ШҚО-да үстіне шатыр құлап кеткен тыл ардагері қайтыс болды

ШҚО-да дауыл кезінде үстіне шатыр құлап кеткен 82 жастағы Шериаздан Исанов қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ол ауыр жарақат алып, жансақтау бөлімінде жатқан еді.  Шериаздан Исановтың өлімі жайлы туыстары естіртті.

«Ата дүниеден өтті, кеше жүрегі шыдамады», — деді қарияның немересі Әзиз.

Қалалық аурухананың өкілдері науқастың өлімін растады. Дәрігерлердің айтуынша, ауыр жағдайда жатқан тыл ардагері кешкі 22.00-де қайтыс болған. Оның сынған жері көп болған және кеудесі тілінген. Марқұмның туыстары бұл оқиғада кімнің кінәлі екенін анықтауға ниетті.