Төрт адамды көлігімен қағып, біреуін өлтірген "бай баласы" жазадан құтылып кетті

Шымкентте 4 бірдей жұмысшыны көлігімен қағып, біреуін өлтірген "бай баласы" жазадан құтылып кетті

Шымкентте жол бойында жөндеу жұмыстарымен айналысып жүрген 4 жұмысшыны көлігімен қағып, өзі оқиға орнынан қашып кеткен жас азамат ақыры түрмеге жабылмайтын болды. Сот оған рахымшылық танытып, жазадан босатты деп жазады sn.kz.

Еске салайық, қайғылы жол көлік оқиғасы осыдан бір жыл бұрын таңғы алтылар шамасында орын алған болатын. Қозғалыстың аз кезін пайдаланып жөндеу жұмыстарын жүргізіп жүрген 4 жұмысшыны BMW көлігі аса жоғары жылдамдықпен келіп қағып, көліктің өзі қазылған шұңқыр ішіне аударылып түскен еді. Салдарынан жарақат алған жас жігіт оқиға орнында қайтыс болса, үш жұмысшы ауруханаға жеткізілді. Ал, апат болған жерден көлігін тастап қашып кеткен 21 жастағы Исмайыл Сүлейменге халықаралық іздеу жариланды. Өйткені, ол сол күні-ақ шетел асып кеткен екен.

Портал тілшілерінің мәліметінше, арада біраз уақыт өткеннен кейін И.Сүлеймен полицияға өзі келіп, қылмысын мойындапты. Айтуынша, ол жол бойындағы жөндеу жұмыстарын көрмей қалған-мыс. Осыған сенген сот болса жас жігітті түрмеге жабудың қажеті жоқ деп шешіп, оны рахымшылықпен босатқан.