Қазақша сұхбат берген қызметкерді «Нацист» деп атаған тілшіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

6920
21
Бөлісу:

Маусым айында Ақтөбе облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясының бас инспекторы Фархад Досмұратовтың РИКА телеарнасына орысша сұхбат беруден бас тартуы әлеуметтік желіде қызу талқыланды.

Caravan.kz медиа-порталының тілшісі ел арасында дүмпу туғызған Фархадтың кейінгі тағдырын анықтап көрді.

Еске салсақ, тілге қатысты дау Ақтөбеде Әлия Молдағұлова ескерткішінің алдында өткен арнайы шара кезінде болған.

Бұл оқиғадан бері бірнеше ай өтті. Орысша сұхбат беруден бас тартқан Фархад Досмұратов қазір бұрынғы жұмысында істеп жатыр екен. Сол жағдайдан кейін ешқандай қысым көрмегенін, жұмыста қудалауға ұшырамағынын айтады.

– Оқиға болған соң прокуратурадан, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агентіктен хабарласты. Олар даудың қалай басталып, қалай өрбігенін сұрады. Мен оларға мемлекеттік қызметкер емес, азаматтық қызметкер екендігімді айттым. Тіпті әкімшілік қызметкері болсаң да қай тілде сөйлейтініңді өзің білесің ғой. Орысшаға өздері аударып алмай ма? Бастысы мен мемлекеттік тілде сұхбат бердім. Ал жалпы ешқандай қысым көрсету болған жоқ, деді Фархад Досмұратов.

Фархадтың айтуынша, даудың басталуына тілшінің өзі түрткі болған.

– Негізі қыздың өзі бастап кетті. Қазақша, орысша сұхат беріңіз деп алып шықты да артынан орысша айтыңыз деп тұр. Сосын мен орысша сұхбат бермеймін дедім. Сосын «нацистсіз ба?» деп қайталай берді, дейді бас инспектор.

РИКА тілшісі Ляззат Сақиеваның «нацистсіз ба» деген сөзі өзінің бейнесюжетінде де анық естіледі.

Қазір Ақтөбедегі алты қоғамдық бірлестік аталған телеарнаға қатысты полицияға арыз жазып шағымданған. Яғни РИКА телеарнасының тілшісі Ләззат Сәқиеваның Ақтөбе облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекцияның бас инспекторы Фархад Досмұратовты эфирден «нацист» деп атағанына наразы. Бұл бойынша қылмыстық іс қозғалыпты.

Бірақ Фархаттың жеке өз басы ешкімді сотқа беруді ойламапты.

– Сотқа беру негізі ойымда болған жоқ. Тек сол күні Прокуратураға ҰҚК-ға, министрікке хат жаздым. Қоғамдық қорлар өздері сотқа беріп жатыр ғой қазір. Ал жеке өз басым сотқа берейін деген жоқпын. Ол да адам ғой. Қателік болған шығар. Ал негізі дұрыстап сұраса орысша айтар едім ғой, деді Фархад мырза.

Рика телеарнасының басшылары да, тілші де Фархад Досмұратовтың өзінен әлі кешірім сұрамапты. Тек телеарна басшылары Фархад Досмұратв жұмыс істейтін мекеменің басшыларына және облыстық әкімшіліктегі басқармаға хабарласып, кешірім сұраған және сотқа бермеу жөнінде өтініш айтқан көрінеді.

Мемлекеттік тілде сөйлеген адамды НАЦИСТ деп жала жапқан тілші жауап беруі тиіс!

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 21 пікір жазылған

  1. Айару 17 Тамыз, 2017 12:37 Жауап

    Кудайым ай, орысша казакша дегендиде дауга айналдырып.Акырын берсин АЛЛА.

  2. Самат 17 Тамыз, 2017 13:54 Жауап

    Айару баленин бари содан басталады оте орынды сауап болган ол кызга енди байкап соилендер орыс тилди ангудиктер

  3. Ауылдан 17 Тамыз, 2017 18:12 Жауап

    Қазақ тілін қыспаққа алуды қашан қояды екен рика сияқты телеараналар, бұларды тырп еткізбейтін бір заң керек уақыты келді

  4. Қазақ 17 Тамыз, 2017 19:31 Жауап

    Қазақ тілін қор қылған әттең қазағым-ай. Фархад мырза жарайсың. Сіз сияқты ұлтына жаны ашитын азаматтар көп болса екен деп тілеймін. Қазақ тіліне араша болу – өз ұлтыңның тағдырына араша болу деген сөз. Сондықтан қазақ тілін білмесең де затың қазақ болса міндетті түрде қазақ тіліе үйрен

  5. Гүлнар 17 Тамыз, 2017 20:42 Жауап

    Рика телеарнасының басшысы қазақ болмағандықтан ,тілшілері өз қимылына ерік беріп,ойланбастан сөйлеген.

