Қуат Хамитов: Қазақстанда футболға тыйым салу керек

Картинки по запросу қуат найман

Қалың жұртшылыққа «Найман» деген лақап атпен танымал, аралас жекпе-жек өнерінің майталманы Қуат Хамитов футболға тыйым салу керектігі туралы  айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Қуат Хамитов Instagram әлеуметтік желісінде жазған болатын.

«Мен әрдайым Қазақстандағы футболға тыйым салу керектігін айтып келемін! Бұған кетіп жатқан қаражат ..., одан да палуандарға, боксшыларға беріңіздер, олардың жүрегінде ар-намыс пен мақтаныш бар! Олар елі үшін  қан төгіп жүріп, өз қаражатын шығарып, туды көтереді. 90 минут  ақымақтарға ұқсап жүгіріп, миллиондаған ақша алады! Бұл қаражатқа ауылдарда спорт кешендерін салса, нағыз чемпиондар шығар еді! Ал бұлар өз алаңында, америкалық футбол сияқты өз елінде ойнап жүре берсін. Қазақтар соғысқан, доптың артынан жүгірмеген! Ашығып өліп жатқан Африканың өзі біздің футболшыларымыздың жасап жатқанынан да жақсы өнер көрсетеді! Спортшы тоқ болса, өмірі жайлы болса, одан нәтиже шықпайды! Чемпион болу үшін кедей сияқты өмір сүріп, жетістікке ерік-жігерің көп болуы тиіс! Сол кезде ғана нәтиже шығады! Шешім жасаңыздар!», - деді Қуат.