Екі баласы бар келіншек ЕСЕНТАЕВАның кітабын оқып, күйеуімен ажырасуға бел буған

Картинки по запросу баян есентаева книга

Баян Есентаеваның автобиографиялық кітабы қазір елдің қызу талқысында. Қанша сынап-мінесе де, жұрт Есентаеваның кітабын таласа-тармаса алып жатыр. 20 мың данамен шығарылған кітап дүкен сөрелерінде бітіп барады деседі. «Тапқанымды қайырымдылыққа жұмсаймын» деген продюсер үшін бұл қуанышты жаңалық. Алайда қыз тәрбиелеп отырған аналар «перзентім Мақсатқызынан үлгі алмаса екен» деп алаңдап отыр.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Алаңдауға негіз жоқ емес. Мәселен, екі баласы бар келіншек танымал продюсердің кітабымен танысып шыққаннан кейін күйеуіне деген көзқарасының өзгергенін байқап, онымен ажырасуға бел буыпты. Бұл туралы келіншектің анасы танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызына айтып берген.

Дәулетбекқызы Facebook-тегі парақшасына бейтаныс әйелден келген хатты жариялады.

«Атышулы Баянның кітабына жазылған рецензиялар парақшасында талқыланып, «қазіргі сәтпен өмір сүру керек» деп жастарға кеңес беріп жатыр. Айтайын дегенім қызым 30-дан асқан, күйеуде, екі баласы бар. Жақында: «Мама, күйеуім екеуміз екі түрліміз», – деп звондап тұр. Күйеуімен ұрысып, үйге келгісі кеп… Ұрсып тастадым: «Әкең екеуміз де екі түрліміз. Өмірге деген көзқарасымыз екі түрлі, әртүрлі фильмдер көреміз, бірақ 30 жылдан асты, тұрып жатырмыз ғой», – деп. Содан бері қызым маған қырғи-қабақ. Ал енді мархабат, ажырасулар басталады одан бетер. Соны бүгін түсіндім, сол кітаптың әсері, бұны талқыламаса болмайды, Бибігүл», – деп жазады Ханым есімді желі қолданушысы.

20258407_1599705236768377_4399454115413215524_n