Жоғарғы сот судьясы Рақымбеков Тіл туралы Заңды білмей ме?

1780
7
Бөлісу:

Похожее изображение

Елiмiзде iстердiң көбi орыс тiлiнде жүргiзiлiп, сот отырыстарының да орысша өтетiні жасырын емес. Baq.kz тiлшiсiнiң «сот процестерi нелiктен қазақ тiлiнде өтпейдi?» деген сұрағына Жоғарғы сот судьясы Ербол Рақымбеков «сот процесiнiң қазақ немесе орыс тiлiнде өтуi сотқа iстiң қай тiлде түсуiне байланысты» деп орысша жауап бердi.

«Сот процесiнiң қазақ немесе орыс тiлдерiнде өтуi сотқа iстiң қай тiлде түсуiне байланысты. Iс қай тiлде түссе, сол тiлде қаралып, процесс жүргiзiледi. Сотқа дейiнгi өндiрiс кезеңiнде, яғни сотқа дейiнгi тергеудiң басында сот өндiрiсiнiң тiлi таңдалады. Тiл процеске қатысушылардың пiкiрi мен өтiнiштерiнiң негiзiнде таңдалады. Осыдан кейiн iс соңында тараптар таңдаған тiлде айыптау актiсi рәсiмделедi. Сәйкесiнше, сотта iс толығымен сол тiлде жүргiзiледi. Сот өндiрiсiнiң тiлiн өзгертуге ешкiмнiң құқығы жоқ. Егер сотқа дейiнгi өндiрiс барысында тiл өзгертiлсе, бұл барлық iстi қайта қарауға және қайтаруға негiз бола алады», – дедi судья республика судьяларының кеңейтiлген кеңесiнiң алдында берген сұқбатында.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 7 пікір жазылған

  1. Қолқоюсыз 21 Шілде, 2017 18:03 Жауап

    Айтым жатырмын ғой …, Ондай шенеуніктер қазақша сөйлесе жәй казак болады, ал орысша сөйлесе высший-крутой казақ болады. Ертең вдруг Ресейге кіріп кетсек, бас киімдерін ауыстырып жүре беретін Елімізде Қазақтар көп. Қазақтың Мәңгілік Ел болу өте қиын. Қазір осы біздің егемендігімізге Шешен елі жете алмай отыр, 5-10 жылдың ішінде Шешен деген елді танымай қалатын едік.

  2. М 23 Шілде, 2017 16:33 Жауап

    Мәңгүрттер ғой, көсемдері Алжас! Олар Мәңгүртстан (Борат солардың өкілі) құрғалы жүр

  3. Айка 26 Шілде, 2017 22:39 Жауап

    А разве мы не сами выбираем язык на котором будет проходить дело. В моем случае было так

  4. Жазира 27 Шілде, 2017 17:12 Жауап

    Бұл кітап жазу немесе басқа дүние емес, дұрыс болмаса қайта жаза салатын. Адамның тағдыры шешілетін жер ғой. Сондықтан бəріне түсінікті болу үшін сотқа қатысушылар таңдаған тілде жүргізілгені дұрыс қой

  5. Берік 1 Тамыз, 2017 11:54 Жауап

    Сот жүйесі мен заң талаптары, нормативті құқықтық актілері қазақ тілінде болу керек. Заң бойынша екі тілде болу міндет, сондықтан заң бұзушылық соттың өзінде болып тұр.

  6. Мақпал 13 Тамыз, 2017 15:42 Жауап

    Ақыл ой иесі болғандықтан, Алла әркімге сана берсін. Тілге, жерге, ұлтқа деген құрметті әркім өзінен бастап, өз отбасында кірпіші қаланып, одан ары дамыту керек. Қазір орысша сөйлеу сәнде де емес. Олай сөйлесеңіз, өзіңіз ұятқа қалатыныңы анық.

  7. Сандуғаш 13 Тамыз, 2017 15:45 Жауап

    Ана тілінсіз ешқандай ұлт пен ұрпақтың бағы жанып, бәс бәйгені алмасы анық. Сол себептен қазақ тілі – әркім үшін бірінші орында тұрып, ұлт болмысын биіктету үшін атсалысу қажет.

Пікір немесе жауап жазу

4 × төрт =