МИЫ УЛАНҒАН ЕРКЕКТЕР КӨБЕЙГЕН САЙЫН ЖЕЗӨКШЕЛЕР ДЕ КӨБЕЙЕДІ!

МИЫ УЛАНҒАН ЕРКЕКТЕР КӨБЕЙГЕН САЙЫН ЖЕЗӨКШЕЛЕРДЕ КӨБЕЙЕДІ!

Бекболат Тілеухан ағам жезөкше қаншықтармен күреске шығыпты ғой! Дұрыс аға бірге күресейік! Бастамасын сəлəфит бауырларыңыздан құрбан болып жатқан (талақ) "мұсылман жезөкшелері" нен бастайық. Өзіңіз мақтан тұтып жүрген араб бауырларыңыздың қолына жұмысқа барып, құжатсыз қалып жезөкшелікке жегіліп жатқан қаракөз қыздарымыздан бастайық. Оған кешегі Бахрейнге жұмысқа кеткен қызын таба алмай отырған ананың жан айқайы дəлел. Кейбір інілеріңіз көшедегі ашық жезөкшелерден мазақ қылып сұқбат алуға құмар. Ал сіз айқайлап жүрмін дейсіз! Айқайлап оларға қаншық деп тілдегеннен не пайда, оның түп тамыры шығу тегімен күреспеген соң. Еліміздің экономикасы мен əлеуметтік жағдайымызды жақсарту керек əйелдер көше араламас үшін. Ал бізде қалай қəзір кейбір ер азаматтар тек тілмен сайрап азаннан кешке дейін уағыз айтқандарына ұста. Қай ағымның етегінде кеткенін білмейтін еркектер, қыздардың етегіне қайдан ие болсын? Миы уланған зомбиланған еркектер көбейген сайын жезөкшелерде көбейеді. Сол үшін аға ең бірінші адасқан ағымдармен бірге күресейік! Айгүл Орынбек, заңгер

matritca.kz