Астаналық хоккейшілер «Синегорья» кубогында топ жарды

Көкшетау қаласында Қазақстан полиция­сының 25 жылдығына орай шайбалы хоккейден жарыс өтті. «Бурабай» спорт сарайында «Синегорья» кубогы сарапқа салынған турнирге Астана, Теміртау, Петропавл және Көкшетау қалаларынан келген командалар қатысып, бақ сынады. Айта кетейік, «Номад», «Теміртау» және «Арлан» хоккей командалары өткен маусымда жүлдегер атанған болатын. Бұл жолы финалдық ойында «Арлан» хоккейшілерін айқын басымдықпен жеңген астаналық «Номад» командасы турнир жеңімпазы атанды. Ал, екінші орын «Арлан», жүлделі үшінші орынға «Теміртау» командасы лайық деп танылды. Турнир жеңімпаздары мен үздік ойыншы­ларға Ақмола облыстық ІІД басшылығы тарапынан бағалы сыйлықтар мен дипломдар тапсырылды. qazaquni.kz