    • Қолқоюсыз 18 Тамыз, 2017 08:56 Жауап

      Дұрыс айтасыз. Журналист те жұмысынан айырылғысы келмейді ғой. Басшысы орысшасында жаз деген шығар

  6. Кызыр-Бек 17 Тамыз, 2017 21:25 Жауап

    Кордыныздерме:бырден (истерика) наци ар
    жагында фашистсын деп айткысы келып тур.
    Ана журик (катынды айтамын)казак халкынын адамдарын казак тылынде сухбат
    берсе наци деп абден бурышка тыгып уйренып алган.Конбесе жанагы жагдайды
    букыл Расеяга жаяды Ол жактан орыстар
    шыгады.Барымызге белгылы быз Расеядан
    коркамыз,тыпты бутымызга жыберып коямыз
    осы аталган кемшылыгымыз бар екены шынгой.Казакстандагы баска улттар соны
    жаксы Былып алган осы жагына басып келып
    жыбереды,быз бутымызды сулай саламыз
    Фархад осы катып калган догманы бузды .
    Азамат екен.

  7. Қолқоюсыз 18 Тамыз, 2017 06:51 Жауап

    Е е е,бұттан алып,бұтқа салып дегендей,тілімізде,жазуымызда,әгәрәки,ләтынға өтіп жатса,дүмбілез бе,дүбәра ма,не дейді,аралас,қойыртпақ бір тілмен жазып,бір сөзден екі қате,бір сөйлемнен бес қате деп,партаға қайта отырамызба?..rahymet.

  8. Қолқоюсыз 18 Тамыз, 2017 07:33 Жауап

    Дұрыс айтады. ҚР президенті «Біз орыс тілінен кетейін деп отырған жоқпыз. Кирилиция орыс тілділер үшін қалады» деді. Алдымен елге ұят келтірмей өз қазақша жазуын, сөйлеу мәдениетін («журик» «қатын» «расеяга») түзеп алсын. Фархат шынында азамат. Оның қасында «ақыл» айтатын бұлар кім !

  9. Кызыр-Бек 18 Тамыз, 2017 08:58 Жауап

    Кол коюсызга ,менде казакша шрифттер жок
    Кирилийцамен баскадай жаза алмайсыын.Казакша оте жаксы былемын
    Ал сенын телефон дисплейынде мынезын бар.
    екен. Азамат!!!

  10. Қолқоюсыз 18 Тамыз, 2017 22:55 Жауап

    Россияны Расея деп журналистерди журик депте айтыпта жазада береди .

  11. Жанбота 21 Тамыз, 2017 10:22 Жауап

    Дұрыс. неге Қазақ елінде екі қазак кездессе орысша сөйлейді? менде бала бақшадан бастан универ битиргенше орыс тілде сөйлем, оқып жүрдім. Алайда, жұмысымды қазақ тілде жүргізіп, қазақ тілдің мәртебесін көрсетіге асығамын. Орыс тілі азаматтары қазақ тілде сөйлеуде, сөйлеу алмасы түсінеді. Масқара болмай өз тілімізді менгеріп алайық

  12. Боран 21 Тамыз, 2017 14:51 Жауап

    Болашақта Орыс тілін ООНдағы Халық аралық 6 тілдің құрамынан алып тастаиды Себебі Орыс тілі Халық аралық тіл статусна саи емес Фнкциясына Сол үшін Орыс тілді Кремль шовенистері Лаң көтеруде Орыс тілінің аясын кеңеиту үшін Қазір Орыс тілі Ресей мен Оның ЕАЭС аясындағы сателиттерінен басқа Еш ел сөилемеиді

  13. Қолқоюсыз 23 Тамыз, 2017 02:45 Жауап

    Қазақша екі сөйлемді төрт қатемен жазатындар ақыл айтып жатыр. Жұлдыз Әбділда.

  14. Қазақпын 29 Тамыз, 2017 20:20 Жауап

    сонда кім нацист болып тұр журналист білімдар оқуы бар адам өзін өзі келеке қылып тұрғаны ма

Пікір немесе жауап жазу