Ленинді жер қойнына қашан тапсырады?

Ленинді жер қойнына қашан тапсырады?

Ресей Думасының депутаттары Владимир Ленинді жерлеу туралы ұсынысты қарастыруда, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Ресей Думасында ЛДПР фракциясы депутаттарының ұсынуы бойынша Ленинді жерлеу туралы ұсыныс қарастырылып жатыр. РИАНовости агентігінің жеткізуінше, Ресей халқының көп бөлігі «күн көсемді» жер қойнына тапсыру керек деп ойлайды екен.

Дума депутаттары: «Тек Ленинді ғана емес, өзге де тарихи тұлғаларды жерлеу керек. РФ басшылығы қаулы шығарып, жерлеу күнін бекіту керек», - дейді өз ұсыныстарында.

Сонымен қатар, Ленин мовзолейін қайта жөндеуге беру керек дегенде ұсыныс қаратылып жатыр.