Жоғары оқу орындарына түскісі келетіндерге арналған дұға жарияланды

1457
3
Бөлісу:

Өзбекстан мұсылмандарының діни басқармасы ресми сайтында жоғары оқу орнына түскісі келетін талапкерлерге арналған үш дұғаны жариялаған, – деп хабарлайды centralasian.org.

Басқарманың баспасөз қызметі «бұл дұғалар талапкерлер мен оның туыстарын сабырлылыққа шақырып, сенімдерін нығайтады» деп хабарлайды.

Бірінші дұға емтиханды сәтті тапсыруға арналған. «Алла, қинама, жеңілдет. Бұл істі берекелі аяқтауға көмектес» делінген дұғада.

Екінші дұға талапкерлердің біліктілігін көтеруге арналған екен: «Алла, менің жүрегімді аш. Менің ісімді жеңілдет. Менің тілімді түсіну үшін, менің тілімде түйінді шеш».

Бірақ мұсылмандардың діни басқармасы талапкерлерге тек ғана дұғаға сүйенуге болмайтынын, ең алдымен емтиханға мұқият дайындалу керектігін ескертеді.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 3 пікір жазылған

  1. Гүлназ 13 Тамыз, 2017 16:09 Жауап

    Жалпы, діндегі дұға адамды сабырлыққа шақыратыны аян. Сондықтан білім алумен қатар, дұға-тілекте жүрсеңіз, айыңыз оңынан туатыны анық.

  2. Нұрай 13 Тамыз, 2017 16:11 Жауап

    Көп жақсылық діннен келеді. Олай болса, «Бір Аллаға сыйынып, кел балалар, оқылық» деген Ыбырай бабамыздың сөзін ұмытпайық!

Пікір немесе жауап жазу

он жеті + 5 =