

Пікір немесе жауап жазу

төрт × екі =